Әңгіме жанрының өзіндік ерекшелігі
А Әңгіме – қиын жанр. Алдымен, көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшш, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруге тиіс. Адам тұл көрінбейді, оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білумен қатар, шұрайлы сөз байлығын, жіті байқағыштықты, асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен биік мәдениетті талап етеді. Мұның бәрі күрделі, қиын жұмыс, сондықтан болуға тиіс, қаламгер қауым әңгіме жазуды шеберлік шыңдау деп ұғады.
Қысқасы, әңгіме – шағын көлемді эпикалық түрдің айрықша асыл үлгісі.
Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлегі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс. Бірақ очерктің әңгімеден бірнеше өзгешелігі бар. Ең бастысы: очеркте суреттелетін шындық – ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде болған не бар адам. Содан соң очерк өткен шақтың көне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан ғана туады.
Очеркте беллетристиканың да, публицистиканың да сипаттары бар. Мұнда да ол – аралық нәрсе! Очеркті тегі жағынан алып қарасақ та әрі әдеби жанр, әрі газет жанры екенін аңғарар едік.
Қазақ әдебиетіне тән лирикалық жанрларды атаңыз!
А Лирика жанры. Лирикада (грекше lyra - музыкалық аспап, оның сүйемелдеуімен әндер, өлеңдер орындалған) өмір шын- дығы адамның психологиялық ахуалына, ішкі жан дүниесіне сәйкес, қас-қағым сәттегі көңіл-күйімен, сезімімен сабақтаса су- реттеледі. Лирика - драма мен эпос сынды әдебиеттің негізгі бір тегі, бірақ онда суреттелген нысан емес, тұлғаның және оған деген автордың жеке қарым-қатынасы маңызды. «Әдебиеттің ең субъективті тегі, - дейді лирика туралы Л.Я.Гинзбург, - жалпы- лыққа ұмтылады, жан әлемін жалпыға тән бейнелейді. Түптеп келгенде, лирика – маңызды, асқақ, сұлу дүние туралы әңгіме
(кейде оның қайшылықты, ирониялық астары болуы мүмкін), өз кезегінде ол – идеалдар мен өмірлік құндылықтардың бастауы»1.
Лирикада алдыңғы қатарға ақынның ішкі әлемі, ой- толғанысы, сезім иірімдері шығады. Сондықтан лирикалық шы- ғармаларда ақынның өз бейнесі жоталанады. Лирикадағы сыр- шыл сезім иесі лирикалық кейіпкер деп аталады. Әдебиеттану мен сында қалыптасқан бұл терминді (онымен мағыналас «лири- калық мен», «лирикалық субъект» тіркестері бар) алғаш рет Ю.Н.Тынянов ХХ ғ. 20-шы жылдары А.Блоктың лирикалық туындыларын талдау барысында енгізді. Лирикалық кейіпкер автормен, оның дүниеге көзқарасымен, рухани тәжірибесімен, ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Алайда авторды эпи- калық шығарманың баяндаушы тұлғасымен немесе лирикадағы лирикалық кейіпкермен шатастырып, бір деп қарауға да бол- майды.
Ж.Әбдірашевтың «Ақын сыры» өлеңінде ақынның жан сыры, шығармашылық «Мені», дүние қабылдауы анық аңғары-
лады:
Өкіндіріп,
жылатып,
еңіретіп,
өмір өтіп барады,
өмір өтіп!
Өлшеулі күн,
санаулы ай,
жүрер жолдың,
азы қалған сияқты, көбі кетіп!.. Аласұрам,
асығам,
толғанамын...
Тамыр емес – тамырым толған ағын!
Жабырқасам – өзімді жек көргенім –
қабақ түйсем –
өзімді қарғағаным!..
Осы өлең жолдарын оқығанда, ақынның өз өмірін қоры-
тындылап, мәнін салмақтаған терең ойынан өрілген, қас-қағым сәттегі мұңынан, нәзік жүрегі мен сыршыл сезімімен суарылған лирикалық образ көз алдымызға келеді. Адамның ішкі жан әлемінің шынайы сырын жасырмай, бүкпесіз ақтаратын лирика- ның ғұмыры шексіз. Жан Поль Рихтердің сөзімен айтсақ, «ли- рика - барлық поэзияның өмірі мен жаны». Лирика негізінен ша- ғын жанрда жасалады. Сонымен бірге лирикалық поэма жанры (М.Жұмабаевтың «Батыр Баяны», С.Сейфуллиннің «Көкшетауы» т.б) бар болғанымен, лирикада шағын өлеңдер басым екені анық. Лирикалық шығарманың тілі экспрессияға қанық, мұнда ол айқындаушы күшке ие. Тілдің экспрессивтік күші, әуезділік си- паты лирикалық шығарманы музыкамен жақындастырады.
Эпикалық жанрларда объективтілік, ал лирикалық шығармаларда субъективтілік басым. Субъективтілік ұғымы көп ретте екі түрлі аспектіні қамтиды: бір жағынан, ол – өз эмоция- лары мен пікірлерінде субъективтілік танытатын автордың көр- кемдік еркіндігі болса, екінші жағынан – «субъектіге», индиви- дуумға деген ерекше ықылас, қайталанбайтын адам тұлғасына табыну, оның ішкі әлеміне басымырақ назар аудару. Мұның еке- уі де лирикалық шығармаларға тән. Жеке тұлғаға ерекше назар аудару мағынасындағы субъективизм лирикалық кейіпкердің ішкі дүниесіне үңіліп, көркем шығарманы психологизммен байытады.
Екінші жағынан, бейнеленетін болмысқа авторлық қарым- қатынастың субъективтілігі лирикалық поэзияда стильдің түрлі деңгейдегі ерекшеліктерін айқындайды: суреттеуден гөрі бейне- ліліктің басымдығы, лиризм мен экспрессивтілік, бейнелеу тәсіл- дерінің молдығы және т.б. Эпика мен драманың өзі лиризмсіз тым қарабайыр кейіпте, өзінің ізгі ойына бейтарап күйінде қалар еді. Басқаша айтар болсақ, баяндаудағы ортасына баға берген автор үнісіз шығарма ешкімді бейжай қалдыра алмас құдіретінен айырылып, «күйкі тірліктің көшірмесі» болып шығар еді. (В.Белинский). Лирикалық шығармаларда субъектіге – құпия әрі ерекше тіршілік иесі ретіндегі адам жанына айрықша назар аударылады. Лирика өз бастауын ауыз әдебиетінен, фольклорлық жырлардан алады. Әлем әдебиетіндегі лириканың жанрлық түр- лері төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: |