Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі



бет82/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Сараптаушы жүйелер

I) Қасиеттер тізімдері



  1. PUTPROP функциясы оның бірінші аргументі ретінде көрсетілген атом қасиеттері тізіміне екінші аргумент ретінде берілген индикатормен бірге үшінші аргумент мәнімен ұсынылған қасиетті орнатады. PUTPROP функциясының нәтижесі ретінде қасиеттер тізімі өзгеріске ұшыратылған атом өңделіп шығады. Егер осы атомның қасиеттер тізімінде берілген индикаторлы қасиет бар болса, онда бұл қасиет жаңасымен ауыстырылады, индикатор дублирленбейді.

  2. GETPROP функциясы берілген атом қасиеттер тізімінен (бірінші аргумент мәні) берілген индикаторлы қасиетті (екінші аргумент мәні) алып тастайды. Егер тізімде мұндай индикатор жоқ болса, онда NIL мәні өңделіп шығады.

  3. PROP функциясының GETPROP функциясынан айырмашылығы бұл нәтиже ретінде берілген индикатормен байланысты қасиет емес (егер ол тізімде бар болса), ал табылған индикатордан кейінгі бүкіл қасиеттер тізімінің соңын қайтарады. Егер индикатор қасиеттер тізімінде табылмаса, атауы және анықтаушы өрнегі PROP функциясының үшінші аргументі ретінде берілуі тиіс болатын функция шақырылады. Бұл функцияның шақырылуының нәтижесі PROP функциясының шақырылу нәтижесі ретінде беріледі.

  4. REMPROP функциясы берілген атом қасиеттер тізімінен (бірінші аргумент мәні) берілген индикатормен қамтамасыз етілген қасиетті (екінші аргумент мәні) осы индикатормен қоса алып тастайды. Егер мұндай индикатор жоқ болса, қасиеттер тізімі өзгермейді. Функция мәні бірінші аргумент мәнімен сәйкес келеді.

  5. REMPROPS функциясы барлық символдар қасиетін жояды.

  6. HASPROP предикаты символ (бірінші аргумент мәні) берілген индикаторға (екінші аргумент мәні) ие ма жоқ па тексереді.

J) Реттелген екілік талдармен жұмыс

Реттелген екілік тал мынадай түйіндерден тұрады:


(<элемент><сол жақ талша><оң жақ талша>).
Әр түйінде келесі шарт орындалған: оның сол жақ талшасының түйініндегі барлық элементтер кейбір реттілікте (мысалы, сан жағынан немесе алфавиттік ретте) түйіндегі элементтің алдында тұрады және сәйкесінше оң жақ талшасының түйін элементтері бұдан кейін тұрады. Мысал:
(5 (3 (1 NIL NIL)
(4 NIL NIL)
(7 (6 NIL NIL)
(13 (11 NIL NIL)
(15 NIL NIL))))

  1. FINDBT функциясы талдан берілген элементті іздейді.

  2. ADDBT функциясы берілген элементті талға қосады. (Ескерту: талды іздеу жолы бойынша көшіріңіз және керекті туралаулар жүргізіңіз).

  3. PREDBT функциясы бастапқы талдан берілген элементтен алдын тұрған барлық түйіндерді бөлек талға (реттелген) бөледі.

  4. POSTBT функциясы бастапқы талдан берілген элементтен кейін тұрған барлық түйіндерді бөлек талға (реттелген) бөледі.

  5. UNIONBT функциясы реттелген екі талды реттелген бір талға біріктіреді (Ескерту: PREDBT және POSTBT функцияларын қолданыңыз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет