Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет36/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Ибн–Хаукаль (Абдул–Касим–Мухамед) – аль–Истахри кітабын то­лық­­­ты­рып қайта жазып шықты. Ол араб саяхатшысы X ғасырда Бағдат қа­ла­сында туған, 30 жылдан аса әртүрлі елдерде саяхат жасаған.
Оғыз, қарлық, қимақ, қырғыз, тогуз–огуз, хазарлар жөнінде мәлімет­тер бар. Ұлы жібек жолын және де басқа сауда–керуен жолдарының си­пат­тамасын береді. Исфиджаб, Тараз, Сауран, Суткент, Фараб, Кедер, Шау­хар­­­тағы да басқа қалалар жөнінде жазады. Каспий, Арал теңіздері, Итиль және Сырдария өзен­дері туралы да мәліметтер бар. Каспий теңі­зі­­­нің оң жақ жағалауында болып, ол жерге Киев князі Святослав тал­қандаған Хазар қағандығының қаш­қын­­дары­мен тілдесуге мүмкіндігі болады. Осы жерде ол словян, хазар тайпалары және Еділ бұлғарлары ту­ра­лы дерек жинады. Қосымша ретінде «Сурат ал– ард» («Жер­дің келбе­ті») географиялық карта берілген. М. де Гуе (1873) және Крамерс (1988–39) басып шығарған.
Х ғасырда қазақ даласы арқылы арабтың екі жиһангезі өтті. Оның бірі – Ибн Фадлана. Оның өмірбаяны жөнінде бізде нақты мәлімет жоқ. 921 жылы Бағдаттан Араб халифатының бірнеше адамнан тұратын елшілік Еділ бойын­дағы бұлғырлар еліне жол тартты. Елшіліктің негізгі мақсаты ха­зар­ларға қарсы араб–бұлғыр одағын құру. Қосымша мақсаты Еділ бо­йында ислм дінін тара­татын орталық жасау еді. Маусым айында шыққан ел­шілік Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бухара, одан әрі Хорезм, Үстірт және Жайық арқылы келесі жылы мамыр айында Еділге жетті. Осы сая­хат­ты қағазға түсіріп отырған Ибн Фадлана болды. Бағдатқа қайта орал­ғаннан кейін ол «Жазба» (Рисала) деп аталатын кітап жазды. Мұнда, әри­не, хазарлар жөнінде мол мәлімет бар. Сонымен қатар бүгінгі қазақ елінің ба­тыс өңірін мекендеген тайпалар, башқұрт­тар, әсіресе, оғыздардың ме­кен­­­­деген жері, әлеуметтік–рухани жағдайы, шаруа­шы­лығы, этнография­лық еркшеліктері жөнінде жазылады.
Екіншісі Бухара әмірі Екінші Насрдың 942 жылы Қытайға жіберген елшісі Абу Дулаф. Бұл да саяхат барысында көрген–білгенін қағазға тү­сі­ріп, «Жазба» (Рисала) кітабында оғыз, қимақ, қарлық, джиклі тай­па­ла­ры ту­ралы құнды дерек беретін шығарма жазды.
Х ғасырдағы араб тарихнамасының көрнекті өкілі ал–Масуди. То­лық аты–жөні Абу–ль–Хасан Али ибн аль–Хусейн аль–Масу́ди 896 жы­лы Бағдадта туған, – 956 жылдың қыркүйек айында Фустат, қаласында (қа­зір­гі Каир) қайтыс болған. Заманының ірі тарихшысы. Ол сол за­ман­дағы бар­лық геграфия­лық және тарихи шығармаларды жинастырып, толық­ты­рып бір жүйеге келтір­ген. Өзінің энциклопедиялық еңбегі үшін «Арабтың Геродоты» атанған. Ибн Халдун оны «Тарихтың имамы» деп атайды.
Басқа да араб тарихшылары сияқты ал–Масуди көптеген өңірлерді ара­лайды. Деректерге қарағанда ол Аббасид халифатының барлық про­вин­циялар­ын, Индияны, Кавказды, Каспий теңізінің жағалауларын Си­рия­­ны, Аравины, Мысырды аралаған. Кейбір ғалымдар ол Қытайда, Зан­­­­­зи­­бар­да, Шри–Ланкада тіпті Мадагаскарда да болған деседі. Ол өзі­нің кітапта­рын­да Киев Русі мен Ха­зария жөнінде де мәліметтер береді. «Уақыт та­рихы» (Ахбар аз–заман) еңбегі 30 томнан тұрған дейді. Бір өкініштісі біз­ге дейін толық жетпеген. Уақыт тезі­нен өтіп, бүгінгі күнге жеткені «Му­рудж аззахаб ва ма’адин ал–джава «Ал­тын кеніштері және бағалы тас­­­­тар» кітабы. Өлер алдында жазған Китаб ат–танбих вал–иш­раф (Ескертулермен бақылағандарым).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет