Пәнді оқытудың мақсаты



бет11/12
Дата16.04.2024
өлшемі137 Kb.
#498912
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақ тілі пәнінен диктант жинағы 4-сынып (1)

Грамматикалық тапсырма:

  1. Сын және сан есімдердің астын сызу.

  2. Негізгі сын есімдерді бір бөлек, туынды сын есімдерді бір бөлек жаз.

  3. Шұбат сөзіне фонетикалық талдау жаса.


Диктант № 10
Мақсаты: Қазақ тілінің бағдарлама талаптарындағы білім, білік, дағдыларын тексеру, қаншалықты меңгергендерін бақылау.
Міндеті: -Ұсынылған тапсырмаларды талапқа сай орындау.
- қиын сөздердің мағынасын ашу,жазылу тәртібін түсіндіру.
Білім-біліктілігі: Сөз құрамында берілген сөзді талдау. Дыбыстық талдау жүргізу. Есімдіктерді талдау.
Ақ аю.
Ақ аю – жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аң. Арктиканың қожайыны. Ол жақсы жүзеді, сүңгиді, жартаста, мұзды жарларда ептілікпен жүреді. Оның қалың жүні мен терісінің астындағы қалың майы суықтан жақсы қорғайды.
Ақ аю итбалық, бұғы және кеміргіштермен қоректенеді. Балықтарды аулайды. Итбалықты ұзақ жатып қарауылдайды. Оны аяғымен қатты ұрып құлатады да, мұзға сүйреп шығарады.
Қыста қонжықтары пайда болады. Олар көктемге дейін анасының сүтін еміп, ұйықтап жатады. Ал көктемде аюлар тамақ іздеп, шетсіз – шексіз мұз даланы кезуге шығады. (75 сөз)
Грамматикалық тапсырма:

  1. Қонжық сөзіне фонетикалық талдау жаса.

  2. Есімдіктердің астын сыз.

  3. Арктиканың, терісінің, кеміргіштермен, балықтарды, қонжықтары деген сөздерді сөз құрамына талдау


Диктант № 11
Мақсаты: Қазақ тілінің бағдарлама талаптарындағы білім, білік, дағдыларын тексеру, қаншалықты меңгергендерін бақылау.
Міндеті: -Ұсынылған тапсырмаларды талапқа сай орындау.
- қиын сөздердің мағынасын ашу,жазылу тәртібін түсіндіру.
Білім-біліктілігі: Сөз құрамында берілген сөзді талдау. Дыбыстық талдау жүргізу. Шылауларды талдау.
Қарлығаш.
Қарлығаш - денесі ұзынша, ұзын айыр құйрықты, ұзын үшкір қанатты, епті қара құс. Қарлығаш тау үңгірлерінде де, өзендер мен көлдердің жартасты жағаларында да ұя салады. Қыстақ қарлығаштарының ұясы қора – қопсы мен үйлерде де бар. Олар ұя салатын жеріне ауа райы жылынған кезде ғана ұшып келеді. Қарлығаш балапан шығару үшін шөп – шаламмен араласқан топырақ немесе балшықтан кесе тәрізді ұя салады. Кейбіреулері тесігі бар шар тәрізді ұя жасайды. Ұрғашы қарлығаш ұяда жұмыртқаны жалғыз – ақ басып отырады . Жұмыртқаны жарып шыққан балапандарын ата – аналары қоректендіреді . ( 79 сөз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет