Педагогикалық КӘсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы


В.А.Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың мынандай топтамасын анықтап көрсетеді



бет14/14
Дата27.09.2022
өлшемі166.54 Kb.
#461474
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
лекция 2 (1)

В.А.Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың мынандай топтамасын анықтап көрсетеді:

  • Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке әуестену негізіндегі қарым-қатынас (мұғалім оқушыларды шығармашылыққа ынталандырады, балалар мұғалім соңынан қалмайды).
  • Достық ықылас негізінде құрылған педагогикалық қарым-қатынас (мұғалім оқушының ересек жолдасы ретінде қарым-қатынаста болады, татулық, достық қатынас орнайды).
  • Дистанциялық қарым-қатынас (түрлі әлеуметтік роль атқаруларына байланысты оқушы мен мұғалім арасында нақты дистанция сақталады, мұғалімнің жетекші ролін алады).
  • Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату (мұғалім басым болады, балалар үнемі мұғалімнің ұрсуынан үрейленіп жүреді).
  • Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжыңға негізделген қарым-қатынас (балаларға ұнау үшін жас мұғалімдер қалжыңдасып сөйлеуді ұстанады, бірақ бұл дұрыс нәтижеге жеткізбейді).
  • Мұғалім шәкірттер алдында өзінің артықшылығын көрсетуге бағытталған қарым-қатынас (мұғалім тек өзінің беделімен ғана айналысады, үнемі өзінің балалардан жоғары екенін дәлелдеуге тырысады).

Осы аталған бағыттылықтар негізінде мынандай стильдер топтамасы анықталған:

а) эмоционалды-импровизиациялық стиль (мұғалім үшін оқыту үдерісіне, оның жылдамдығы, интуицияға негізделуі маңызды, оқу материалын бекітуге аз көңіл бөлінеді).

б) эмоционалды-әдістемелік стиль (мұғалімнің оқыту үдерісіне және оқыту нәтижесіне бағытталуы, оқытуды жоспарлауға, оқу материалын саралауға, бақылап, бағалауға аса мән береді).

в) пайымдаушылық-импровизациялық стиль (оқыту үдерісіне және оқыту нәтижесіне бағытталуы, дәстүрлі оқыту әдістерін қолдану, жұмыс жылдамдығы баяу).

г) пайымдаушылық-әдістемелік стиль (оқыту нәтижесі ғана маңызды, жоспаралау, оқыту құралдары мен тәсілдерін пайдаланудағы консервативтілік, жаңашылдықтың жетіспеушілігі).

Назарларыңызға

Назарларыңызға

рақмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет