Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет14/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Авестада адамзат тарихы 1200 жылға созылатындығы айтылады. Ал­ғаш­­қы 3000 жылын «алтын ғасыр» деп атады. Осы кезде әлем суықты да, ыс­тық­та да, өлім мен дертті, кәрілік дегендерді білмеген. Малдың көптігінен жер­дің беті көрінбеген. Бұл әлемді жаратушы – Ахурамазда билігі кезеңі еді. Со­дан «алтын ғасыр» белесі біткен соң, Ариман аштық, дерт пен өлімді өмір­ге әкелді. Бірақ, әлемге Зороастра пайғамбар руынан шыққан құтқарушы ке­ліп, жақсылық жа­мандықты жеңіп, әлемде шынайы патшалық жайғасады.
«Ветхи–завет» («Көне шарт») кітабының адамзат мәдениеті та­ри­хында ор­ны жоғары. Мұнда алғашқы рет қоғамдық мораль мен мем­ле­кет­тік инсти­ту­т­тың эволюциясы баяндалған. Шамасы, автор сол кездегі Иран басқыншы­ла­рының әрекеттерін өз көзімен көрген болуы керек. Өйткені, кітаптың мәтін­інде бізге осыған дейінгі белгілі Дарий пат­ша­ның Вавилонды жаулау саясаты көрініс тапқан. Біздің эрамыздың ал­ғашқы ғасырында өмір сүрген нәсілі еврей, кітап­тың авторы Дарийды да, оның баласы Кирды да құдайдың жіберген адамы ретінде көрсетеді.


2. Қытайдағы тарихи сананың ерекшеліктері.
Тарихы бай ел – Қытай елі. Әсіресе, жаңа дәуірде Қытай елі дүниежүзі тарихшыларын қызықтырды. Синология деп аталатын ғылым пайда болды. Қытай өз тари­­хын тасқа басып, сү­йекке өрнектеп, қағазға жазып қалдырған ел. Біздің эрамызға дейінгі ХІІІ–ІХ ғасырларда Шаң–Ин қоғамында сүйекке жазу дәстүрі пайда болды.
Келесі қадам деп батыс Чжоу қола ыдыстарындағы инскрип­ция­лар­ды (б.з.д. ХІІ/ХІ–VІІІ ғғ.) есептеуге болады. Оларда Чжоу билеуші үйі ие­сінің іс­те­­рі­не ерекше назар аударылған. Мұнда чжоулықтардың про­то­тарихи ой­лау деп атауға болатын, уақыт пен ұрпақ арасында байланысты ұғынуы анық көрінеді.
Қолда бар жазбаша шығармалардың ең көнесі «Шан шу» («Өткен туралы жазбалар») және «Шицзин» («Әндер мен әнұрандар кітабы»), олардың ең ежел­гілері б.з.д. VІІІ ғасырға, мүмкін одан да ертерек мерзіммен белгіленеді.
Тарихты ұғынып зерттеуді Кун–Цзының есімімен байланыстыру ке­рек, ол Батыста латын тіліне бейімделген Конфуций (б.з.д. 551–479 жж.) деген ат­пен бел­гілі болды. Ол ұлы ойшыл, мемлекет қайраткері, ұстаз, этиканың біл­гірі, Қытайда және кейбір көрші елдерде бүгінгі күнге дейін жеткен фило­со­фия­лық ағым­ның негізін қалаушы. Ұстаздың өзі немесе оның шәкірттері жазған «Чунь–цю» («Көктемдер және күз­дер») хрони­касындағы және «Лунь юй» («Әңгі­мелесулер және тол­ғам­дар») филосо­фия­­лық трактатындағы мәлі­мет­тер Кон­фуций еңбегінің нә­ти­жесі болып табылады. Оның идеялары мен көз­қарас­тарының әсерімен жа­зылған шығар­малар «Цзо чжуани» (Цзо Цю­мин мырза­ның хро­ни­ка­сы), «Мэн–цзы» («Мэн Кэ ұстаздың трактаты»; шама­мен бз.д. 372–289 жж.), «Сюн–цзы» («Сюнь Куан ұстаздың трактаты»; б.з.д. 325–238 жж.) жә­не т.б.
Конфуцийдың концепциясын дамытқан Мэн–цзы «Қоғамды адам­гер­­­шілік негізінде басқаруды» жақтады, халық – мемлекеттің негізі деп есеп­теп, билеу­шіден жоғары қойды және өзінің «Тарихи айналым» де­ген тео­рия­сын жасады. Ол бойынша әр 500 жыл сайын елде тәртіп ор­на­татын на­ғыз билеуші пайда бо­лады. Конфуцийдің Қытайды қы­тай­лық­тардың өздерінің зерттеуіне қосқан ең зор үлесі білімді ортада өз елі­не және оның тарихына терең қыз­ы­ғу­­шылық пен құрмет сезімін туғызуы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет