Педагогикалық факультет



Pdf көрінісі
бет38/55
Дата17.05.2023
өлшемі0.52 Mb.
#473851
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55
Психотерапия негіздері.

4. «Сократтық диалог».Бұл тəсілдің міндеті – клиентті бірлестікке тарту жəне оның сана 
аймағын кеңейту.»Сократтық диалог» - жүру барысында клиенттің ретсіз, қарсылықты 
жəне дəлелсіз талқылаулары түзетілетін психолог пен клиент арасындағы интеллектуалды 


жекпе-жек.Бірте-бірте психолог клиентті жоспарланған тұжырымға əкеледі.Бұл үрдістің 
негізінде тəсілдің ядросын құраушы логикалық дəлел жатыр.Əңгімелесу барысында 
психологсұрақтарды клиент максималды саны бойынша жағымды жауап беретіндей 
құрастырады.Осылай, клиент бұрын қабылданбаған, түсініксіз немесе белгісіз болған 
талқылауларды қабылдауға келеді. 
№ 14 дəріс 
Тақырып: Психотерапиялық жұмыстардың мақсат-міндеттері, негізгі 
принциптері. 
Дəріс мазмұны: 
1. Психотерапиялық жұмыстың принциптері. 
2. Диагностика мен коррекция бірлігі принципі. 
3. Дамудың қалыптылығы принципі. 
4. «Жоғарыдан төменге қарай» принципі. 
5. «Төменнен жоғары қарай» принципі. 
6. Психикалық іс-əрекеттің даму жүйелілігі принципі. 
7. Түзетудің іс-əрекеттік принципі. 
1. Диагностика мен коррекция бірлігі принципі практикалық психолог іс-əрекетінің 
негізгі түрі ретінде психологиялық көмек көрсету үрдісінің тұтастығын көрсетеді. 
Д.Б.Эльконин, И.В.Дубровина еңбектерінде кең қаралған бұл принцип барлық түзету 
жұмыстарының негізін қалаушы брлып табылады, өйткені түзету жұмысының 90% 
нəтижелілігі жүргізілген диагностикалық жұмыстардың тереңдігіне, нақтылығына жəе 
кешенділігіне тəуелді. 
Аталған принцип екі аспектіде жүзеге асады: 
Біріншіден, түзету жұмысы жүзеге асар алдында нақты кешенді диагностикалық 
зерттеу кезеңдері өту керек, осылардың негізінде алғашқы қорытынды жасалып, түзету-
дамыту жұмыстарының мақсат-міндеттері құрылады. Нəтижелі түзету жұмысы алдын ала 
жүргізілген нақты психологиялық тексерудің негізінде құрылады. Сонымен қатар, «ең 
дəл, терең диагностикалық мəлімет алдын ала жүйелі жоспарланған психологиялық-
педагогикалық түзету шаралары болмаса мəнсіз болып табылады» (Д.Б.Эльконин, 1989). 
Екіншіден, 
Психологтың 
түзету-дамыту 
іс-əрекетінің 
жүзеге 
асуы 
түзету 
жұмысындағы тұлға, мінез-құлықтық жəне іс-əрекет өзгерістерінің динамикасын
клиенттің эмоционалды жағдайы, оның сезімдері мен уайымдарының динамикасын үнемі 
бақылауды талап етеді. Мұндай бақылау бағдарламаның міндеттеріне қажет түзетулерді 
енгізуге, клиентке психологиялық əсер ету құралдары мен əдістерін дер кезінде 
толықтыруға жəне өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен, түзетудің тиімділігін бақылау 
динамикасының барысы, өз кезегінде түзету жұмысының тұтас үрдістерін жарып 
шығатын жəне психологқа қажет ақпараттар мен кері байланысты еретін диагностикалық 
шаралардың жүзеге асуы талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет