Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет87/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Вильгельм Дильтей (1833–1911). Немістің атақты тарихшысы. Ғы­лымдағы Рух туралы теорияның авторы. Негізгі еңбегі 1880 жылы жа­рық көр­ген «Рух туралы ғылымдарға кіріспе» шығармасы. «Построе­ние истори­ческого метода в науках о духе» – деп аталатын екінші бір еңбегі де тарихтың методологиясына арналған.
В. Дильтей барлық ғылымды екіге бөледі. Бірінші рух туралы ғы­лымдар. Бұған ол қазіргі біз гуманитарлы ғылымдар деп жүрген қоғам және адам туралы пәндерді жатқызады. Екіншісі жаратылыстану ғы­лым­­дары. В. Дильтей ғылым­дарың екі тобын бір–біріне қарсы қояды. Жараты­лыс­тану ғылымдары эмпири­калық талдау әдістерін пайда­ла­нады. Ал Рух ту­ралы ғылымдардың өз әдістері бар. Рух туралы ғылым­дар адамның пси­хикалық әрекетімен көніл–күйі тікелей байланысты.
Рух туралы ғылымдар идея әлемін, адам рухын, өмір тәжірибесін және тағдырын зерттейді. Ал жаратылыстану ғылымдары материалдық әлем­ді зерт­тейді. Тарихшы заманның рухын өзінің түйсігімен (интуи­ция) тү­сі­неді. Өмірлік тәжірибе дегеніміз тек ақыл–ой (разум) ғана емес. «Табиғатты түсіндіреміз, ал өмірді тек түсінеміз». Ал түсініктің өзі әртүрлі.
Жаратылыстану мен гуманитарлы ғылымдардың айырмашылығын бай­қаған баден тарихшылар мектебінің өкілі В. Виндельбанд болатын. 1894 жылы Баден университетінде жасаған баяндамасында ол «Жара­ты­­лыс­тану ғылым­дары жалпы заңдылықтарды, ол гуманитарлы ғылым­дар жекеленген фактімді аңықтайды» деген болатын. Бірін­шісін ол номотетикалық, ал екіншісін идиограникалық (жекеленген, ерекшеленген) ғылымдар деп атады. Бірінші топтағы ғылымдар көбінесе абстрактілі әдістерді қолданады. Ал екінші топ өкілдері көр­некі (наглядный) әдістерді пайдаланады. Ол өзінің «ХІХ ғасырдағы неміс рухани өмірінің филосо­фия­сы» атты еңбегінде тарихшы тек жеке бір тұлғаның өмірін зерттейді деп атап көрсетті. Әрбір адамның өз сыры өзінде, оны түгелдей тану мүм­кін емес. Ол«Поэтому во всяком исто­рическом знании кроется оста­ток непонятности, нечто, чего нельзя не высказать, не дефини­ро­вать» – деп жазды.
В.Виндельбандтың идеясын одан әрі дамытқан оның оқушысы Г.Рик­­керт. Ол озінің 1899 жылы жазылған «Науки о природе и куль­туре» жа­ратылыстану ғылым­дарын болмысты түсінуде жинақ­талған, түйінделген материал береді. Ал гуманитарлы ғылымдар танымның жекеленген түрі. Тарихшы кейде ой–пікірін жинақтап бір түйін жасауға талпынуы мүмкін, бі­рақ оның бұл әрекеті «обход­ными путями для индивидуализирующего изо­бражения исторического целого» – дейді ол. «Тарихи даму» және «заңдылық түсініктеріне теңдік бел­гі­сін қоюға бол­майды. Екеуі екі басқа дүние. Заңдылықта бір оқиға қайта-қай­та сол­ қал­­пында қай­талануы мүмкін, ал тарихта ол оқиға мүлде басқа мағынада, басқа сапада қайталанады.
Оның теориялық–методологиялық концепциясында «құндылықтар» кате­гориясына қатты көңіл бөледі. Тарихтағы кез келген құбылыс мә­де­ниет­тің бір элементі. Бірақ сол құбылыс адамға қаншалықты маңызды? Мем­лекет, дін, өнер сияқты жалпыланған құндылықтар жекеленген құн­ды­лықтардың басын қосып, бір бүтін қылады. Бірақ олардың өзі қоғам да­муы­ның әр кезеңінде абсо­лютті құндылық бола алмайды.
Прагматикалық философияның негізін қалаған американ ғалымы Ч.Пирс 1878 жылы өзінің «Как сделать наши идеи ясными» деп ата­ла­тын мақала­сында тарих біздің күнделікті өмірімізге не береді немесе біз­дің бүгінгі әрекет­імізді тарих қалай бағалайды деген мәселеге тоқталады.
Осы принципті ұстанған екінші бір философ әрі психолог У. Дж­е­мс өзінің «Прагматизм. Новое название для некоторых старых ме­то­дов мышления» еңбегінде мынандай тұжырымдар жасайды:
1. Біздің көзқарасымыз–әрекетіміздің тәртібі, ережесі;
2. Кез келген идея жарамдылығына, пайдалылығына қарай баға­ла­нуы қа­ж­ет;
3. Әрбір құбылысты «көп себептілік теориясы» тұрғысынан түсіндіру қа­жет. Бірақ «қуатты тылсым күштің » бар екендігін ұмыт­­­­­­­па­ған дұрыс;
4. Біздің идеямыздың дұрыстығын немесе бұрыстығын өмір көрсете­ді.
Прагматизм ұстанымдары таным теориясындағы релятивизм болды. Яғни, күнделікті өмір тәжрибесінің теориялық түсініктен басым екендігін көрсетті.Релятивизм– дүниедегі барлық заттар мен құбы­лыстар өзара тек салыс­тырмалы қарым–қатынаста болады деген методо­логиялық қағиданы ұс­­танды. Реля­тивизм заттардың, құбылыстардың, ғылыми теорияның, адам­­­гер­шілік құндылық­тардың, моральдық норма­лардың, т.б. баян­дылы­ғын, тұрақты­лығын, абсалюттік мәнін жоққа шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет