3. Үндістандағы тарихи сана. Өзінің тарихына мән бермеген елдің бірі – Үндістан. Мәдниетінің, әсіресе көне мәдениетінің тереңдігіне, алуандығына қарамай үнді ұлыстарының, Үндістан елін мекендеген көне тайпалардың тарихы жөнінде мәлімет өте аз. Бұл жөнінде біз Инд өзенінің аңғарын мекендеген Мохенджено – Даро және Хараппы мәдениеті деп аталатын археологиялық ескерткіштерінен біраз мәлімет аламыз.
Б.з.д. 3 мыңжылдықтың аяғында Үнді тайпалары мәдениеттің жоғарғы деңгейіне жеткен. Қола мен мыстан, тастан жасалған қару–жарақтары, екі–үш қабатты күйдірген кірпіштен салған ғимараттары осы күнге дейін адамзатты таңқалдырады. Нақ осы заманда олар жазуды үйренген. Көне үнді әліпбиінде 400–ге жақын пиктографтар мен буындық белгілер бар. Мұны өздері веды деп атайды.
Барлық ежелгі шығыс деректерінің ішінен Көне шарт кітабының орны ерекше. Себебі оларда мемлекеттік институттар мен жалпы қоғамдық ойлар эволюциясының толық сипаттамасы берілген. Кітап авторы Исайи, Вавилонды жаулап алынуының куәгері болған. Иосиф Флавийдың пікірі бойынша, кітап авторына «Цилинд Кира» және оған ұқсас вавилон жазбалары таныс болды. Автор Кирды Яхве құдайының өзіне теңгерген адам ретінде қарастырады.
Греция, Рим, Қытай елдеріне қарағанда Үндістан елінде тарихнамалық дәстүр орнаған жоқ. Эпикалық шығармашылық, ауызша аңыздар үлкен рөл атқарды. Ланкада ғана жаңа эра басында буддийстік хроникалар құрастырылған болатын, бірақ олардың авторлары аңыздардан басқа үнді тарихы жөнінде ештеңе айта алмады. Санскрит шығармаларының ескерткіштерінде тарихи сананың жоқтығы көзге түседі. Үндістан ежелден келе жатқан ауқымды әдебиет пен қасиетті тілін сақтап келді. Ол санскрит деп аталады. Мәтіннің аударылымы және интепретациясы мәселелері бірінші орында тұрды. Сақталған қолжазбалар кейінгі уақытпен белгіленіп, мәтіннің тарихи реконструкциясы күрделі мәселеге айналады. Санскритологияның негізгі проблемаларының бірі – түсіндіру болып табылады. Үндістанда зерттеудің негізгі объектісі тарихтың өзі болмай, мәдениеті болды. Мәдениеттің өзі деректердің ерекшеліктеріне байланысты, хронологиясыз зерттеліп келді.
Достарыңызбен бөлісу: |