Пән: «инклюзивті білім беру» 6В01- педагогикалық ғылымдар бб арналған Қарағанды-2023


тақырып: Инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы мамандарға қойылатын біліктілік талаптары



бет28/29
Дата31.01.2024
өлшемі6.79 Mb.
#490366
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Инклюзивті білім беру 3

 

15 тақырып: Инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы мамандарға қойылатын біліктілік талаптары
Жоспар:
1. Инклюзивті білім беру жүйесі педагогтарының кәсіби сапалары.
2. БАЕҚ бар баламен жұмыс істеуде педагогке қажетті жеке тұлғалық сапалар.

«Баланың психикалық даму деңгейі төмен

«Баланың психикалық даму деңгейі төмен

болған сайын, мұғалімнің білім деңгейі

соғұрлым жоғары болуы керек»

П.Шуман (педагог-дефектолог, ХХ ғасыр)

Инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімнің құзыреттіліктері:


3
кәсіби құзыреттер
(проблеманы, міндеттерді қою, оны шешу жолдарын анықтау, жоcпарларды жасау және оларды педагогикалық әрекеттің әр түрлі салаларында орындау)
4
академиялық құзыреттер
(жаңа білімдерді алуға қабілетін анықтайтын);
әлеуметтік-тұлғалық құзыреттер
(мемлекет пен қоғамның идеологиялық, адамгершілік идеалдарын сақтау қабілеті);
Оралканова И.А. пікірінше, инклюзивті білім берудің құндылығын саналы түсінумен сипатталады.
Бұл компоненттің көрсеткіштері:
  • инклюзивті білім беру идеясын құндылық ретінде қабылдау;
  • даму мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқықтығын мойындау және балаларды құндылық ретінде қабылдау;
  • инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін өзін өзі дамытуға және оқуға дайындығы.

  • Оралканова И.А. мұғалімдердің инклюзивті білім беруге психологиялық даярлығының құрылымына келесі білімдерді енгізеді:
  • тұлғаның құндылықтық бағдары;
  • тұлғаның мотивациясы;
  • толеранттылық;
  • эмпатия;
  • педагогикалық оптимизм.

Мазмұнды компоненттің негізгі көрсеткіштері:
  • инклюзивті білім беру негіздерін білуі;
  • даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қол жетімділігіне қойылатын талаптарды білуі;
  • мұғалімнің ақпараттылығын қамтамасыз ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарына қатысты сауаттылықты арттыратын жалпы білім беретін мекемелердің оқу-тәрбие үдерісіне даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қосу туралы нормативті-құқықтық негіздерді білуі;
  • инклюзивті білім беру жағдайында оқу және тәрбиелеу үдерісін

  • ұйымдастыру ерекшеліктерін білу. Ол бастауыш сынып мұғалімдерінің даму мүмкіндігі шектеулі балалар денесіне ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етуді, оқу бағдарламаларын бейімдеуді, оқу материалының мазмұнын дифференциациялау және жекелендіруді меңгеруде көрінеді;
  • инклюзивті білім беру субъектілерімен коммуникативті байланысты орнату негіздерін білуге мұғалімнің инклюзивті білім беру жағдайында «Мен ғана білемін» позициясынан «Біз біргеміз» және тығыз қарым-қатынаста даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен басқаларға ыңғайлы жағдай жасай аламыз деген позицияға ауысу жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет