Пән бойынша студенттердің біліміне арналған материалдар кқТ 2216 «Кәсіби қазақ тілі»


Клиентті және аудиторлық фирманы таңдау



бет13/24
Дата03.01.2022
өлшемі55.83 Kb.
#451257
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Уи А - КҚТ-ІVсем.-1

14 Клиентті және аудиторлық фирманы таңдау

530 «Аудиторлық іріктеу» деп аталатын ХАС-ты іріктеудің жиынтығы бойынша қорытынды жасау мақсатында таңдап алынған баптардың кейбіреулеріне қатысты аудиторға дәлелдеулер алуға және оларды бағалауға мүмкіндік беретін шоттың қалдығы немесе операцияның тобы шеңберінде 100%-дан төмен баптарға қатысты аудиторлық процедураларды қолдану ретінде іріктеуді анықтайды.

Қаржылық қорытынды есепке тексеру жүргізуді бастай отырып, аудитор кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті және ішкі бақылауды ұйымдастыруды зерттеуге, олардың нормативтік және заңдық құжаттардың талаптарына жауап беретіндігіне көз жеткізуге тиісті. Кәсіпорын бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру үшін есеп саясатын құруға және оны басшылыққа алуға міндетті. Алайда, аудиторға есеп саясатының көшірмесін алу жеткіліксіз. Себебі, есеп саясаты бухгалтерияның қатардағы жұмыскерлері міндетті түрде сонымен жұмыс істейтіндігіне (оны қолданатындығына) кепілдік бере алмайды. Аудиторға баптар бойынша белгіленген есеп жүргізу тәртібін нақты жүзеге асырылғандарымен салыстыра отырып, есеп саясатына өзінің сипаттамасын құру керек.

Ондай сипаттаманы жасау үшін тек бас бухгалтермен және оның орынбасарымен сұқбаттасумен шектелмей, клиенттің бухгалтерлік персоналына толық сұрақ беру жүргізілуге тиісті. Тек сұрақ беру және нақты ой-пікір құрауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындағы есептің және ішкі бақылаудың жағдайына аудитордың берген бағасына оның алдағы уақыттағы барлық іс-әрекеті байланысты. Себебі аудиторда клиенттің қорытынды есебіне зерттеу жүргізу және персоналмен әңгіме өткізу нәтижесінде қорытынды есептің дұрыс мәліметтердің негізінде дұрыс жасалынғандығы туралы абсолюттік сенім пайда болса, онда оның қаржылық қорытынды есепті тексермей-ақ, оның дұрыстығын растауына болады.

Іріктеу аудиттің барлық саласы үшін қажет болып табылмайды, бірақ оны біртипті операциялардың санының көптігі байқалатын салаларда өткізу орынды. Толық тексеру ерекше мақсатқа қол жеткізуді міндетті түрде қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, сатып-өткізудің есепке алынғандығын куәландырмайды (яғни, ол толықтыққа дәлел ретінде қызмет ете алмайды) және қатенің бар екендігін ескерте алмайды.

Іріктеу төмендегі жағдайларда тиімсіз (қолайсыз) болып табылады:


  • мәліметтердің жиынтығы оның негізінде дұрыс таңдаулар (іріктеулер) жасауға аздық еткен жағдайда, яғни, ондай жағдайда іріктеу жасауға уақыт өткізгенше, барлық операцияларды тексеру тезірек болады;

  • қандай-да бір саланың барлық операциялары маңызды болып табылса;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет