15 Іскерлік қарым-қатынас
Іскерлік қарым-қатынас маманның белгілі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді.
Іскерлік қарым-қатынас түрлері
Ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Жазбаша іскерлік қарым-қатынасқа барлық құжаттар жатады. Атап айтқанда:хаттамалар,
өтініштер,бұйрықтар,
келіссөздер жатады.
Ауызша іскерлік қарым-қатынас
Диалогтық іскерлік қарым-қатынас
Белгілі нәтижеге жету үшін қарым-қатынасқа түскен екі немесе оданда көп адамдардың ауызша қарым-қатынасы.
Іскерлік қарым-қатынас
Мекеме, кәсіпорын, өндіріс, өнеркәсіп саласында қызмет жасайтын мамандардың өзара және басқа да қызмет саласында қызмет ететін адамдармен пікірлесуі, келіссөз жүргізуі және қажетті құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.
Іскерлік қарым-қатынас
1.Монологтық - бір адамның басқаларға ақпаратты беру мақсаты. Мысалы:лекция,әр түрлі жарнамалар.
Іскерлік қарым-қатынас барысында бір адамды бақылаушы, ал екінші адамды бақыланушы ретінде қабылдау үрдісінің қалыптасуы қатынасқа түсушілердің бір-бірін бастапқы бағалауын анықтайды.
Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген А.Б.Добрович әлеуметтік негізгі төрт қызметін анықтады.
1.Өзін тану;
2.Қарым-қатынастағы серіктестікті тану;
3.Өзара түсінушіліктің негізінде бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру;
4.Эмоционалды қатынастарды құру.
Іскерлік қарым-қатынас процесіне көзқарас.
Мұнда өмірдің талабына сай қойылған міндеттерді шешу мақсатында қарым-қатынас процестерін белсенді түрде пайдалану бағдарын ұстанумен білінеді. Сондай-ақ іскерлік серіктесімен өзара ықпалдастық процесін жақсы жолға қою үшін барлық күшін жұмсауға дайындығы мен құштарлығы айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |