ПӘні бойынша 050607 – биология мамандығының студенттері үшін обсөЖ ТАПСЫРМАЛАРының


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет7/11
Дата11.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
#127551
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Бақылау сұрақтары:

  1. Агрохимияның ауыл шаруашылығында алатын орны?

  2. Химияландырудың ғылыми негізі?

  3. Агрохимияның өсімдіктердің қоректенуіне әсері?

  4. Тыңайтқыштарды қолдану әдістері?

  5. Өсімдіктерде және топырақта жүретін химиялық процестер?

  6. Микроэлементтер?

  7. Азоттың рөлі?

  8. Тыңайтқыш қүрамы?

  9. Азотты қолдану?


Тест тапсырмалары

1. Өсімдік дұрыс өніп - өсуі үшін топырақ реакциясы қандай болу керек?

А) Қышқыл

В) Сілтілі

С) Орташа

Д) Бейтарап

Е) Сәл сілтілі

3. Табиғи жағдайда топырақ реакциясының рН қалай құбылады ?

А) 8-10

В) 10-14


С) 3-9

Д) 7-8


Е) 5-6

4. Топыраққа қара немесе қоңыр түс беретіндер

А) Гумус заттары

В)Топырақтың түсі

С) Топырақ профилі

Д) Темір және марганец тотықтары

Е) темірдің шала тотығы

5. Топырақтағы минералдардың пайда болу жағынан қалай бөлінеді ?

А) Минералдық, органикалық

В) химиялық, минералдық

С) Магматикалық, метаморфикалық

Д) минералды, магматикалық

Е) органикалық, химиялық

6. Өсімдіктердегі микроэлементтердің атқаратын қызметі

А) Өсімдіктерде жүретін түрлі физикалық, биохимиялық процестерге қатысады

В) топырақтың дамуы мен өсімдіктің өмірінде жылулық қасиеттері

С) Топырақтың тығыздылығы

Д) Топырақ кеуектерінің көлемі

Е) Топырақтың сіңіру қасиеті

7. Табиғатта коллоидты бөлшектердің шығатын екі жолы

А) Минералдық және органикалық

В) Қарашіріндінің түзілуі, тау жыныстарының үгілуі

С) Морфологиялық және химиялық қасиеттері

Д) тау жыныстарының бұзылуы, органикалық заттардың ыдырауы

Е) биологиялық, микробиологиялық қасиеттері

8. Өсімдіктердің топырақтан қоректенуі дегеніміз не ?

А) Топырақтан минералдық заттар алады

В) Топырақтан крахмал алады

С) топырақтан витаминдер алады

Д) Көмір қышықыл газын сіңіреді

Е) Топырақтан белок алады

9. Протеидтер дегеніміз не ?

А) Құрамды белоктар
В) Амин қышқылдары

С) Жай құрамды белоктар


Д) Аралас белоктар
Е) Микроэлементтер

10. Протеиндер дегеніміз не

А) Амин қышқылдары
В) Құрамды белоктар
С) Жай құрамды белоктар
Д) Аралас белоктар
Е) Микроэлементтер

11. Белоктар неше топқа бөлінеді

А) 5
В) 3
С) 2
Д) 9
Е) 1
3-апта

ОБСӨЖ№11

ОБСӨЖ тақырыбы Зиянды заттар мен табиғи күрес әдістері.
ОБСӨЖ жоспары


  1. Өндірістік қалдықтардың утилизациясы мен ликвидациясы.

  2. Өндірістік экология


ОБСӨЖ мазмұны: Табиғаттағы жылдар бойы калыптаскдн тепе-теңдіктің бұзылуы XXI ғасырда бұрын-соңды болмаған деңгейіне жетті. Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы, зауыттардың көптеп салынуы, 1954 жылдары басталган тың және тыңайған жерлерді игеру, қазақ жеріндегі сынақ алаңдары жетістігімен қатар апатын да ала келді.

Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мөселеге айналып отыр. Кеңес дәуірінде ірі өндіріс орындарының қарқынды дамуына байланысты табиғат байлығын игеру мөселелерінде қоршаған ортаның бұзылуы ескерілмей, тек қана мол өнім алуға көңіл бөлінш, көптеген зиян өкелгенін енді ғана біліп отырмыз.

АЩП, Англия, Франция, Германия, Жапония сияқты бірқатар өркениетті елдерде ірі әндіріс орындарын салмастан бұрын оның коршаған ортаға өкелетін экологиялық шығынын есептей отырып, сол жердегі халықтың денсаулығына тигізетін әсерін ғылыми түрде тұжырымдап барып қана жүзеге асырады екен.

Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту мынадай 3 факторға байланысты:



  1. шикізат көзі;

  2. адам күші;

  3. су ресурстары.

Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес.

Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығарылатын улы газдар, ауыр металдар, өндіріс орындарынан шыққан лас су өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына, топырақтың, ауаның кұрамының өзгеруіне үлкен өсер етуде.

Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан экологиялык жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Елімізде казіргі кездегі қалыптасқан экологиялық мөселелерге байланысты бірнеше өнеркәсіптік аймактың экологиялық жағдайына тоқтала кетейік.

Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағына — Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, құрылыс материал-дары жөне тағы басқа да салаларға маманданған Атырау, Маң-ғыстау, Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мөселелер — табиғи ортаның мұнаймен жөне радиоактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына, сонымен қатар экожүйелерге әсер етіп, шөлейттену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-ақ тыныс жолдарының қабынуы мүнай әндіретін аудандарда басқа облыстармен салыстырғанда жоғары. Канцерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуынан бұл аймақта қатерлі ісік басқа аймақтармен салыстырғанда, 2—4 есе жоғары екен. Жас балалардың өлімі 1000 адамға шаққанда 37 адамды қүрайды. Бүл еліміз бойынша ең жоғарғы керсеткіш болып отыр.

Батыс аймақта Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтар-дың алдыңғы қатарына жатады. Қауіпті нүктелердің топырақ қабаттарын тексергенде, бүл өңірді Семей, Аралдан кейінгі үшінші орынға қоюға болады.

Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп тұрған Қошқар ата көлінің су астында шамамен 104 млн т улы қоспа жатыр. Қазір уран өндірілмейді, ал су буланып, жаға ашық қалған. Өбден кепкен топырак шаң болып өңірге тарайды. Одан адамдар арасында түрлі аурулар пайда болуда. Әсіресе инсульт (миға қан қүйылу) ауруы елді түгелдей жайлап болды.

Ақтөбе қаласының да экологиялық хал-ахуалы өте ауыр. Ақтебеде көп жылдан бері Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Ақтөбе хром қосындылары зауыттары жүмыс істеп келеді. Бүл зауыттар Ақтебе қаласының солтүстік-батысында қала халқы кәп шоғырланған аймақтан 1000 м, қала тұрғындарының бақша-саяжай үлескілерінен 700 м ғана қашықтықта орналасса, зауыттардың бір-бірінен орналасу арақашықтығы — 300—400 м.

Қазіргі уақытта көсіпорын аймағының табиғаты 6 валентті хром қосылыстарымен, сондай-ақ солтүстік-батыстан соғатын жел арқылы келетін көсіпорындардан шығатын зиянды заттармен, оның ішінде, шаңды хром қосылыстарымен және т.б. зиянды заттармен өте белсенді түрде ластануда. Бүлардың мүржаларынан шығатын улы заттар қоршаған ортаны бүзып қана қоймай, адам денсаулығына елеулі залалын тигізуде. Жергілікті сарапшылар-дың берген мөліметтеріне қарағанда, өкпе-тыныс жолдарының аурулары қалада қалыпты деңгейден 3,5 есеге, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен көз аурулары 1,8 жөне 2 есеге дейін артқан.

Оңтүстік Қазақстандағы (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазакстан, Қызылорда облыстары) негізгі экологиялық мәселелер — су ресурстарының жетіспеуі, жайылымдардың деградациясы, атмосфераның ластануы, жер ресурстарының химиялық тыңайтқыштармен ластануы. Экологиялық және санитариялық-эпидемиялық жағдайдың салдарынан республикамызда жүқпалы аурулар белең алып, оның ақыры адам өліміне апарып соғуы байқалады. Айталық, аса кауіпті сүзек ауруының деңгейі республика бойынша қалыптасқан орта көрсеткішке қарағанда Қызылорда облысында 50%-дан, Оңтүстік Қазақстан облысында 30%-дан асып түседі.

Жамбыл, Шымкент қалаларына минералды тыңайтқыштар өндіретін көсіпорындарды шамадан тыс шоғырландыру да коршаған ортаға бірқатар салмақ салуда. Айталық, Жамбыл каласының өзінде өндіріс орындарының ауаны ластауын түгел есепке алсақ, соның 1/3-і осы саланың үлесіне тиеді.

Сырдария, Арыс, Бадам өзендері бассейндерінде фенол, сынап, пестицидтердің шектеулі рауалы мөлшері 3 пен 16 мг/м3 аралығында ауытқып түрады.

Алматы қаласы ауасының ластану жолдарының бірі — бүл автокөліктерден шығатын зиянды заттар болып есептеледі. Қаламыздағы жанармаймен жүретін автокөліктерді табиғи газбен жүруге ауыстыру тиімді. Біріншіден, бензинге қарағанда газ арзан, екіншіден, қоршаған орта үшін аса зиян емес.

Қазір Алматы көк түтін күшағында. Ал автокөлікті газға көшірсек, Алматының ауасы әлдеқайда тазарар еді.

Өрине, экологиялық проблемалар өз-өзінен еш уақытта шешілмейді. Оның өрқайсысы — біздің экологиялық сауатсыз-дығымыз бен жауапсыздығымыздың салдары.

Табиғи ортамыздың саулығын, экологиялық жағдайын тек министрліктер мен ведомстволар ғана емес, көпшілік болып, халық болып шешуіміз керек.

3-апта

ОБСӨЖ№12

(3 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы Организм және оның тіршілік ету жағдайлары.
Обсөж жоспар:


      1. Су – тіршілік ортасы.

      2. Құрлық - әуе тіршілік ортасы.

      3. Топырақ тіршілік ортасы.



Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Глоссарий


Гидросфера

Гидробионт

Пелагиаль

Бенталь


Фотопериодизм

Биолюминесценция

Эдафобионт

Педобионт

Мезобиотип

Гелиофит

Сциофиттер

Тест тапсырмасы:

1. Тірі организмдардің бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысымен байаланысын зерттейтін ғылым:



  1. Экология

  2. Нооэкология

  3. Адам экологиясы

  4. Биология

  5. Анатомия

2. Ағзаның табиғаттағы орнына және оның бүкіл тіршілік ету жағдайларына, қоректену түріне, уақыты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына т.б қатынасының жиынтығын қалай атайды?

А. экологиялық қойма (ниша)

В. зоохария

С. биотикалық фактор

Д. Энергия ағымы

Е. Паразитизм

3. Қоршаған орта температурасының артуына байланысты физиологиялық процестердiң жылдамдығы артатын ағзаны?

A) Ақ капуста көбелегiнiң жұлдызқұрты.

B) Мысық.

C) Торғай.

D) Қоян.

E) Барлық аталған ағзалар.



  1. Симбиоз дегенiмiз не?

A) Әр түрлi түрге жататын даралардың өзара пайдалы бiрiгiп тiршiлiк етуi.

B) Екi популяция бiр – бiрiмен әрекеттеспейдi және олардың бiреуi екiншiсiне әсер етпейдi.

C) Бiрлестiктiң бiр түрiнiң популяциясы екiншiсiн пайдаланады.

D) Популяциялардың беруi үшiн зиянды болатын өзара қатынастар.

E) Дұрыс жауап жоқ.


  1. Берiлген қоректiң тiзбектердiң қайсысы дұрыс құрылған?

А) Шыбын – бақа – жылан – жыртқыш құс.

В) Жылан – бақа – шыбын – жыртқыш құс.

С) Бақа – шыбын – жылан – жыртқыш құс.

Д) Шыбын – бақа – жыртқыш құс – жылан.

Е) Шыбын – жылан – бақа – жыртқыш құс.


  1. Қарағайлы ормандағы тиiндердiң саны ең алдымен неге байланысты?

А) Жыртқыштардың санына.

В) Қыстың қаталдығына

С) Тұқымдардың өнiмдiлiгiне.

Д) Популяциялардағы даралардың санына.

Е) Қыстың ұзақтығына.


  1. Биомассаның жиналуында қай ағзаның рөлi зор?

А) Жануарлармен, өсiмдiктер.

В) Өсiмдiктер.

С) Микроорганизмдер.

Д) Жануарлар.

Е) Жануарлармен микроорганизмдер.


  1. Төменде аталған өзара қарым-қатынастардың қайсысы жыртқыштыққа жатады?

А) Қасқырлар ұсақ шөп қоректiлермен қоректенедi.

В) Иесiнiң денесiнде биттер тiршiлiк етедi.

С) Бунақ денелер гүлдiң нектарымен (шiрне) қоректенедi.

Д) Микроорганизмдердiң iшекте тiршiлiк етуi.

Е) Барлық аталғандар.


  1. Сауысқандар тұяқты жануарларға оларға қауып туып тұрғандығын хабарлайды. Бұл өзара қарым-қатынастың қай типiне жатады?

А) Тұрақтылық өзара көмек.

В) Жыртқыштық.

С) Симбиоз.

Д) Нейтролизм.

Е) Мутуализм.

10. Жеке таралымның немесе кез келген жүйелік категорияның тіршілікке күресу процесінде жойылуын қалай атайды?

А) Гипергенез

В) Аллелопатил

С) Аменсализм

Д) Элиминация

Е) Катагенез

11. Қоршаған табиғи орта мен тірі ағзалардың арасыңдағы қарым-қатынасты

зерттейтін ғылым

А) экология

В) философия

С) психология

Б) этология

Е)генетика



4-апта

ОБСӨЖ№13

ОБСӨЖ тақырыбы: Сулардың химиялық заттар мен ластануы.
ОБСӨЖ жоспары

  1. Арал теңізін құтқару жолдары.

  2. Каспий теңізінің экологиясы



ОБСӨЖ мазмұны: Тіршілік ортасы - организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Жер шарында негізгі төрт түрлі тіршілік орталары бар: су, құрлық-әуе, топырақ және организмдердің өзі.

Су - тіршілік ортасы

Су (гидросфера) - Жер шарының 71%-ын алып жатыр. Оның 98% мұхиттар мен теңіздердің, тек 0,46% ғана тұщы сулардың (көлдер, өзендер, батпақтар) үлесіне тиеді. Сулы ортада 150 000 жануарлар түрі (жалпы жануарлар түрінің 7%) және 10 000 өсімдіктер (8%) түрі тіршілік етеді. Үнемі суда тіршілік ететін немесе тіршілік циклының бір бөлігі суда өтетін (инелік, маса личинкалары) организмдерді гидробионттар деп атайды.

Әлемдік мұхитты 2 экологиялық облысқа бөледі: бүкіл су қабаты -пелагиаль, су түбі - бенталь.

Су - өзіне тән ерекшеліктері бар ерекше тіршілік ортасы. Бұл ортаның негізгі ерекшелігі - тығыздығы. Әуе ортасынын 800 есе тығыз. Дистилденген судың тығыздығы 1 г/см3-ке тең. Тұздылығы артқан сайын тығыздылығы да артып 1,35 г/см3-қа дейін жетеді. Сондықтан онда тіршілік ететін организмдерге үлкен қысым әсер етеді. әрбір 10 метр тереңдікте қысым 10 атмосфераға көбейеді. Кейбір организмдер, мысалы, шаян тәрізділер, погонофоралар, теңіз жұлдыздары және т.б. үлкен тереңдікте, 400-500 атм. Қысымда тіршілік етеді.

Су ортасының өзіндік оттегі режимі бар. Суда оттегі атмосферамен салыстырғанда 21 есе аз. Судыңтемпературасы, тереңдігі, тұздылығы артқан сайын ондағы оттегі мөлшері азайып, ал судың ағысы қатты болған сайын оттегі мөлшері көбейеді.

Басқа орталармен салыстырғанда судың температуралық режимі біркелкі болуымен ерекшеленеді. Қоңыржай аймақтарда тұщы сулардың температурасы 0,9°-25° С аралығында (ыстық су көздерін есептемегенде, онда су температурасы 100° С-қа дейін жетеді), тұщы сулардың терең қабатында температура 4°-5°С-ты құрайды.

Су ортасының жарықрежимі әуе-құрылық ортасынан айырмашылықтары көп. Су бетінен шағылысуына және су ішінен өтуі кезінде сіңірілетін болғандықтан суда жарық аз болады. Сондықтан терең суларды үш аймаққа: жарық, алакөлеңке және толық қараңғы бөліктерге бөледі.

Мұхиттың қараңғы, терең бөліктерінде гидробионттар көру үшін тірі организмдерден бөлінетін жарықты пайдаланады. Мұндай құбылыс биолюминесценция деп аталады. Мысалы, кейбір балықтардың арқа жүзу қанаттарының алғашқы сәулесі жоғарға жақ сүйегіне жақын майысқан, қармақша тәрізді болып орналасқан. Осы қармақшаның ұшында шырышты жарық беретін бактериялары бар. Оттегімен бактерияларды қамтамасыз етуі арқылы жарық беріп, қорегін өзіне еліктіреді.

Антропогендік эрозия – адамның жерді дұрыс пайдаланбағандығынан болатын құбылыс. Бұл эрозия топырақтың құнарлылығын табиғи арттыратын процесстен тез жүретін болғандықтан, оның құнарлы қабатының қалыңдығы жыл сайын азая түседі, яғни топырақтың құнарлылығы кеми береді.

Су эрозиясы. Рельефі күрделі болып келетін Қазақстанның Оңтүстік Шығыс, Шығыс аймақтарында, қар қалың түскен жылдары Солтүстік, Орталық, Батыс обылыстарында су эрозиясында болады. Су эрозиясы кезінде тек топырақтың құнарлы бөлшектері шайылып қана қоймайды, сонымен бірге оның терең қабатына су аз жиналады, содан барып дақылдар өсу кезінде су тапшылығын көреді. Су эрозиясы тамшылық, жайдақ, сызықтық және ирригациялық болып төртке бөлінеді.

Тамшылық эрозия. Жаңбыр нөсерленіп жауғанда әр тамшының диаметрі 1мм-ден 5мм, соңғы жерге тамырдағы жылдамдығы секундына 4,5-9м болады. Осы тамшы топырақтың майда кесекшелеріне тиіп, оны бірте – бірте үгітіп, езіп жібереді. Үгілген бос майда ұнтақтар топырақтың үстіңгі қабатындағы жіңішке саңылауларды бекітіп, судың сіңуіне кедергі жасайды. Топыраққа сіңіп үлгермеген су жер бетімен ағып, өзімен бірте топырақтың майда бөлшектерін ала кетеді.Жайдақ эрозия. Кезінде топырақтың майда, жеңіл, органикалық заттары мол түйіршіктері танап бойынша біркелкі сумен ағып кетеді. Бұл эрозиядан келетін зиян өте зор. Жыл өткен сайын топырақтың майда органикалық заттарға бай түйіршектері азая түседі, яғни жыл сайын топырақтың құнарлылығы кеми береді, алынатын өнім азая береді. Сызықтық эрозия. Қар еріген кезде, не нөсер жауын болған кезде судың қатты ағысы топырақты біраз орып кетеді, ол жер бірте – бірте үлкейіп, терең орға айналады. Мұндай жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана емес, оның терең қабаттары да бұзылады.

Ирригациялық эрозия. Суару кезінде су қажет мөлшерден көбірек берілсе, топырақ беті шайылып эрозия басталады. Эрозияның осы түрін ирригациялық эрозия деп атайды.

Жел эрозиясы – орманы жоқ, ашық, жаңбыр аз жауатын жазық далаларда болады. Қазақстанда жел эрозиясына тың жерлер игерілген өңірлерде көптеп кездеседі. Тың жерлер жыртылғаннан кейін Павлодар, Торғай, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе т.б обылыстарының топырақтары қатты жел эрозиясынан зардап шекті. Жел эрозиясы кезінде топырақтың үстіңгі құнарлы қарашірігі мол, жеңіл, қоректік заттарға бай майда түйіршіктері ауаға көтеріліп, желмен бірге ұшып кетеді.Күнделікті (жергілікті) эрозия. Әр жердің өзіне тән үйреншікті желі болады. Сол жердің әсерінен де үлкенді – кішілі сырмалар, құйындар болып тұрады. Бұл желдер үйренші болған соң, оған көп көңіл бөлінбейді. Мұндай эрозияның әсерінен де күн сайын топырақтың құнарлылығы кеміп отырады, желмен ұшқан майда түйіршіктерден өсіп тұрған дақылдардың өркендері зардап шегеді, олардың жапырақтары жырымдалып жыртылады. Су эрозиясымен күресу шаралары. Су эрозиясымен күресуде шаруашылыққа тиісті жерді дұрыс пайдалана білудің маңызы зор. Бұл әсіресе бедері күрделі болып келетін таулы жерлерде орналасқан шаруашылықтар үшін өте қажет. Су эрозиясы қыйғай жердегі танаптар өте бейім болады. Сондықтан мұндай танаптарға топырақты жиі қопсыта беруді қажет етпейтін дақылдар егу керек. Жел эрозиясымен күрес шаралары. Жел эрозиясы (дефляция) республикамыздың ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіруде. Жел эрозиясын тоқтату үшін топырақты арнаулы құралдармен өңдеу керек. Сонымен қатар жер бетіндегі өсімдік қалдықтарына тимеу керек. Себебі танапта өсімдік өсіп тұрса, егін орылған жерде аңыз сақталса, топырақтың беткі қабатына тиетін жел күші, екпіні күрт бәсеңдейді. Егін орылған жерде аңыз неғұрлым жақсы сақталса, топырақтың эрозияға қарсы тұру мүмкіндігі арта түседі.

4-апта

ОБСӨЖ№14

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Табиғи территорияларды қорғау ерекшеліктері.
ОБСӨЖ жоспары:


  1. Табиғат қорғау сапасы

  2. Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері



Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Тест


1.Адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы?

A) Табиғат

B) Ормандарды кесу.

C) Топыраққа тынайтқыштарды енгiзу.

D) Батпақтарды құрғату.

E) Плотина салу.

2. Табиғи биогеоценоздарда қандай факторлар өзара әсерлеседi?

А) Абиотикалық және биотикалық.

В) Биотикалық.

С) Биотикалық және антропогенттiк.

Д) Абиотикалық және антропогенттiк.

Е) Барлық аталғандар.

3. Табигат қоргау дегеніміз?

А) Тірі, өлі табиғатты қорғау

В) Биотикалық.

С) Биотикалық және антропогенттiк.

Д) Абиотикалық және антропогенттiк.

Е) Барлық аталғандар.

4. Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат?

А) Оның байлығын тиімді пайдалу, болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізу

В) Биотикалық.

С) Биотикалық және антропогенттiк.

Д) Абиотикалық және антропогенттiк.

Е) Барлық аталғандар.

5. Табиғат қорларын ата?

А) Сарқылатын және сарқылмайтын

В) Биотикалық.

С) Биотикалық және антропогенттiк.

Д) Абиотикалық және антропогенттiк.

Е) Барлық аталғандар.

6. Табиғат қорлары неше бөлінеді?

А. 2


В. 10

С. 50


Д. 40

Е. 25


7. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді соның бірін ата?

А) Су


В) Бу

С) Жел


Д) Ауа

Е) Барлық аталғандар.

8. Жер шарындағы судың үлесі барлык жердің неше3/2 бөлігін алып жатыр?

А. 3/2


В. 10/9

С. 50/445

Д. 40 /35

Е. 25/20


9. Сарқылатын қорлар өз кезегінде неше топқа бөлінеді?

А. 2


В. 10

С. 50


Д. 40

Е. 25


10. Қалпына келмейтін қорларды ата?

А) Мұнай, көмір және қазба байлықтар

В) Бу

С) Жел


Д) Ауа

Е) Барлық аталғандар.

11. Қалпына келетін қорларды ата?

А) Топырақ, өсімдік, жануар

В) Бу

С) Жел


Д) Ауа

Е) Барлық аталғандар.



4-апта

ОБСӨЖ№15

ОБСӨЖ жоспары Организмдердің негізгі экологиялық факторларға бейімделуі.Биоалуантүрлілікті қорғау туралы халық аралық келісім.
ОБСӨЖ жоспары:

1)Тропиктік ормандар – тамаша экожүйе.

2) Клеткаларды криосақтау.

3)Криопротекторлар.


ОБСӨЖ мазмұны: Организмдер мен экологиялық факторлар арасындағы қарым-қатынасындағы жалпы заңдылықтар. Экологиялық факторлардың қайсысы болсын табиғатта тұрақты болмайды, олар кеңістікте де, мерзімдік түрде де өзгеріп отырады.

Жылдың жылы маусымы тұрақты мезгілдік түрде суыққа ауысып отырады; тәулік ішінде температураның, жарықтың, ылғалдылықтың, жел күшінің өзгеруі байқалады және т. с. Бұның бәрі экологиялық факторлардың табиғи құбылуы, оларға адам да өзінің белгілі түрде әсерін тигізе алады. Антропогендік іс-әрекеттің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің нәтижесінде экологиялық факторлардың режимімен (абсолюттік шамасы мен динамикасы) катар олардың құрамы да езгереді, мысалы, улы токсикантар мен органикалык немесе минералдық тыңайтқыштарды қолданғанда топырақ сапасының езгеруі.

Экологиялык факторлардың саны оте коп болғанымен және әр түрлер дараларының оларға керісінше алуан түрлі жауап қайтаратындарына қарамай, олардың организмдерге тигізетін әсерлеріне қатысты біркатар жалпы заңдардың бар екені айқындалған. Олардың ішінде ең маңыздысы - оптимум заңы.

Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валентік деп те атайды. Экологиялық валенттілік - организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің айналадағы ортаға бейімделуінің тепе-теңдігі. Түрлер сыртқы орта жағдайларына кең көлемде үйлесім тауып тіршілік етеді. Организм орта жағдайының кері ауытқуына неғұрлым тозімділік көрсетсе, оның экологиялық валенттілігі соғұрлым жоғары болады.

В. Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Оңтайлылық заңын қолдану кейде қиынға түседі, себебі әр фактордың әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жақсы жағдай екінші түрге пессимум болуы немесе тіпті шектен шығып, өте қиын жағдайға тусіруі мүмкін. 20 градуста ыстық жақтың маймылы тонатын болса, солтүстікті мекендейтін түлкі бұл жылылықта керісінше ыстықтайды. Күріш суда өсетін болса, бидай бұл жағдайда езіледі де, құрып кетеді.

Табиғатта толығымен бірдей оптимум мен аумалы күй нүктесі бар екі түр ешуақытта кездеспейді. Бұл жағдай түрлердің экологиялық жеке қажеттілік ережесін айқындайды. Жеке қажеттілік деп индивидтің (тірі дарақтың) немесе тұлғаның (адамның) тіршілік етуіне, дамуына және тегін жалғастыруына қажетті объектілер мен құбылыстар түріндегі мұқтаждығы. Егерде түрлердің бір факторға тұрақтылықтары бірдей болса, басқа факторға олардың тұрақтылықтары міндетті түрде өзгеше келеді.

Ортаның оптимумнан шамалы ғана ауытқуларына төзе алатын организмдерді стенобиоттар, ал бір-бірінен әр түрлі айырмашылығы бар орталарда тіршілік ете алатын жануарлар мен өсімдіктерді эврибионттар деп атайды. Мысалы, теңіздерде мекендеуші организмдердің көпшілігі судың жоғары тұздылығына бейімделген, егерде судағы тұздардың мелшерін сәл ғана темендетсе олар үшін апатты жағдай туады. Ал тамыраяктылар (эврибионттар) тұщы суларда да, суы ащы теңіздерде де тіршілік етеді. Өсімдіктерден қамыс пен қоғаны карастыратын болсақ, оларда тұзды және тұзы аз жерлерде өсе береді.

Эврибионтты организмдер стенобионтты түрлерге қарағанда жер бетінде көп таралған және олардың кең таралуға мүмкіндігі мол. Стенобионттар шағын аймақтарда ғана таралады.

Факторлардың түріне байланысты организмдерді атау үшін жоғары терминдерге ұқсас атаулар сөздің алдына қосымша қойылып қолданылады. Мысалы, стенотермді (сыртқы ортаның біршама тұрақты температуралық жағдайына бейімделген және оның күрт ауытқуларына төзбейтін) және эвритермді (температураның кең аралықта өзгеруіне төзе алатын және әр түрлі температуралық жағдайда тіршілік етуге бейімді) организмдер. Ылғалдылыққа байланысты — стеногигробионттар мен эвригигробионттар, судың рН мағынасының өзгеруіне төзімді болуына қарай - стеноиондық және эврииондық, судағы оттектің мөлшеріне байланысты тіршілік ететіндер — стенооксибионттар және эвриоксибионттар, теңіз суларының тұздылығының өзгеруіне шыдамдылық қасиет көрсетуіне қарай — стеногалиндер мен эвригалиндер және т. с. деп аталады.

Экологиялық факторлар организмдерге біріндеп емес әдетте бірігіп әсер тигізеді. Қай фактор болса да оның әсері басқалардың деңгейіне байланысты келеді. Бір фактордың әсері екіншінікімен айырбасталмайды. Бірақ-та ортаға олардың бірнешеуі ұқсас әрекет жасайтын болса, онда орын басу эффектісін көруге болады. Мысалы, жарықты жылумен немесе көп мөлшердегі көміртек газымен айырбастауға болмайды, сонда да температураны өзгерте отырып, өсімдіктердің фотосинтез қабілетін немесе жануарлардың белсенділігін тоқтатып, қысқа күндегі диапауза эффектісін, ал белсенділік уақытын созып, ұзақ күн эффектісін жасауға болады. Бәрібір бұл жагдай бір факторды екіншімен айырбастау емес, тек экологиялық факторлардың әсері олардың мөлшер көрсеткіштерімен байқалатынын көрсету. Іс жүзінде бұл жағдай өсімдіктер мен мал шаруашылығында жиі қолданылады.



4-апта

ОБСӨЖ№16

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Антрпопогендік факторлар және ластаушы заттардың рұқсат етілген шектеулі мөлшері.
ОБСӨЖ жоспар:

  1. Антролпогендік факторларға сипаттама.

  2. Қоршаған ортаның химиялық, радиациялық ластануы

  3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы



Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Реферат тақырыптары


Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері

Антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау

Антропогендік әсер факторларын бақылау

Антропогендік факторлардың әсерін бақылау

Табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау

Табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау

Антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау

Болжамдалған ортаның табиғи жағдайын бағалау.


Тест тапсырмасы

1. Адамдардың биосфераға оң әсері:

А) Табиғи ресурстарды қалпына келтіру, жерді рекультивациялау, жер асты суының қорын қалпына келтіру шаралары.

В) Табиғи ресурстарды калпына келтіру, ормандарды кесу.

С) Жерді рекультивациялау, тұщы судың азаюы.

Д) Ормандарды кесу, тұщы судың азаюы, жердің кебуі мен тұздануы т.б.

Е) Жердің кебуі мен тұздануы, жер асты суының қорын қалпына келтіру.

2. Жеке заттардың айналымын В.И.Вернадский қалай атады?


А) Биогеохимиялық цикл

В) Геологиялық

С) Шөгу циклі

Д) Химиялык

Е) Биологиялық

3.Антропогендік факторлардың табиғатқа әсері неше топқа бөлінеді?

А) Оң және теріс әсер

В) Геологиялық әсер

С) Шөгу циклі

Д) Химиялык әсер

Е) Биологиялық әсер

4. Адамдардың биосфераға теріс әсері:

А) Ормандарды кесу, тұщы судың азаюы, жердің кебуі мен тұздануы т.б, +

В) Табиги ресуротарды қалпына келтіру, ормандарды кесу

С) Жердің кебуі мен тұздануы, жер асты суьшың корын қалпьша келтіру

Д) Жерді рекультивациялау, талды ору

Е) Табиғи ресурстарды қалпына келтіру, жерді рвқультивациялау, жер асты суының қорын калпына келтіру шаралары

5. Антропогендік факторды көрсет?

А) Қала салу

В) Геологиялық әсер

С) Шөгу циклі

Д) Химиялык әсер

Е) Биологиялық әсер

6. Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі неше міндеттері бар?

А) 5

В) 4


С) 2

Д) 23

Е) 7

7. Төмендегi аталған мысалдардың қайсысы антропогендi факторға жатады?



A) Өнеркәсiптiң дамуы.

B) Популяциялардағы даралар арасындағы өзара байланыстар.

C) Жарық.

D) Температура.

E) Популяциялардың өзара әсерi.

8. Адам қызметіне қатысты 2 аспект бар ол қайсылары?

А. Жоғарғы қабаттың бұзылуы және жер маңы кеңістігі концентрациясының артуы

В. Қала және ауру

С. Биогендер

Д. Қышқылды жаңбыр

Е. Қорғасынмен улану және денсаулық

9. Адам баласы әр түрлі іс - әрекеттермен шаруашылық қалдықтармен нені ластайды?

А. Атмосфера

В. Биосфера

С. Тропосфера

Д. Ионосфера

Е. Планктон

10. Аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталатын қай дәуір жатады?

А. Неолит

В. Полиолит

С. Мезолит

Д. Орта полеолит



5-апта

ОБСӨЖ№17

ОБСӨЖ тақырыбы: Қала экологиясының атмосфераға әсері
ОБСӨЖ жоспары

  1. Соңғы кездегі табиғаттың өзгеруі мен ластануы.

  2. Урбанизация мен миграция



ОБСӨЖ мазмұны: Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы.

Агмосфера деген атау гректің екі сөзінен: аітоз —ауа және срһаіга шар, алынған. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде колданатын ауаны біз атмосфера деп атай береміз. Бірақ-та, бұл үғым дүрыс емес, себебі ауа атмосфераның негізгі белігінің бірі ғана. Атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабықшасы. Ауа осы газды қабаттың жерге жақын орналасқан белігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады. Жоғары биіктікке кетерілген сайын атмосфералық қысым томендеп отырады:

биіктік(км) 0 1 2 3 4 5 20 50  100

қысым (мм) 760 671 593 524 463 405 41,0 0,40 0,007

°С кезіндегі биіктігі 760 мм сынап бағанасына тең ауа қысымы өлшем бірлігі болып саналады. Интернационалдық жүйе бойынша 1 атм = 101,325 кПа-ға тең. Атмосфераның жалпы массасы 5,51 * 1015 тоннаға (500 триллион т) жуық, оның ішінде оттекке келетіні 105 триллион тонна, жыл сайын жұмсалатын оттектің молшері 0,01%. Планетадағы оттекті тірі заттектер 5200-5800 жылда толық жаңартады. Ал оның барлық массасы тірі организмдер арқылы шамамен 2000 жылда етеді. Атмосфералық көмір қышқылының тірі организмдер арқылы етуі 300 - 395 жыл аралығында.



Атмосфераның құрылысы мен құрамы. Атмосфера Жер бетінен жоғары қарай шамамен 3000 км-ге дейін созылады. Жоғарылаған сайын атмосфераның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.

Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бүл қабат жер белдеулерінен 7-10 км-ден (полярлық ендіктерде) 16-18 км (экватор үстінде) биіктікке дейін созылады. Осы қабатта ауаның 80%-тей мөлшері және су буының да 80%-ке жуығы жинақталады. Тропосферадағы ауа әртүрлі бағытта әртүрлі жылдамдықпен үнемі тәртіпсіз қозғалып, өзгеріп отырады. Қозғалыс нәтижесінде құрғақ ауа ылғалды ауамен, жылы ауа салқын ауамен.алмасып тұрады. Негізгі бұлттардың түзілетін жері де осы қабат. Циклондар мен антициклондар осында ербіп, ешіп отырады. Осыған орай жер бетіндегі ауа райы тропосфераға байланысты.

Атмосфералық ауа Жер бетіндегі тіршілікті ашық Космос әсерінен сақтап отырады, атап айтқанда, күн сәулесінің Жерге түсетін мөлшерін реттейді. Ол болмаса тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200 °С құбылып тұрған болар еді: күндіз қатты ысып (100 "С үстінде), ал түнде аяз (-100 °С). Осыдан да жоғары айырмашылық жаз бен қыс айларының арасында орын алар еді. Атап айтқанда, атмосфераның арқасында Жер бетіндегі орташа температура 15 "С шамасында. Сонымен қатар, атмосфера болмаса Жердің әр 1 км2 үш-төрт күнде метеорит түсіп отырған болар еді, осы жағдайдан сақталып отырғанымыз метеориттердің көбісі ауаның тығыз қабаттарында жанып кетеді.

Атмосферадағы бөлшектер өздері таралған кеңістікте толассыз қозғалыста болғандықтан, көлемі мен пішінін сақтамайды. Сондықтан ауаның белгілі бір жерде қысымы артса, қысымы аз жаққа қарай ауысып отырады. Ауаның осындай қозғалысынан жел пайда болады. Жер бетінен әр шақырымға кетерілген сайын ауаның температурасы 6,5 "С төмендеп отырады да, ал 18-20 км биіктікте темендеу тоқтатылып, температура тұрақталады, шамамен — 56 °С болады. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза деп атайды.

Жер бетінен 20-50 км биіктікте орналасқан келесі қабат — стратосфера. Ауаның қалған белігі осы қабатта болады, жел екпіні төменгі қабаттармен салыстырғанда мүнда оте баяу келеді. 25 км биіктіктен кейін бұл қабаттың жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6 "С-ге жоғарылап отырады. 46-54 км биіктікте орналасқан аралық стратопауза қабаты, онда температура 0 °С шамасында.

Атмосфераның 55-80 км биіктігінде орналасқан қабат - мезосфера. Бүл қабатта әр шақырымға жоғары көтерілген сайын температура 2 — 3 °С-ге төмендеп отырады. Келесі мезопауза деген қабатта тұрақталған температура мөлшері 75 - 90 "С шамасында.

Жоғарыда қаралған қабаттардың үстіндегі атмосфера қабатында газ молекулаларының иондарға ыдырау қабілеті оте жоғары болғандықтан, оған ионосфера деген атау қолданылады. Бүл қабаттың қалыңдыгы бірнеше мыңдаған км-ге дейін созылады.

Атмосфера қабатының нақты шекарасы анықталмаған. Жер серіктері мен ракеталар арқылы алынған деректер бойынша атмосфера 10-20 мың км биіктікке дейін жайылған. Атмосфераның ең үстіңгі қабатын экзосфера деп атайды. Атмосфералық газдардың экзосферадан әлем кеңістігіне шашырай бастауына байланысты, осы қабатты планета аралық кеңістік деп те есептейді.

Атмосфераның химиялық құрамы 90 км биіктікке дейін түрақты. Күннің ультракүлгін сәулелсрінің әсерінен 90 км-ден жоғары жатқан атмосфера қабаттарында бұл тұрақтылық бұзылады, осыған орай оның химиялық құрамы да тұрақсызданады.

Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру.

Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде гіайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.

Ластағыш заттектердің қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластауиіы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:


  • әлемдік көлемде ластайтындар - қай жерде шығарылса да қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын қабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы (бірнеше жыл немесе айлар) сақталатын шығарынды (тастанды) заттектер (көмір қышқыл газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары радионуклидтер);

  • аймақтық (региондық) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) - үлкен аймақты ластайтын, бірақ-та оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез томендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше төулік) бойы атмосферада сақталатын шығарынды заттектер (күкірт пен азот өксидтсрі, пестицидтер, ауыр металдар);

жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын) — атмосс})ерада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер (ірі дисперсиялық аэрозольдар, күкіртті сутск және басқа заттектср, сонымен қатар жоғарыда келтірілген түрлердің өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азоттың, т. б. оксидтері).

