Кудама ибн Джафар Абу–ль–Фараджөмір сүрген уақыты белгісіз. Араб филологі және географы. Пошта бастығы қызметін атқарған. «Харадже және хатшының өнері» туралы кітаптың авторы. Шамасы 928 жылдың ар жақ бер жағында жазылған. Бізге дейін кітаптың тек екінші томы жеткен. Кітапта Араб халифаты құрамына кіретін елдер жөнінде мол мәлімет бар. Сонымен қатар оғыз, қимақ, қарлық, бұлғыр тайпалары туралы да жазылады. Бір құндылығы кітаптағы «Әлем картасында» түркі тайпаларының мекендеген жерлері көрсетіледі.
Араб тарихи әдебиеттерінің ішіндегі орны бөлек щығарма Ибн ал–Факихтың «Китаб ахбар ал–булдан» (Елдер туралы әңгімелер кітабі). Автордың өзі жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Бәрімізге белгілі араб әдебиетінің анықтамасы іспетті. Ибн ан–Надимнің «Фихрист» кітабында оның есімі Ахмад екендігі және оның әдебиет пен өнердің білгірі екендігі айтылады.
Ол кездегі дәстүр бойынша кез келген автор өз шығармасын бастамас бұрын өзіне дейін жазылған еңбектерге шолу жасайды. Мұнда да ал–Джахиз, Ибн Хордадбех, ал–Джейхани еңбектеріне тоқталады. Кітап шамамен 903 жылдар шамасында жазылған. Онда Шығыс Еуропа мен Азияның көптеген елдері туралы мәліметтер бар. Әсіресе бізді қызықтыратыны түркі тайпалары жөніндегі деректер.
Х ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген парсы елінің энциклопедист–ғалымы Ибн Русте «ал–А’лак ан–нафиса» деп аталатын бірнеше томдық кітап жазды. Бүгінгі күнге жеткені астрномия және география жөніндегі жетінші томы. Еңбек Британ мұражайынан қолжазба күйінде табылды. Орыс шығыстанушы ғалымы профессор Хвольсон бұл еңбекті орыс тіліне «Известия о Хазарах Буртасах, Болгарах, Мадьярах, Славянах и Руссах Ибн–Дасты» (СПб.,1869). Деген атпен аударды. Ол оның толық та дұрыс аты Ибн Даста екендігін анықтады. Кейін Голландия ғалымы Де Гуе өзінің «Библиотеки арабских географов» (BGA) (1892) атты еңбегінде аталған еңбектің толық нұсқасын кіргізді. Әлбетте, кітап иран елінің тарихы жөнінде. Бірақ онда славян, рус, булгар, хазар, алан тағы басқа түркі тайпалары туралы да деректер бар.
Х ғсырда араб географиялық ғылымы өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы уақыттағы көрнекті ғалым әрі саяхатшы, Иран елінің тумасы Ибрагим ибн Мұхаммед Абу Исхак аль–Фариси аль–Истахри (шамамен 850–934) 943–965 жылдары араб тілінде «Ауа–райы кітабы», «Мемлекеттер арасындағы жолдар» («Китаб масалик аль–мамалик»). Бұл кітаптар басқа да ғалымдардың еңбектеріне игі әсер етті.»). Кітапта Арабстан, Парсы теңізі, Магриб, Мысыр, Сирия, Рум теңіздері, Ирак, Индия, Иран, Хазар теңізі, Армения, Әзербайжан, Хорасан және Мәуереннахр елдерінің сипаттамасы берілген. Әрбір елдің шекарасы, қалалары, мемлекеттер арасындағы қашықтық, әр елдегі азық–түлік бағасы, сауда, қолөнер сяқты мәселелерге көңіл аударады. Бізге қажеттіде мәліметтер бар. Мысалы хазар, буртас, рус, бұлғыр және түркі тайпаларының мекендеген жерлері туралы мәліметтер.
Достарыңызбен бөлісу: |