Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



бет3/33
Дата27.03.2024
өлшемі142.43 Kb.
#496667
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Ереже аттестация ЖОБА

2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

15. Білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) педагогтерінің, бірінші басшыларының, басшысының орынбасарларының біліктілік бағалауын аттестаттаушы органдар осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес процестің сипаттамаларын, қызмет көрсетудің нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай–ақ ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі - негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қарау арқылы жүргізеді.


16. Мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, Орта білім беру комитеті, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) мемлекеттік қызмет көрсетеді.
17. Педагогтің, білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтардың) бірінші басшысы, басшы орынбасарларының (бұдан әрі - қызмет алушы) «Педагогтердің аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметті алу үшін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) аттестаттаудан өту мерзімінде Платформада осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар ұсынылып, өтініш беріледі.
18. Мемлекеттік қызмет Платформа арқылы көрсетіледі және мыналарды қамтиды:
1) қызмет алушының қызмет көрсетуге келісімін алу;
2) аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау, аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі туралы қызметті алушыға автоматты түрде хабарламалар жіберу (Комиссия хаттамасынан көшірме).
19. Қызмет алушының «жеке кабинетіне» бір жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.
20. Қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11-тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Заңның 10-бабының 5) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына, 23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына қызмет көрсетушіге жібереді.
21. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады. 
Шағым қызмет көрсетушіге және (немесе) шағымдалған лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен қызмет көрсетуші, лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен қызмет көрсетуші, лауазымды тұлға, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Қызмет көрсетушінің атына келіп түскен қызмет алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқа тәртіп көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет