«педиатрия» кафедрасы



бет4/16
Дата21.02.2024
өлшемі46.56 Kb.
#492644
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ИВБДВ сил 6к каз 2023

Пәннің міндеттері.

  1. Науқастың жағдайын мақсатты бағалауға үйрету, медицина қызметкерінің іс-әрекетінің анық кезектілігінің болуы (қарау және шешім қабылдау алгоритмі).

  2. Науқас баланы интеграциялап жүргізу кезіндегі қадамдар ретіне үйрету:

- жалпы қауіп белгілерін бағалау (ЖҚБ)
- 5 негізгі симптомдарды бағалау (жөтел, диарея, қызба, тамақ, құлақ) (бұл жағдайлар 5 жасқа дейінгі бала өлімінің негізгі 75% себептері)
- анемия және төмен салмақты бағалау (астарлас жағдайлар).
- егу статусын бағалау
- баланы тамақтандыруды бағалау
- баланың басқа проблемаларын бағалау (бұл жағдайлар 5 жасқа дейінгі бала өлімінің негізгі 25% себептері)

  1. Анықталған симптомдар бойынша баланың жағдайын жіктеме жасау.

  2. БАИЖ бағдарламасына сай баланың емін анықтау

(тек қана рецепт беріп қана қоймай, емді қалай жүргізу керектігін анасына үйрету)

  1. Анасына кеңес беруді үйрену (қалай тамақтандыру, су беру, баланың жағдайы ауырлағанда жылдам түрде қашан дәрігерге қайта оралу керек)


2.3 Оқыту әдістері (науқастарды курациялау, сырқатнама толтыру, кіші топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, бірлесіп жұмыс істеу, презентация, кейс- кезеңдері және т.б.).
Практикалық сабақ: БАИЖ бағдарламасына сай науқастарды курациялау және олардың жағдайларын бағалау, жіктеме жасау, емін анықтау, жүргізу.
Науқастарды тақырып бойынша талдау, кіші топтармен және бірлесіп жұмыс істеу, ситуациялық есептерді шешу, талдау немесе патологоанатомиялық конференциялар үшін клиникалық жағдайларды презентациялау, ғылыми-тәжірибелік конференциялар және семинарларға қатысу. Топтық және рольдік ойындарға қатысу. Жобалы оқыту әдісі.
Интерннің өзіндік жұмысы (ИӨЖ): мамандандырылған бөлімшелерде науқастарды курациялау, медициналық құжаттарды жүргізу, әртүрлі емдік профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, ғылыми-оқу әдебиеттерімен жұмыс істеу, баланың даму тарихын және сырқатнамаларды толтыру, презентация жасау, оқу-клиникалық орталығында фантомдармен және муляждармен жұмыс істеу, портфолио жасау. Жобаларды дайындау (аналитикалық матрица)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет