Педагогикалық КӘсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы

Әртүрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттің негізгі түрлері ретінде: ойын, қарым-қатынас, еңбек, оқу іс-әрекеттері қарастырылады

бет9/14
Дата27.09.2022
өлшемі166.54 Kb.
#461474
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
лекция 2 (1)

Әртүрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттің негізгі түрлері ретінде: ойын, қарым-қатынас, еңбек, оқу іс-әрекеттері қарастырылады.

Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипатталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын кәсіп деп атайды. Мамандық–берілген кәсіптің бір түрі. Мысалы, мұғалімдік кәсіппен айналысатын адамдар көп, солардың ішінде кейбіреулері информатика мамандығын, кейбіреулері тіл және әдебиет, тарих сияқты мамандықтарды меңгереді. Мамандықтарына байланысты информатика пәнінің, тіл мен әдебиет пәнінің, тарих пәнінің мұғалімдері деп аталады. Сонда кәсіп деген ұғымның ауқымы мамандық ұғымымен салыстырғанда кеңірек екені байқалады.

Жоғарыда аталып отырған іс-әрекет түрлерінің ішінде педагогикалық іс-әрекеттің алатын орны ерекше. XX ғасырдың 1950-1970 жылдыры көптеген ғылыми-педагогикалық зерттеулер мұғалім мамандығының қыр-сырын, педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін жан-жақты талдауға бағытталды: педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы (Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков т.б.); педагогикалық техника (Ю.П.Азаров т.б.); мұғалім профессиограммасы (В.А.Сластенин, О.А.Абдуллина т.б.).

«Педагогикалық іс-әрекет» деген ұғымның көпқырлылығы мұғалімнің атқаратын негізгі міндеттер тізбегінен-ақ байқалады: хабарлау, оқыту, дамыту, тәрбиелеу, зерттеу, болжау, қалыптастыру, құрастыру т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет