Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет39/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

4. Түркі–ислам тарихнамасы
X–XIII ғасырлар аралығында Қазақстанның қазіргі территориясы аса дамыған ортағасырлық араб–парсы–түркі өркениетінің ажырамас бө­лі­гі­не айналды. Тарихи тұрғыдан түркі ислам мәдениетінің қалыптасу про­цесі ұзақ­қа созылды. Исламның Орталық Азияға тарауы әйгілі Талас со­ғы­сын­да түркілер арабтармен бірігіп қытайларға қарсы шайқасуы түркілердің ис­­­лам өркениеті құрамына енуіне зор әсер етті. Тарихта түріктер осы өр­кен­иет құрамында Аб­баси, Самани, Қарахан, Селжұқ және т.б. мемлекет­тік жүйелерде ислам өркен­иетінің кең таралуына, өркендеуіне жан–жақты үлес қосты. Сонымен қатар түр­кілер ислам мәдениетінің белгілі тұлғала­ры­на айналды.
Солардың бірі атақты Әбу Наср Әл–Фараби (870–950) – ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының от­бас­ын­да дүниеге келген. Түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәш­һүрі, “Әлемнің екінші ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойын­дағы қала­лардың, оның ішінде Отырардыңэкономикасы мен мә­дениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Ол жас кезінде шығыс елдерін көп аралады. Барған елінде көп­­теген ғұлама, ойшыл–ақын, қайраткерлер­мен танысып, сұхбаттасты. Мұның өзі оның ой–санасының дамып, білімі­нің тереңдеуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына әсер етті. Қазақта көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра де­ген мақал бар. Аяқ жеткен жер­ді аралап, сол заманның ойшыл дегендерін іздеп барып сабақ алған жас ғалым тым тез кемелденіп, атағы бүкіл шығысқа тарады. Тарихи де­рек­тер бойынша 70–ке жуық тіл білген. 150–ге тарта трактат жазып қал­дырды.
Әбу Наср Әл–Фараби заманының әлеуметтік–саяси көзқарастарын, тіл мә­дени­етін, философиялық–гуманитарлық және жаратылыстану ғы­лым­­дары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.
Әбу Наср Әл–Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал–мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөз­де­рі”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізі­нен бір мақсатқа – адам мен қоғамның ара қатынасы, оның жеті­луі­не арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты – тәндік және ру­хани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бас­тайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке – ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата–анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі бол­ғандықтан ол қала бел­гілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөй­тіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағын­дыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік кө­рі­­ністерін табамыз. Мұнда тек жеке басы­ның мүдделері ғана емес, қо­ғам­ мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азамат­тықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әбу Наср Әл–Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есеп­тейді. Өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істе­рін жаман­дыққа айналдырады. Әбу Наср Әл–Фарабитіршілік істер­ден бо­йын аулақ сал­май­ды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне кө­мек­те­суге тыры­сады. Бұл арада ол дін мен философияны са­лыс­тырады. Оның пікірінше дін фило­софияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастама­ларына түсінік береді. Бірақ фи­ло­со­фия дәлелдеуді, дін сенуді қажет етеді. 
Әбу Наср Әл–Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салалары­нан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылым­дары­нан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен–үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша маз­мұнына тоқталады.
Ғұламаның ғылыми–философиялық еңбектерін байыптап қайта қа­рау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі бол­ған­ды­ғын көреміз. Ол – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педа­го­ги­калық жүйе жасаған ағартушы оқымысты.
Әбу Наср Әл–Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселе­лерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім ка­тегория­ларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Фа­ра­би­­дің гуманистік идея­лары әлемге кең тарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет