Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет42/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

2-тапсырма. Мақалдарды мәнерлеп оқыңыз, дәптеріңізге жазыңыз. Мағынасын түсініп, есіңізде сақтаңыз.
Мақал
1. Елін сүйген ерлік істейді.
2. Халықтың ортақ үйі – Отаны.
3. Өз ошағыңның түтіні көзіңді ашытпайды.
4. Елін сатқан итаяқтан ас ішер.
5. Үйіңде атаңның намысын ойла,
Шет жерде Отаныңның намысын ойла.


2-ТАҚЫРЫП. Білімді жастар - болашақтың тірегі


Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. Білімділіктің адам өміріндегі маңыздылығы, жастарға арналған білім беру бағдарламалары, бәсекелестікке қабілетті ұрпақ туралы мағлұмат.
2. Білім беру бағдарламаларына қатысты материалдар жинау, сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгімелеу
2-сабақ
1. Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі жаңашылдығы, жоғары оқу орындарындағы тәжірибе.
2. «Менің университетім» тақырыбында сұхбат
3-сабақ
1. Диалогты бастау, жалғастыру
2. Тапсырмалар орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 8, 9, 11, 12, 13, 14, 19


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Білімді жастар» туралы презентация жасау.
2. Білімімен үлкен жетістіктерге жеткен жастар туралы мәлімет жинау.
3.Болашақ түлектермен сұхбат жасау.
4. «Білім» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Білімді жастар» туралы презентацияны қорғау.
2. Білімімен үлкен жетістіктерге жеткен жастар туралы әңгімелеу
3.Болашақ түлектермен сұхбаттасу.
4. «Білім» тақырыбындағы сөзжұмбақты шешу


1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.


ҚР жоғарғы білім беру жүйесі


Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды:
1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар);
2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар);
3 кезең – білім беру жүйесінқаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар);
4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет