Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет44/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1.«Қазіргі заман өнертабыстары» тақырыбында эссені талқылау.
2. Өнер туралы мақал-мәтелдерді жаттау.
3.Тақырыпқа қатысты сұхбатты жүргізу.
4. Тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын шешу..


1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, әңгімелеңіз. Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіз. Мәтіннен тірек сөздерді тауып, орыс тіліне аударыңыз.
Ғылым  — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, экспериментпен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.
Заманауи ғылым үш негізгі тармаққа бөлінеді:

  • Жаратылыстану ғылымы (Биология, Химия, Физика) ұлы табиғатты зерттейді;

  • Қоғамдық ғылымдар (экономика, психология, әлеуметтану) жеке адам мен қоғамды зерттейді;

  • Формалды ғылым (философия, логика, математика, теориялық компьютер ғылымы) негізінен абстаркт ақылдық ұғымдарды зерттейді. Мұнда формал ғылымды эмприкалық ғылымдар арасына қосуға қарсы пікірлер бар. Кезінде Аристотель оларды Құралдық ғылымдар деп атаған. Егер ғылыми білім практикалық қажеттілікті көздесе, тіке технологияға айналып нақты пайда берсе, онда ол (мысалы медицина, инженерия секілді) Қолданылмалы ғылым деп аталады. Ол, көбінесе, нақты қолданысы мәлім жанама жолмен іске асатын Теориялық ғылымға салыстырмалы айтылады.

Ғылым зерттеуден тұрады, онда сәуегейлік, интуиция, эмоция, көңіл-күй, қалау, діни көріпкелдік секілділер қабылданбайды. Қазір академиялық ірі зерттеулерді мемлекеттік ұйымдар мол қаржымен ұжымдық жүргізетін болды. Ғылымның дамуына ілесіп, оның табиғаттағы ықпалының артуына ілесіп, ғылымның өзін қайта қарап, адамзатқа экологиялық тұтастық тұрғысынан жағымды нұсқасы қарастырыла бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет