Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет37/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

«Алтын кеніштері» 132 бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде әлем­нің жаралғаны және «Көне өсиет» тарихы баяндалады. Одан әрі Ин­дия, Эллада және Римнің қоғамдық–саяси құрылысы, халқының әдет–ғұ­рып­тары, мәдение­ті, елдің ауа–райы, қалаларындағы храмдар сөз болады. Кі­таптың біраз бөлігі дін тақырыбына арналған. Онда ин­дуи­зм, зо­роас­т­ризм, иу­даизм, христиан және ислам жөнінде әңгіме қоз­ғалады. Византия туралы айтылғанда олармен көрші­лес славян тай­па­лары, рустардың Хазар теңізіне жорығы, Еділ, Дон өзендері, Азов және Кас­пий теңіздері, қимақ, оғыз, қарлық, барсхан, токуз–гуз, тайпа­лары жөнінде құнды ақпараттар бар.­­
Кітаптың екінші бөлімінде онша қажетті материалдар жоқ. Автор ан­ти­ка ғалымдарының еңбектерінде кездесетін деректерді қайталайды. Ат–Табари сияқты араб жазушыларында кездесетін Мұхаммед пай­ғам­бардың және араб халифтерінің өмірбаяны келтіріледі. Аль–Масудидің шығарма­ларын­да кейбір тарихи уақиғалар толық баяндалады. Дерек ре­тінде өзіне дейінгі шығармалар мен аңыз–әңгімелер жиі пайдаланады. Өкініштісі бас­қа да араб авторлары сяқты деректерд талдау, оларға сын көзімен қарау жоқ­тың қасы.
Араб тарихнамасына сүбелі үлес қосқан тарихшылардың бірі Әбу Шама аль–Макдиси. Толық аты–жөніӘбу Шама аль–Макдиси Ших абуд­дин Әбуль–Қасым Әбдіррахман ибн Исмаил аль–Макдиси. 1203 жы­­лы Дамаск қаласында туған. Белгісіз себептермен 1267 жылы кісі қо­лы­нан қаза болған. Негізгі шығармасы «Китаб ар–Раудатайн фи ахбар ад–даулатайн ан–нурийа ва–с–салахийа», «Екі әулеттің хабар­ла­ры тура­лы екі бақ кітабы»», Нур ад–Дин Махмуджәне Салах ад–Дин­нің билік құр­ған дәуіріне арналған. Шығыстанушы ғалымдардың ай­туы­на қарағанда оның еңбектері басқа авторлардан көшірілген. Бірақ оның құндылығы сол ол көшірген шығармалар бүгінгі күнге дейін жетпеген.
Қазақ жерін мекендеген түркі тілдес тайпалар жөніндегі мәліметтер ХІ ғасырда өмір сүрген испан–араб ойшылы және географы Исхака ибн ал–Хусайн еңбектерінде кездеседі. Оның «Груды жемчугов с опи­са­нием знамени­тых городов в любом месте», Андалусияда жазған ең­бе­гі біздер үшін үлкен дерек. Ондағы ақпараттар Гардизи (ХI ғ.), әл–Би­ру­ни (ХI ғ.) және әл–Марвази (ХII ғ.) еңбектеріндегі мәліметтерді қай­талайды. Деген­мен қимақтар жөніндегі деректері өте қызғылықты.
Ортағасырдағы Қазақстан тарихы үшін Шараф аз–замана Тахирал–Марвази (ХІI ғ.) «Природные свойства животных» (Табаи ал–хайаван) атты еңбегі де өте құнды. Сельджукид Меликшахтың сара­йын­да (1072–1092) дәрі­гер­­лік қызмет атқарған. Оның шығармасында да түр­кі тайпала­ры­ның тарихи этнографиясы жөнінде таптырмайтын мәлі­меттер бар. Әсі­ресе Ұлы халықтар көші заманындағы тайпалардың қо­ныс­тануы жөнін­де­гі ақпараттары өте құнды. Русстар туралы көзқарасы бүгінгі күннің саяса­ты­мен де қабысып жатыр. Олардың ата кәсібі көрші елдерді жаулау, егер олардың жылқысы болса адамзатқа үлкен қауып төндірген болар еді деп жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет