Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет39/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

2-тапсырма. Проза және поэзия жанры туралы мәлімет жинау,түсіндірме жұмысын жүргізу.


3-тапсырма. Себеп-салдар, ыңғайластық жалғаулықтарымен сөйлемдер құру.
14-ТАҚЫРЫП. Менің Отаным
Практикалық сабақ жоспары (3 сағат)
1-сабақ
1. Отан, туған жер ұғымы. Отанға деген сүйіспеншілік, елді, жерді құрметтеу, еліміздің рәміздерін қастерлеу жайлы ақпарат.
2. Мәтінмен жұмыс түрлері
2-сабақ
1. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қатысым түрлері. Сөйлемдердің логикалық, мағыналық байланысы.
2. Диалог құру
3-сабақ
1. Реттік сан есім мен зат есімнің тіркесі. Күрделі сан есімнің (жиырма бірінші ғасыр; бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы) берілуі.
2. Тапсырмалар орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 10, 11, 12, 15


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1 Отан туралы мақал-мәтелдер жинау.
2.«Менің қалам» тақырыбында презентация жасау.
3. «Менің өлкемнің жетістіктері» тақырыбында диалог құру
4. ."Атамекен – құт мекен" тақырыбында реферат жазу.
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1 Отан туралы мақал-мәтелдерді жаттау.
2.«Менің қалам» тақырыбында презентацияны қорғау.
3. «Менің өлкемнің жетістіктері» тақырыбында диалогпен жұмыс
4. ."Атамекен – құт мекен" тақырыбындағы рефератты қорғау.


1-тапсырма. Берілген мәтінді оқыңыз. Бөлімдерге бөліп, мазмұндаңыз.
«Отан… Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер, ата – анаң, досың. Отан - бұл біздің ата-әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, «Отан» да адам баласына солай да ыстық.
Мен үшін Отан – құндылықтарды, материалды тасымалдаушы емес. Бұл — жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін жердің рухани бұрышы. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын. Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін? Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды. Отан – бұл менің Қазақстан Республикам, менің жүрегім.»
Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным — сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке — Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.
Қазақстан — Қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Отыны бар әрбір қазақ осылай мақтана алады. Мақтанып жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет