13 Қосымша ақы төлеу. Өндірісті және өндірістік шығындарды есептеу
Қосымша ақы еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер және қызметтер өндірістерінің, цехтарының тізімі (тізбесі) негізінде белгіленеді. Еңбек шығындары және кәсіпорындағы өнімді өндірудегі құралдар мен еңбек заттары. Оларға қатысты: өндірісті игеру және дайындау шығындары, шығарылатын өнімнің сапасы және өндірістік процестерді бақылау бойынша шығындарды қоса алғандағы, өндірісті ұйымдастыру және технологияны игеру; өндірістік процесті қамтамасыз ету бойынша шығындар, техника қауіпсіздігі және жайлы еңбек жағдайын қамтамасыз ету; жұмыс күшін жинаумен байланысты, шығындар; мамандарды дайындау және қайта дайындау және басқалары;
Өнімді өткізумен байланысты , шығындар: орама, сақтау , тиеу және тасымалдау, жарнама, тасымалдау, делдалдық мекемелердің қызметін төлеу және басқалары;
Осы кәсіпорынның өнімін өндіру және сатумен тікелей байланыссыз, бірақ олардың өнімнің өзіндік құнына кіргізу жолымен орнын толтырудағы жай ұдайы өндірісті шығындар (геологиялық – іздеу және барлау жұмыстары бойынша шығындарды жабуға аударымдар, жерді қайта өңдеу шығындар, тамыр жіберген ағашқа суға төлем және т.б.).
Сонымен қатар өнімнің өзіндік құнында ішкі өндірістік себептер бойынша ақаудан жоғалтулар, табиғи жоғалтулар шек нормасында өндірістегі және қоймадағы материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, өндірістік себептермен еңбекке қабілеттілігін жоғалтуда төленетін жәрдемақылар (сот шешімі бойынша) кіргізіледі.
Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат басқару есебі жүйесінде пайда болады.
Өнімнің өзіндік құнына шығындардың түріне қарай , отандық экономикалық әдебиеттерде оның келесідей түрлері бөліп көрсетілді:
- цехтық - тікелей шығындар және жалпы өндірістік шығындар енгізіледі; өнімді дайындаудағы цех шығындарын сипаттады;
- өндірістік – цехтық өзіндік құн және жалпы шаруашылық шығындардан құралды; өнімді шығарумен байланысты , кәсіпорын шығындары туралы мәлімет берді;
- толық өзіндік құн – өткізу шығындары сомасына көбейтілген, өндірістік өзіндік құн. Бұл көрсеткіш, өндіріс пен өнімді сатумен байланысты, кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктірді.
Толық өзіндік құнның құрылу процесі төмендегі схемада көрсетілген.
Еңбек күшіне тікелей шығындар + Жалпы өндірістік шығындар =
Қосылған шығындар + Материалдарға тікелей шығындар = Өндірістік өзіндік құн +
Сату шығындары + Әкімшілік шығындар = Толық өзіндік құн.
Достарыңызбен бөлісу: |