Диктант № 6
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасын меңгертілуі деңгейін аңықтау
Міндеттер: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық
ережелерді практикалық түрде меңгерілуі.
Оқушылардың сауатты , көркем жазу дағдылары.
Менің қарлығашым
Жазғытұрым біздің босағаға бір қарлығаш ұя салды.Ол ұядан он алты балапан ұшырды.Күзге қарай құстар жылы жаққа ұшып кете бастады.Менің қарлығашым да дайындалды.Келесі жылы ол қайтып келер ме екен деп ойладым.Кешке қарлығашты ұстап алып,аяғына мықты жіп байладым.
Қыс өтіп,көктем келді.Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады.Олардың ішінде қарлығаштар да болды.Оларды көрген сайын мен қарлығашымды ойладым.
Бір күні біздің қораға екі қарлығаш келіп қонды. Біреуі менің қарлығашым екен.Оған қатты қуандым.
( 78 сөз)
Грамматикалық тапсырмалар
І нұсқа
1. «Күні, қарлығашымды» сөздерін сөз құрамына талда.
2. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
3. «Қарлығаш» сөзін септеп жаз.
ІІ нұсқа
1. «Ұядан ,аяғына » сөздерін сөз құрамына талда.
2. Екінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
3. «Қыс » сөзін септеп жаз.
Диктант № 7
Мақсаты: Тақырыптарды қаншалықты меңгергендерін тексеру. Сауатты жазуға дағдыландыру.
Міндеті:Сөздердің жазылу және айтылу тәртібін қадағалау. Таныс емес сөздің мағынасын түсіндіру
Білім-біліктілігі: Берген сөйлемдерге дыбыстық талдау жасап,сөз құрамында тұрған түбір,жұрнағын ажырата білу
Балықшылар
Теңіз үстінің дауылы тіпті қатты екен. Қара дауыл қу қайықты қаңбақтай ұшырып әкеледі. Көк теңіз күші бойына сыймай қайнап жатыр. Толқындар қыр көрсеткендей теңіз бетіне ойнап шығады. Онан сайын Жалмұраттың зәресі ұшып барады. Андрей де үрейлі. Үстінде түнерген аспан. Табанының асты түпсіз құрдым. Айнала төңіректі мұнар басып, бар әлемді қысып бара жатты. Жағадан алыстаған сайын толқындар да есіре түсті. Сәт сайын ақ бас толқындар қатты түйіліп келіп, қайықты төсімен қағып жібереді. Ондай кезде қайық төңкеріле жаздап, қырындап бара жатады. Сөйкенде болмай, кейінгі жақтан екінші толқын тап беріп, қу қайықты іліп әкетеді. Бас еркінен айырылған қайық малтығып, су сабалай бастады.
Грамматикалық тапсырма:
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
1.Сөйлем мүшесінде талда.
|
Қара дауыл қу қайықты қаңбақтай ұшырып әкеледі.
|
Толқындар қыр көрсеткендей теңіз бетіне ойнап шығады.
|
2.Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар:
|
Теңіз
|
Балық
|
3.Төмендегі сөздердің антонимтерін табыңдар:
|
Алыс, ірі, суық.
|
Үстінде, ащы, сыртында.
|
Достарыңызбен бөлісу: |