А.Н.Леонтьевтің пікірінше, мақсат кез келген іс-әрекеттің жүйе құрастырушы компоненті болып табылады. Шынымен, мақсатсыз іс-әрекет болуы екіталай. Әр адамның алдына қойған жақын және алыс мақсаттары болады. Мотив деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани, материалдық, әлеуметтік, табиғи-биологиялық қажеттіліктері кіреді. Іс-қимылдар, операциялар – іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген іс-әрекет жүйелі түрде орындалатын түрлі іс-қимылдар тізбегінен құралады. Мысалы тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жүгіру сияқты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау т.с.с. ойлау операциялары да бар. Іс-қимылдар, операциялар – іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген іс-әрекет жүйелі түрде орындалатын түрлі іс-қимылдар тізбегінен құралады. Мысалы тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жүгіру сияқты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау т.с.с. ойлау операциялары да бар. Іс-әрекет мақсатына қарай құралдар таңдалады. Олардың өзі іс-әрекет мақсатына байланысты таңдалып еңбек құралдары, ойын құралдары, тіл құралдары, оқыту құралдары т.с.с. бөлінеді. Іс-әрекет нәтижесі деген компонент тұлға үшін маңызды компоненттердің бірі. Жоғарыда аталып келе жатқан компоненттердің барлығы осы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Бағалау компоненті – іс-әрекет мақсатына жетудің өлшемі. Тұлға орындаған іс-әрекетінің табысты немесе табыссыз аяқталғанына баға береді. Адамдардың іс-әрекеттері мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғылданатын кәсібіне байланысты іс-әрекеттер медициналық, педагогикалық, конструкторлық, инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді. Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді: танымдық (қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу); зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу үдерісі); коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу үдерістері); білім берушілік (басқаларға білім беруүрдісі);өзгертушілік (қоғамды, өзін жетілдіру үдерісі) болып ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |