Пән аты: Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері



бет2/17
Дата26.02.2023
өлшемі2.8 Mb.
#470087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Әдебиет теориясы емтихан (копия)

Дамуы мен шиеленісуі: Әбдірахман мен Шұға бір біріне ғашық бір бірін көрмесе тұра алмайды; Бұл Әбдірахманды өз қызына күйеу еткісі келіп жүрген Айнабайға ұнамайды. Ол Есімбекті (Шұғаның папасы) құтыртады, онымен қоймай Әбдірахманды түріктерге жасырын ақша жиып жүр деп арыз беріп, қамауға алғызады.
Шарықтау шегі: Шұғаның қатты құса болып, ауруға шалдығуы, Қызының оңалмас түрін көрген Есімбектің Әбдірахманды босатуы. Бірақ Шұға одан жазылмайды
Сюжеттік шешімі: Шұғаның өлімі «Шұға десе Шұға еді ау»-дейді оның үйінің жанына жиылған адамдар.
Композициядан Пролог: Пролог кіріспелердің бір түрі. Екі салт атты: бірі-Өасымжан әңгімелеуші, бірі-автордың өзі. Бір біріне ел жер жайын әңгіме етіп келе жатып, Қасымжан «Сол сүрлеумен барып, Шұғаның белгісінен қара жолды қиып аламыз» дегенн сөзіне автордың елең ете қалуы.

Эпилог: Көркем шығарманы қорытудың бір түрі.




  1. Әдебиеттану ғылымының негізгі және жанама салалары

Негізгі: Әдебиет тарихы, Әдебиет теориясы, әдебиет сыны
Жанама: Мәтінтану, Тарихнама, Библиография
Әдебиет тарихы әдебиеттің әр халық әдебиетінің көне дәуірлерден бастап, ұзақ ,асырлар бойғы тарихи тұрғыдан қалыптасу жолын, даму ерекшелігін, ондағы әдеби бағыт, ағымдарлы, әдебиеттің дамуына үлес қосқан шығармашылық иелерінің әдеби мұраларын зерттейді. Мысалы: «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Орта ғасырлардағы түркі әдебиеті», немесе 19 ғасыр әдебиеті

  1. Көркем туындыдағы тақырып пен идея

Тақырып — жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея — жазушының сол өзі суреттеп отырган өмір құбылысы туралы айткысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.




  1. Абай өлеңдерінен символға мысал келтіріңіз

Символ – сөзді қолдану шеберліктің бір қыры. Символды қолдану ақынның айтпақ ойын дөп басып, шығарманың бейнелілігін арттыру үшін қажет. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде де символ жиі қолданылғандығы белгілі. Қазақ әндерінде жусан деген шөп символ ретінде жұмсалады.
Абай өлеңдерінде қыз бейнесі – шолпы символы арқылы берілген. Өлеңнің аты Білектей арқасында өрген бұрым
Абай:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ қара қасты.
Сұлу қызды көріп пе ең мұндай түрін? -деген өлең жолдары «Абай жолы» эпопеясында қара сөзбен өрнектеледі: «Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Шолпы әуелі жиі сылдырлап, аздан соң баяулай басып, тағы біраздан соң анда-санда ғана бір ғана шылдыр ете түсіп ұзап барады. Абай өз жүрегінің аттай тулап соққан дүрсілін естіді. Шолпы үнін сол басып барады. Өзгеше ыстық қымбат шолпы ең соңғы рет бір шылдыр етті де, білінбей кетті. Түн тыныштығы ұрлап кеткендей, жұтып кетті». Шолпы- махаббаттың символы ретінде танылған.
Немесе Сегіз аяқ өлеңі
Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық.
Естісем үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып.
Баяғы жартас – бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас.
Жартас – халық, үндеу өлеңі





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет