Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет86/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Методологиялық ізденіс.

Позитивистік методологияны сын тезі­не сал­ғандардың ішінде Алманиядағы неокантшылдардың Баден мек­тебінің бел­сенді өкіліМ. Вебер,ағылшынДж. Тревельян және ита­лян­дық– Б. Крочеболды.
Макс Вебер неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ, тарихшы 1864 жылы 21 сәуірде Эрфурт қаласында дүниеге келген. 1893–1896 жыл­­дары Фрай­бург университетінде, 1896–1898, 1902–1918 жылдары Гейдельберг универ­ситетінде, 1919–1920 жылдары Мюнхен универси­тет­­те­рінде лекция оқыған.
Вебер әлеуметтік теориясында себептілік пен «түсіну» біртұтас болу прин­ципіне үлкен мән берген. Вебер алғаш рет капитализм тек батыста протеантизм және кальвинизмнің тарауымен байланысты пайда болды дейді. Оның ойынша идеалдық тип өмір шындығын бейнелейді. Бұл жал­­ғыз жарымфактілерді жү­зеге алу түсінудің құралы. Мазмұны жа­ғы­нан Ве­бер идеялары Маркстың қоғам­дық–экономиқалық форма­ция­лар туралы тео­риясына қарсы бағытталған.
Вебердің «идеалдық тип» теориясы, тарихи факторлардың «көптігі» концепциясы және «рационалдық» идеясы мемлекеттік институттар қыз­метінің негізі ретінде қазіргі әлеуметтану, саясаттану ғылымдарына зор ық­пал етті. «Про­тес­танттық этика және капитализмнің рухы» (1904–1905) еңбегінде ол өркендеп келе жатқан капитализм мен XVII ғасырдың протестанттық құн­дылықтары арасындағы байланысты нақ­ты­лы мысалдар арқылы анық көр­сетеді.
Протестанттық этика бойынша капиталист заводтың немесе фабри­каның қожасы емес, ол тек оның басқарушысы болуы керек дейді. Ол бай­лық­қа қы­зық­пай, өмірде аскеттік салтты ұстауға шақырады. Вебер бір ғана факті бойын­ша қортынды жасауға болмайды дейді. Та­ри­хи құбылыстардың бірне­шеуін салыстыра отырып оқиғаға конструкция жасауға болатындығын ескертеді. Ол тарихи және жаратылыстану заңды­лық­тарының айырмашылығын көре білді.
Джордж Маколей Тревельян (1876 –1962) – ағылшын тарихшысы. 1897 жылы Кембридж унверситетін бітірген. Келешектегі мамандығын таң­­дауда отба­сылық дәстүрдің әсері мол болды. Нағашы атасы Т.Б. Ма­ко­­лей және өз әкесі Джордж Отто сол замандағы Англияның белді тарих­­шылары болған. 
Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатынасады. 1927–40 жылдары Кем­бридж университетінің профессоры қызметін атқарды. Үш томдық "Ис­тория Анг­лии в эпоху королевы Анны" 1930–34, "История Англии в ХІХ в.". 1782–1901", Л., 1922), "Социальная история Англии" Л., 1942) жә­не де басқа еңбек­тердің авторы. Еңбектерінің бәрінде Англия тарихын мадақтайды.
Тарих ғылымының міндеттері мен методологияға көзқарасын ол өзінің «Клио – муза истории, (Л., 1913)» кітабында айқын баяндайды. Ол тарих­тың міндеті «воспитывать умы людей, заставляя их размышлять о прош­лом" деп жазады. Тарих–өнер, өткен заман туралы білімнің утали­тар­лық мәні жоқ. Соң­ғы шығармаларында ол тарихты көркем әдебиеттің бір түрі деп жазады. Көне грек елінде тарихты жеті музаның бірі деп есеп­теген. Тарихтың ғылымға еш­­ ғы­лымға қа­т­ынасы жоқ. МінеДж. Тревельянның тарихқа көзқарасы осындай.
Бенедетто Кроче(1866–1952)– итальян ғалымы. Философиядан нео­гегельян ағымын қолдаған. Жоғары дәрежелі мемлекеттік қызмет ат­қарған. Тарих ғылымына жасы ұяғайғанда келді. Тарих пен тарихна­ма­ны фило­софиялық тұрғыдан қарастырады. 1917 жылы «Тарихнама тео­риясы және тарихы» атты еңбек жариялады. Гегель мен Маркстың тарихы ой–пікірін жоққа шығарды. Тарихшы тарихи уақиғаларды қал­пына келтіре алмайды. Ол тек сол уақиғаның та­рих­шы шығар­ма­сынан көрініс табуы мүмкін. «Тарих өнердің бір түрі» де­ген көз­қа­расты дәлелдеген. Б. Кроче кейін тарих пен фило­софияның арасында ешқан­дай айыр­машылық жоқ деген қорытынды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет