Вильгельм Дильтей (1833–1911). Немістің атақты тарихшысы. Ғылымдағы Рух туралы теорияның авторы. Негізгі еңбегі 1880 жылы жарық көрген «Рух туралы ғылымдарға кіріспе» шығармасы. «Построение исторического метода в науках о духе» – деп аталатын екінші бір еңбегі де тарихтың методологиясына арналған.
В. Дильтей барлық ғылымды екіге бөледі. Бірінші рух туралы ғылымдар. Бұған ол қазіргі біз гуманитарлы ғылымдар деп жүрген қоғам және адам туралы пәндерді жатқызады. Екіншісі жаратылыстану ғылымдары. В. Дильтей ғылымдарың екі тобын бір–біріне қарсы қояды. Жаратылыстану ғылымдары эмпирикалық талдау әдістерін пайдаланады. Ал Рух туралы ғылымдардың өз әдістері бар. Рух туралы ғылымдар адамның психикалық әрекетімен көніл–күйі тікелей байланысты.
Рух туралы ғылымдар идея әлемін, адам рухын, өмір тәжірибесін және тағдырын зерттейді. Ал жаратылыстану ғылымдары материалдық әлемді зерттейді. Тарихшы заманның рухын өзінің түйсігімен (интуиция) түсінеді. Өмірлік тәжірибе дегеніміз тек ақыл–ой (разум) ғана емес. «Табиғатты түсіндіреміз, ал өмірді тек түсінеміз». Ал түсініктің өзі әртүрлі.
Жаратылыстану мен гуманитарлы ғылымдардың айырмашылығын байқаған баден тарихшылар мектебінің өкілі В. Виндельбанд болатын. 1894 жылы Баден университетінде жасаған баяндамасында ол «Жаратылыстану ғылымдары жалпы заңдылықтарды, ол гуманитарлы ғылымдар жекеленген фактімді аңықтайды» деген болатын. Біріншісін ол номотетикалық, ал екіншісін идиограникалық (жекеленген, ерекшеленген) ғылымдар деп атады. Бірінші топтағы ғылымдар көбінесе абстрактілі әдістерді қолданады. Ал екінші топ өкілдері көрнекі (наглядный) әдістерді пайдаланады. Ол өзінің «ХІХ ғасырдағы неміс рухани өмірінің философиясы» атты еңбегінде тарихшы тек жеке бір тұлғаның өмірін зерттейді деп атап көрсетті. Әрбір адамның өз сыры өзінде, оны түгелдей тану мүмкін емес. Ол«Поэтому во всяком историческом знании кроется остаток непонятности, нечто, чего нельзя не высказать, не дефинировать» – деп жазды.
В.Виндельбандтың идеясын одан әрі дамытқан оның оқушысы Г.Риккерт. Ол озінің 1899 жылы жазылған «Науки о природе и культуре» жаратылыстану ғылымдарын болмысты түсінуде жинақталған, түйінделген материал береді. Ал гуманитарлы ғылымдар танымның жекеленген түрі. Тарихшы кейде ой–пікірін жинақтап бір түйін жасауға талпынуы мүмкін, бірақ оның бұл әрекеті «обходными путями для индивидуализирующего изображения исторического целого» – дейді ол. «Тарихи даму» және «заңдылық түсініктеріне теңдік белгісін қоюға болмайды. Екеуі екі басқа дүние. Заңдылықта бір оқиға қайта-қайта сол қалпында қайталануы мүмкін, ал тарихта ол оқиға мүлде басқа мағынада, басқа сапада қайталанады.
Оның теориялық–методологиялық концепциясында «құндылықтар» категориясына қатты көңіл бөледі. Тарихтағы кез келген құбылыс мәдениеттің бір элементі. Бірақ сол құбылыс адамға қаншалықты маңызды? Мемлекет, дін, өнер сияқты жалпыланған құндылықтар жекеленген құндылықтардың басын қосып, бір бүтін қылады. Бірақ олардың өзі қоғам дамуының әр кезеңінде абсолютті құндылық бола алмайды.
Прагматикалық философияның негізін қалаған американ ғалымы Ч.Пирс 1878 жылы өзінің «Как сделать наши идеи ясными» деп аталатын мақаласында тарих біздің күнделікті өмірімізге не береді немесе біздің бүгінгі әрекетімізді тарих қалай бағалайды деген мәселеге тоқталады.
Осы принципті ұстанған екінші бір философ әрі психолог У. Джемсөзінің «Прагматизм. Новое название для некоторых старых методов мышления» еңбегінде мынандай тұжырымдар жасайды:
1. Біздің көзқарасымыз–әрекетіміздің тәртібі, ережесі;
2. Кез келген идея жарамдылығына, пайдалылығына қарай бағалануы қажет;
3. Әрбір құбылысты «көп себептілік теориясы» тұрғысынан түсіндіру қажет. Бірақ «қуатты тылсым күштің » бар екендігін ұмытпаған дұрыс;
4. Біздің идеямыздың дұрыстығын немесе бұрыстығын өмір көрсетеді.
Прагматизм ұстанымдары таным теориясындағы релятивизм болды. Яғни, күнделікті өмір тәжрибесінің теориялық түсініктен басым екендігін көрсетті.Релятивизм– дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара тек салыстырмалы қарым–қатынаста болады деген методологиялық қағиданы ұстанды. Релятивизм заттардың, құбылыстардың, ғылыми теорияның, адамгершілік құндылықтардың, моральдық нормалардың, т.б. баяндылығын, тұрақтылығын, абсалюттік мәнін жоққа шығарады.