Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет38/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

Жоспар:
1. Сән әлеуметтік құбылыс.
2. Стиль – мәнер, сипат, ерекшелік.
3. Сәнді арнайы көркемдеуші стилистер.
4. Киім стильдері.
5. Қазақтың ұлттық киімінің қазіргі заманғы үлгісі.
6. Адам көркі- әшекей.


13-ТАҚЫРЫП. Әдебиет және өнер
Практикалық сабақ жоспары (3 сағат)
1-сабақ
1. Қазақ халқының рухани, мәдени мұрасы, оның ерекшеліктері. Проза және поэзия жанры туралы мәлімет.
2. Мәтінмен жұмыс жасау.
2-сабақ
1. Танымдық, ақпараттық мазмұндағы мәтіндерді бағалау және қорытындылау.
2. Танымдық, ақпараттық мазмұндағы мәтіндерге презентация жасау
3-сабақ
1. Себеп-салдар, ыңғайластық жалғаулықтар (бастап, бері, кейін, сонымен, сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті, алайда, қарағанда, салыстырғанда).
2. Тапсырмалар орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 15, 16, 14, 18


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. "Менің сүйікті жанрым" тақырыбында эссе жазу.
2.«Қазақ жазушылары» тақырыбында презентация жасау (М.Әуезов, Ш.Мұртаза, О.Бөкей).
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. "Менің сүйікті жанрым" тақырыбында эссені талқылау.
2.«Қазақ жазушылары» тақырыбында презентацияны мазмұндау (М.Әуезов, Ш.Мұртаза, О.Бөкей).


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді белгілеңіз.
Қазақ халқының рухани мәдениеті
Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді. Қазақ еліне,тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт-дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған. Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар», «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт - жоралғылардың өзіндік ерекшелігі мен мән-мағынасы бар. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр қазірге дейін сақталып келеді.
Қазақ халқында өзін - өзі ұстай білу ережелері де аз емес. Бұл қатарға «тыйым сөздерді» айтуға болады . Тыйым сөздер – деп жасауға болмайтын іс -әрекеттерді айтады . Оларға: "Дастарқан үстінде қатты сөйлеме"; "Қажетсіз сөзді айтпа"; "Нанды баспа"; "Аққуды атпа"; "Үлкен кісіге қарсы сөз айтпа", - деген секілді түрде кездеседі. Қазақ қауымында, тыйым сөздер мен қатар әртүрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Бұл қазақ халқының ертеден дана халық екендігін мойындаттырады.
Қорытындылай келе, қазақтың асыл мұрасы жетерлік. Олардың күнделікті өмір сүру ережесіне де байланысты екенін ұмытпаған жөн. Қазақ елі-асыл да, ғажап мәдениетке бай, дана халық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет