Байланыс ақпараты:
Шымкент қ-сы, Облыстық балалар ауруханасы, Нұрсат м/а, Педиатрия кафедрасы.
Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2013-2014 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес интерндердің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес интерндердің сабаққа қатысуы міндетті. Интерннің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Интерн сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген интерндер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Интерн семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан интернге хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол интерн деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
2 Бағдарлама
2.1 Кіріспе
Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуді (МСАК) барлық адамдар денсаулығын қамтамасыз ететін стратегияның алдыңғы қатардағы құралы санайды, себебі ол – денсаулық сақтау жүйесінің басты қызметін атқарады және қоғамның әлеуметтік- экономикалық даму процесінің маңызды бөлігі. Денсаулық сақтау жүйесінің барлық іс-шараларының сапасы мен тиімділігі, елдің жұмыс істеу қауқарының сақталуы, жанұя және тұрғындар арасындағы әлеуметтік қорғалмаған топтар, соның ішінде мүгедектер, қарт және егде жастағылар арасында туындайтын көптеген медициналық-әлеуметтік мәселелерді шешу – МСАК жағдайына байланысты. Сол себептен талап етілетін білім деңгейін, біліктілік пен тәжірибелік дағдыларын игерген МСАК дәрігерлерін дайындау интернатура өту барысындағы негізгі міндеттердің біріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |