Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет88/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Шпенглер Освальд (1880–1936) – неміс философы, тарих филосо­фиясы мен мәдениет философиясының негізін қалаушылардың бірі. Шпен­­­­глер­­дің циклдік тұжырымдамасы «Закат Европы» атты кітабында тұжырымдалды.
Шпенглер зерттеулерінің негізгі тақырыбы «әлем тарихының мор­фо­ло­гиясы». Ғылымда қалыптасқан әлем тарихын «ерте дүние», «орта ға­сыр», «жаңа заман» сияқты шартты түрдегі кезеңдеу мәселесіне үзіл­ді–ке­сіл­ді қарсы шықты. Ол әлемдік тарих бір–бірінен тәуелсіз, тірі организм іспеттес, өзінің туу, өсуі және өлуі сияқты кезеңдері бар мәдениеттерден тұ­­ратындығын дәлелдеді. Әлемдік тарихи процесс идея­­сының орнына пай­да болу, гүлдену және жойылу кезеңдерін басынан өткізетін мәдениет­тер циклы концепциясын ұсынды.
Шпенглер өзінің тарих алдындағы негізгі мақсаттарын орындаған «ұлы мәдениеттер» қатарына мына төмендегілерді жатқызады: қытай, ва­ви­лон, еги­пет, үнді, антика, византия–араб, батыс, мая және «ұйқыдан жа­ңа оянған» Сібір мәдениеттерін кіргізеді. Әрбір мәдениеттің өзіне тән «жаны» бар. Мәде­ниет дами келе өркениет болып қалыптасады. Мысалы көне Грекия мәдениеті Рим өркениеті болып қалыптасты.
ІХ ғасырда пайда болған Батыс Еуропа мәдениеті ХҮ–ХҮІІІ ғасыр­ларда гүл­денді, ХІХ ғасырда өркениет дәрежесіне дейін көтерілді. Ал оның шөгу уақыты шамамен 2000 жылдары болуы керек деп болжайды Шпен­глер.
Әрбір мәдениет қайталанбайтын құбылыс. Бәрінің де тағдыры бір. Бар­лық мәдениет өз дамуында белгілері ортақ фазалардан өтеді. Өмір сүру уақыты ша­мамен бір мың жылға жақын. Өзінің ішкі творчестволық мүм­кін­діктерін сарқа пайдаланғаннан кейін өлі затқа ауысып өркениет фаза­сы­на өтеді. Өркениет де­геніміз мәдениеттің дағдарысы. Атеизм және мате­риа­лизм, сыртқы күштер­дің агре­ссиялық экспанциясы, ради­кал­ды төң­керісшілдік, сциентизм мен техни­цизм және урбанизация – өркениет­тің бет келбеті. «Халқы бұқараға айналған әлем үлкен бір қаланы көз алдыңа елестетеді» – деп жазды ол өзінің «Закат Евро­пы» атты шығарма­сын­да. Сол кітаптың кіріспе бөлімінде "Для насто­ящего знатока людей не существует абсолютно правильных или ложных точек зрения", – дейді. Тағы да ол: "Нет ни­каких вечных ис­тин. Каждая философия есть выра­же­ние своего, и толь­ко своего, вре­мени". Ал сол шығарманың басқа бір же­рін­де: «Обще­че­ло­ве­ческой мо­рали не существует… Существует столько же моралей, сколь­ко и культур», – деген қорытынды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет