3-тарау. Біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәртібі
1-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәртібі
49. Біліктілік санатын беру (растау) біліктілік сипаттамаларына және кәсіптік стандартқа сәйкес біліктілік санатынан өту мерзімдері мен бірізідік принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады:
1) «педагог-модератор» біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар, кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттіліктері бар тұлғалар:
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақты (оқу, қызмет, іс-шара) жоспарлайды және өткізеді, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағалаудың қажетті әдістемелері мен құралдарын анықтайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қолдайды, өз жұмысында этикалық нормаларды қолданады;
білім алушылармен (тәрбиеленушілермен және ата-аналармен (заңды өкілдермен) оқыту (оқу, тәрбиелеу) нәтижелерін және жақсарту жолдарын талқылайды;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеретін әріптестердің өзекті нәтижелері мен өз тәжірибесін талдайды;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, тиісті салаға сәйкес уәкілетті органның немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім басқармасының жоспарына сәйкес немесе білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген, білім беру ұйымы деңгейіндегі тізбеге сәйкес олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болады;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, тиісті салаға сәйкес уәкілетті органның немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім басқармасының жоспарына сәйкес немесе білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген, білім беру ұйымы деңгейіндегі тізбеге сәйкес олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы болып табылады;
2) «педагог-сарапшы» біліктілік санатына:
бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:
«педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
пәнаралық (пәндік) байланыстарды, бағалау технологиялары мен стратегияларын жоспарлайды және қолданады, жеке қабілеттер мен қажеттіліктерді ескереді;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қамтамасыз етеді, өз жұмысында жоғары этикалық нормаларды басшылыққа алады;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қабілеттерінің дамуы мен ілгерілеуін бағалайды және қадағалайды;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту бойынша өз тәжірибесінің нәтижелерін және әріптестердің өзекті зерттеулерін бағалайды;
аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жұмыстың әртүрлі нысандары арқылы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетеді;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, салаға сәйкес уәкілетті органның немесе білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен немесе аудандық (қалалық), облыстық деңгейдегі (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім беру органының жоспарына сәйкес немесе аудан, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тізіміне сәйкес кәсіби шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады немесе аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
3) «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына:
бейініне сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:
«педагог-сарапшы» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін жүзеге асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын басқарады, әріптестеріне этикалық нормаларды түсінуде қолдау көрсетеді;
педагогикалық қоғамдастық үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) даму мониторингінің нәтижелерін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлейді;
әріптестерімен бірге сабақты (оқуды, қызметті, іс-шараны) зерттейді және білім беру ұйымдарында оқыту (тәрбиелеу) тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін таратады;
облыс деңгейінде (кемінде 3 (үш) аудандарды/ қалаларды қамти отырып); республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, республикада (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тәжірибені таратады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді, бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
тәлімгерлікті жүзеге асырады;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, салаға сәйкес уәкілетті органның немесе білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен немесе облыстық деңгейдегі (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім беру органының жоспарына сәйкес немесе облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейіндегі (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тізімге сәйкес кәсіби шеберлік конкурстарының қатысушысы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, салаға сәйкес уәкілетті органның немесе білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен немесе облыстық деңгейдегі (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім беру органының жоспарына сәйкес немесе облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейіндегі (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тізімге сәйкес олимпиадааларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
4) «педагог-шебер» біліктілік санатына:
бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі бар, кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттіліктері бар тұлғалар:
«педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
тәжірибені зерттеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін жоспарлайды және жүзеге асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын құру бойынша тиімді тәжірибені таратады, этикалық нормаларды сақтаудың үлгісі болып табылады;
педагогикалық қоғамдастықта білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) дамыту бойынша ынтымақтастықтың тиімді тәжірибесін таратады;
білім беру ұйымдарындағы зерттеулерді үйлестіреді, нәтижелерді педагогикалық қоғамдастыққа таратады, әріптестерінің кәсіби дамуына қолдау көрсетеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді немесе бағдарламаларды немесе әдістемелік материалдарды әзірлейді және тәжірибеге енгізеді немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, тиісті саладағы уәкілетті органның жоспарына сәйкес немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық немесе халықаралық деңгейдегі тізбеге сәйкес кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республика деңгейінде немесе халықаралық деңгейде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, чемпионаттарға қатысушылары болады;
республикалық деңгейдегі ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының республика деңгейінде ұйымдастырған педагогтері үшін (кемінде 3 облысты қамти отырып) тәжірибені таратады.
50. Педагогтер осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолданыстағы біліктілік санатының мерзімі өткенге дейін тиісті деңгейдегі комиссияға Платформадағы "жеке кабинетте" мәлімделетін біліктілік санатына сәйкес қызмет нәтижелеріне екі жыл бойы үздіксіз қол жеткізу туралы хабарлама алу негізінде келесі біліктілік санатын беруге өтініш беруге құқылы.
Комиссия «мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған жағдайда, педагог қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санатын сақтайды.
51. Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде екі жылдан аспайтын уақытқа ғана келесі жағдайларда ұзартылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне енгізілген аурулар болған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
2) жүктілігі және босануы, бала күтімі жөніндегі демалыстан шыққаннан кейін, оның ішінде жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін ол үш жасқа толғанға дейін;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден (орталықтардан), біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысқан тұлғаларға;
4) педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген тұлғаларға беріледі.
Егер педагогке біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалса, ал педагог Қазақстан Республикасының ішінде басқа білім беру ұйымына ауысса, педагогке өтініш негізінде санаттың қолданылу мерзімі білім беру ұйымы басшысының аттестаттау мерзімін ұзарту туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап 1 (бір) жылға ұзартылады.
Педагогтер бір жылдан кейін біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа ПББ тапсырады. Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы ПББ тапсырған күннен бастап бір жыл өткененнен кейін жүргізеді. Бұл ретте педагогтің осы кезеңдегі қолданыстағы бар біліктілік санаты сақталады.
Ерекше жағдайларда (форс-мажорлық мән-жайлар) педагогтің біліктілік санатының қолданылу мерзімі бес жыл өткен кезде аттестаттау комиссиясы білім беру ұйымы басшысының аттестаттау мерзімін ұзарту туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап оның қолданылу мерзімін 1 (бір) жылға ұзартады.
52. Осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген педагогтер біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін білім беру ұйымының бірінші басшысына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан);
2) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, біліктілік санатын растайтын құжат және т.б.).
53. Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы шығарады. Бұйрықтың күші «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде» белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
Зейнеткерліке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер 48-тармаққа сәйкес аттестаттау рәсімінен өтеді.
54. Педагогтерге біліктілік санатын беру білімі туралы дипломда немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес немесе (бірінші басшылар, басшылардың орынбасарлары, бөлім басшылары (меңгерушілер), білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, арнайы педагогтер) атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік беріле отырып жүзеге асырылады.
55. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқыту кезінде біліктілік санатын беру негізгі лауазым бойынша жүргізіледі.
Негізгі лауазым бойынша берілген біліктілік санаты білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген оқытылатын пәндерге де қолданылады.
56. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне кезекті біліктілік санатын беру оқытатын бейініне сәйкес жүзеге асырылады.
«Оқытушы» лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты бөлім меңгерушісі лауазымына ауысқан кезде сақталады (таралады), «арнайы пәндер оқытушысы» лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты өндірістік оқыту шебері, аға шебері лауазымдарына сәйкес бейіні бойынша ауысқанда сақталады (таралады).
Кафедра меңгерушісі, өндірістік оқыту шебері, аға шебері лауазымдары бойынша берілген біліктілік санаты оқытушы, арнайы пәндер оқытушысы лауазымдарына ауысқанда сақталады (таралады).
57. «Көркем еңбек», «Еңбекке баулу» пәні бойынша сабақ беретін педагогтер «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша; «Графика және жобалау» пәні бойынша – «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатына сәйкес кәсіптік оқуы ескеріледі.
58. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына немесе әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымға ауысқан кезде немесе педагогикалық қызметті қоса атқару немесе қосымша атқару шарттарында жүзеге асырған кезде немесе педагогтің қызмет бейініне сәйкес білім беру ұйымында педагогті басқа лауазымға тағайындаған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталады (таратылады).
Достарыңызбен бөлісу: |