Ибн–Хаукаль (Абдул–Касим–Мухамед) – аль–Истахри кітабын толықтырып қайта жазып шықты. Ол араб саяхатшысы X ғасырда Бағдат қаласында туған, 30 жылдан аса әртүрлі елдерде саяхат жасаған.
Оғыз, қарлық, қимақ, қырғыз, тогуз–огуз, хазарлар жөнінде мәліметтер бар. Ұлы жібек жолын және де басқа сауда–керуен жолдарының сипаттамасын береді. Исфиджаб, Тараз, Сауран, Суткент, Фараб, Кедер, Шаухартағы да басқа қалалар жөнінде жазады. Каспий, Арал теңіздері, Итиль және Сырдария өзендері туралы да мәліметтер бар. Каспий теңізінің оң жақ жағалауында болып, ол жерге Киев князі Святослав талқандаған Хазар қағандығының қашқындарымен тілдесуге мүмкіндігі болады. Осы жерде ол словян, хазар тайпалары және Еділ бұлғарлары туралы дерек жинады. Қосымша ретінде «Сурат ал– ард» («Жердің келбеті») географиялық карта берілген. М. де Гуе (1873) және Крамерс (1988–39) басып шығарған.
Х ғасырда қазақ даласы арқылы арабтың екі жиһангезі өтті. Оның бірі – Ибн Фадлана. Оның өмірбаяны жөнінде бізде нақты мәлімет жоқ. 921 жылы Бағдаттан Араб халифатының бірнеше адамнан тұратын елшілік Еділ бойындағы бұлғырлар еліне жол тартты. Елшіліктің негізгі мақсаты хазарларға қарсы араб–бұлғыр одағын құру. Қосымша мақсаты Еділ бойында ислм дінін тарататын орталық жасау еді. Маусым айында шыққан елшілік Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бухара, одан әрі Хорезм, Үстірт және Жайық арқылы келесі жылы мамыр айында Еділге жетті. Осы саяхатты қағазға түсіріп отырған Ибн Фадлана болды. Бағдатқа қайта оралғаннан кейін ол «Жазба» (Рисала) деп аталатын кітап жазды. Мұнда, әрине, хазарлар жөнінде мол мәлімет бар. Сонымен қатар бүгінгі қазақ елінің батыс өңірін мекендеген тайпалар, башқұрттар, әсіресе, оғыздардың мекендеген жері, әлеуметтік–рухани жағдайы, шаруашылығы, этнографиялық еркшеліктері жөнінде жазылады.
Екіншісі Бухара әмірі Екінші Насрдың 942 жылы Қытайға жіберген елшісі Абу Дулаф. Бұл да саяхат барысында көрген–білгенін қағазға түсіріп, «Жазба» (Рисала) кітабында оғыз, қимақ, қарлық, джиклі тайпалары туралы құнды дерек беретін шығарма жазды.
Х ғасырдағы араб тарихнамасының көрнекті өкілі ал–Масуди. Толық аты–жөні Абу–ль–Хасан Али ибн аль–Хусейн аль–Масу́ди 896 жылы Бағдадта туған, – 956 жылдың қыркүйек айында Фустат, қаласында (қазіргі Каир) қайтыс болған. Заманының ірі тарихшысы. Ол сол замандағы барлық геграфиялық және тарихи шығармаларды жинастырып, толықтырып бір жүйеге келтірген. Өзінің энциклопедиялық еңбегі үшін «Арабтың Геродоты» атанған. Ибн Халдун оны «Тарихтың имамы» деп атайды.
Басқа да араб тарихшылары сияқты ал–Масуди көптеген өңірлерді аралайды. Деректерге қарағанда ол Аббасид халифатының барлық провинцияларын, Индияны, Кавказды, Каспий теңізінің жағалауларын Сирияны, Аравины, Мысырды аралаған. Кейбір ғалымдар ол Қытайда, Занзибарда, Шри–Ланкада тіпті Мадагаскарда да болған деседі. Ол өзінің кітаптарында Киев Русі мен Хазария жөнінде де мәліметтер береді. «Уақыт тарихы» (Ахбар аз–заман) еңбегі 30 томнан тұрған дейді. Бір өкініштісі бізге дейін толық жетпеген. Уақыт тезінен өтіп, бүгінгі күнге жеткені «Мурудж аззахаб ва ма’адин ал–джава «Алтын кеніштері және бағалы тастар» кітабы. Өлер алдында жазған Китаб ат–танбих вал–ишраф (Ескертулермен бақылағандарым).
Достарыңызбен бөлісу: |