Татищев Ресейде алғаш энциклопедиялық сөздік әзірлеуді қолға алды. Ол "Лексикон Российский, исторический, географический, политический игражданский" сөздігін “К” әрпіне дейін жасады. Бұл еңбек ол қайтыс болғаннан кейін жарық көрді.
Бұл сөздікте қазақ тарихына байланысты мақалалар да бар. «Кайсаки и киргизы», «Киргизы и кайсаки», «Кибитка» деп аталатын мақалаларында қазақ халқының этникалық территорясын, олардың үш жүзге бөлінетіндігін, өз арасындағы байланыс, Ресеймен, Жоңғар хандығымен қарым–қатынасын баяндайды. В.Н. Татищев қазақтың этногафиясына да көңіл аударды. «Кибитка» деп аталатын мақалада қазақтың кигіз үйіне сипаттама береді.
В.Н. Татищев орыстың дворяндық тарихнамасының белді өкілі. Өз еңбектерімен орыс тарих ғылымын тағы бір белеске көтерген ғалым. Шіркеуге, оның қоғамдағы және саясаттағы қысымшылығына қарсы күресті.
Жаңа бағыт орыс дворян тарихнамасының дағдарысына әкеліп соқтырды.Тарихтың ғылым ретінде мақсаты өзгерді.
Бекіту сұрақтары
ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысындағы орыс мәдениетіне қысқаша сиппатама бер.
Орыс ғылым академиясы тарихи зерттеулерді ұйымдастыруда қандай шараларды іске асырды?
Орыс тарихын зерттеуге неміс ғалымдары қандай үлес қосты?
Норманд теориясының мәнін түсіндір?
Орыс тарихын алғаш рет ғылыми түрде түсіндіруге тырысқан орыс ғалымын ата?
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы орыс мәдениетінің жетістіктері қандай
М.М. Щербатовтың еңбектеріндегі рационализм және прагматизм идеяларына сипаттама бер.
И.Н.Болтиннің қоғамдық–саяси және философиялық көзқарастары?
Тарихнамалық деректер:
Миллер Г.Ф. История Сибири. Т.I (М.–Л., 1939; 1999), II (М.–Л., 1941; М., 2000), III (М.,2005)
Достарыңызбен бөлісу: |