ХҮІІІ ғасырдағы орыс тарихнамасындағы қазақ тарихының зерттелуі.
ХҮІІІ ғасырдағы Ресейдегі саяси жағыдай оның басшыларының отаршылдық пиғылының оянуына себеп болды. Сібір мен қазақ жерін отарлуды мақсат еткен Ресей алдымен оны географиялық жағынан зертту қажеттілігін түсінді. Осы мақсатпен орыс Ғылым Академиясы Экспедиция ұйымдастырды. Өздерінде ғылыми күштің жетпеуіне байланысты бұл жоспарды орындау үшін шет елдерден ғалымдар шақырды.
Ғылыми–зерттеу жұмыстары екі жақты жүргізілді. Бірі - жаңа жерлерді объктивті түрдезерттеп ,шынайы еңбектер жазса,екіншілері отарлау саясатын «ғылыми» тұрғыдан дәлелдеуге тырысты.
Кирилов Иван Иванович - Ресей Сенатының - обер-секретары. Ресей
империясының географиялық атласын жасаушы.1733 жылы Сенатқа Орталық Азия және Индиия мемлекеттерімен суда жасауды жолға қою туралы мәселе көтерді. Үкімет бұл ұсынысты қолдап,оның өзіне тапсырма береді. Келесі жылы ол экспедиция ұйымдастырып, қазақ даласына аттанды. Қазіргі Орынбор обылысы жерінде Жоғарғы Жайық бекінісін салды. Осы жерді мекендеген башқұрт руларының есебін алып, дворян балаларынан 2 рота драгун әскерін қүрды. 1735 жылы жергілікті халықтың наразылығына қарамай Ор өзенінің Жайыққа құяр жерінде тағы бір бекініс солуға қол жеткізді. Осылай жүргенде1737 жылдың басында көкірек ауруынан қайтыс болды. Оның екі тарихи шығармасы бар. «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсіндірме».
Татищев Василий Никитич (1686 –1750) – орыстың мемлекет қайраткері, тарихшы. Арғы тегі шоқынған татар болуы мүмкін. Мәскеудегі артиллерия мектебін бітірген. Солтүстік соғысына (1700–21) қатысып, кейін әртүрлі әскери, дипломаттық тапсырмаларын орындады. 1734–37 жылдары жаңа игеріліп жатқан Оралда шарушылық қызметтерде болып қазіргі Орынбор және Екатеринбург қалаларының негізін қалауға ат салысқан.
1738–41 жылдары В.Н. Татищев Орынбор экспедициясын басқарып, қазақ–орыс қатынастарына тікелей мұрындық болған саясаткер. Орынборда болған кезде ол қазақ басшыларымен жиі кездесіп, олармен бірнеше келіссөздер жүргізген. Олардың шақыруымен қазақ ауылдарында болған. 1736 жылы «Общее географическое описание всея Сибири» деп аталатын бітпей қалған еңбегінде қазақ халқына арнап бір тарау енгізуді жоспарлаған.
1741–45 ж. Астрахан губерниясында қызыметте болған кезінде де ол қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде материал жинаумен болды. В.Н.Татищев орыс тарихын зерттеуші және географ ретінде де көпшілікке белгілі. Әрине оның тарихшы ретінде атын шығарған еңбек орыс және шетел деректері негізінде жазған “История Российская с самых древнейших времен” Бұл еңбек 20–ыншы жылдары басталған болатын. 1739 жылы ол Академияға бірінші томын тапсырды. Академия мүшелері, әсіресе М.В. Ломоносов, үлкен қызығушылықпен қарсы алды. Дегенмен, әртүрлі себептерге байланысты кітаптың төрт томы ол қайтыс болғанан кейін, 1768–1784 жылдары жарық көрды. Ал соңғы томы, кейін, 1848 жылы өз оқырмандарын тапты.
Өзінің мазмұны жағынан, мәнділігі жағынан бірінші томның орны бөлек. Мұнда автор өз заманындағы тарихтың алатын орны туралы айтылады. Ол тарихтың практикалық қажеттілігін, оның саяи ғылым екендігін баса көрсетеді. Бірінші томының 81–інші бетінде отан тарихының жастарға патриоттық тәрбие берудің таптырмас құралы екендігі айтылады.
В.Н. Татищев тарихи деректерге аса мән берді. Ол алғаш рет орыс тарихнамасында тарих деректерді топтау және сынау мәселесіне тоқталады. Тарихи деректерді жинаудың тәсіл–амалдарын ойластырды. 1737 жылы Ресей империясының жергілікті әкімшіліктеріне хат жолдап, онда ел тарихына байланысты мәліметтерді, оның ішінде заттай деректерді жинастыруды өтінді. Орыс тарихының көне дәуірін зерттеуде ол жылнамаларға ерекше көңіл бөлді.
Әлбетте, кез–келген халықтың тарихы оның шығу тегінен басталатындығы белгілі. Татищевте сөзінің басын славян тайпаларының көне тарихынан бастайды. Көне деректерді салыстыра отырып, Ресей жерін мекендеген халықтардың тегін үш этникалық топқа бөледі; скифтер, сарматтар және славяндар. Скифтерге түркі–татар көшпелі тайпаларын, сарматтарға Балтық жағалауындағы тар және русстарды жатқызды. Ал енді славяндар Дунай өзеннінің алқабын мекенеген, Ресей жерін жаулап алып, мұнда тұрған тайпалардың атын қабылдаған. Татищев нормандық теориясына тікелей қарсы шықпайды,бірақ өз кітабында бұл концепцияны жоққа шығаратын бірнеше фактілерді келтіреді.
Татищевтің тарихи көзқарасы орыс мемлекетінің мүддесіне сәйкес қалыптасты. Мемлекеттік құрылысты монархия, аристократия, демократия сияқты үш түрге бөліп, билік жүргізудің самодержавиелік формасын жақтады.
В.Н. Татищев Ресей тарихын үш кезеңдеріне бөлді.: 1. жеке биліктің үстемдігі (862–1132), 2. жеке биліктің бұзылуы (1132–1462), 3. жеке биліктің қалпына келтірілуі (1462 жылдан). Сөйтіп, Ресей тарихын самодержавие тариы деп түсіндірді.
Достарыңызбен бөлісу: |