5-апта

ОБСӨЖ №18

(3 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: ҚР-сының экологиялық зоналары.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтар

  2. Энергетика экологизациясы.

  3. Қазақстан полигондары


Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Тақырып бойынша тест тапсырмасы:

1. Парниктік эффекттің пайда болу себебі қандай?

А) көміртегі (II) тотығының концентрацийсының артуы

В) фреондар мен метан қалдыктарының тығындыларының артуы

С) «озон тесікгерінің» пайда болуы

Д) жауын-тамшысы

Е) ауаның ылғалдылығының өзгеруі

2. Аллелопатия дегеніміз не?

А) екі түрдің міндетті түрде бірігіп тіршілік етуі мен өзара пайдалы әсері

В) тамактарының калдықгарымен коректену

С) өзара пайдалы, бірақ бірлесіп тіршілік ету міндетті емес

Д) меіаболизм өнІмдерішн көмегімен өсімдіктердің бір-біріне химиялық

Е) селбесіп тіршілік ету

3. Ақтау қаласында АЭС-ң базасында теңіз суын тұшыландыратын завод қай

жылы іске қосылды?

А)1973 ж.

В)1966 ж.

С)1955 ж.

Д) 1981 ж.

Е)1983 ж.

4. Эрозия - бұл:

А) топырактың беткі құнарлы қабатының жойылуы

В) орман төсенішінің түзілуі

С) топырақтағы минералды заттардың түзілуі

Д) радиоактивті ластану

Е) карашіріктің минералдануы

5. Адамзат тіршілігіне қажетгі табиғи қорлар:
А) Шикізаттық.

В) Орын.

С) Азық- түлік.

Д) Энергетикалық.

Е) Экологиялық.

6. Орнықты даму дегеніміз-бұл:

А) Демографиялық, әлеуметтік дамудың жоғары көрсеткіші

В) Экономикалық өркендеудің жоғары саіысы

С) Келешек ұрпактың қажеттіліктер шектеп, бүгінгі азықтың

қажеттіоіктерді қанағаттандыру

Д) Бүгінгі ұрпантын қасиеттіліктерін канағаттандыру

Е) Келешек ұрпактың қажеттілікгерін

7. Қазір біздің планетамыздағы адамдардың саны қанша?

А) 5-6 млрд. адам

В) 4—5 млрд. адам

С) 3—4 млрд. адам

Б) 2—3 млрд. адам

Е) 6—7 млрд. адам.

8. Қышқылдық жауынның пайда болуында қандай зат айтарлыктай рөл

аткарады?

А) Күкірт диоксиді

В) Метан


С) Көміртегі оксиді

Д) Көмірқышқыл газы

Е) Фреондар

9. Атмосфералық ауаны негізгі ластаушы заттар:

А) Күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, қатты бөлшектер

В) Формальдвгид

С) Қышқыл жаңбырлар

В) Мұнай өнімдері

Е) Радиоактивті изотоптар

10. Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді не деп атайды?

А) Ластағыштар

В) Формальдвгид

С) Қышқыл жаңбырлар

В) Мұнай өнімдері

Е) Радиоактивті изотоптар

11. Сферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер?

А) Жергілікті ластағыштар

В) Формальдвгид

С) Қышқыл жаңбырлар

В) Мұнай өнімдері

Е) Радиоактивті изотоптар

12. Атмосфераны қорғаудың әлеуметтік нәтижелері

А) халықтың денсаулығының жақсаруы

В)өндіріс шығындарының қысқаруы

С) табиғи ортаның тазаруы

D)табиғи ортаға зиянның азаюы

Е)атмосфераға шығындардың үнемі

13. Алматы қаласының экологиялық мәселесіне не жатады?

A) Автомобиль газдары

B) Ауаның ылғалдылығы.

C) Ауа температурасы.

D) Ылғалдылық.

E) Жоғарыда аталғандардың комплекстi өзгерiстерi.

14. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы?

A) Мұнай өндірісі.

B) Ауаның ылғалдылығы.

C) Ауа температурасы.

D) Ылғалдылық.

E) Жоғарыда аталғандардың комплекстi өзгерiстерi.

15. Семей өңірінің экологиялық жағдайы?

A) Радиоактивті заттармен ластану

B) Ауаның ылғалдылығы.

C) Ауа температурасы.

D) Ылғалдылық.

E) Жоғарыда аталғандардың комплекстi өзгерiстерi.

16. Шығыс Қазақстан аумағында ядролық қару сыналған жердің көлемі?

A) 941,2 мың га

B) 658мың га

C) 5525 мың га

D) 123мың га

E) 487мың га

5-апта

ОБСӨЖ №19

ОБСӨЖ тақырыбы: Экологиялық нормативтер.
ОБСӨЖ жоспары
1) Экология және соғыс.

2)Тірілердің тіршілік орталарының экология.



ОБСӨЖ мазмұны: Фотопериодизм жануарларда да байқалады: жұп құру, түлеу, қысқы ұйқыға кету, миграция күн ұзақтығына байланысты.

Жер бетінде жарық режимі әртүрлі. Кей жерлерге күн сәулесі көп түсетін болса, ал басқа бір жерлерде жарық мүлдем аз түседі. Сондықтан өсімдіктерде табиғи сұрыпталу процесі кезінде жарықтың әртүрлі жағдай-ларында өсуге бейімделушіліктері пайда болады. Жарыққа байланысты өсімдіктерді үш экологиялық топқа бөледі: гелиофиттер - жарық сүйгіш өсімдіктер, сциофиттер - көлеңке сүйгіш өсімдіктер және факультативті гелиофиттер - көлеңкеге төзімді өсімдіктер.



Гелиофиттер - күн сәулесі жақсы түсетін ашық кеңістікте өсетін өсімдіктер. Мысалы үшін оларға көптеген шабындық, дала, шөл және шөлейт өсімдіктері, орманның биік ағаштары жатады.

Сциофиттер - жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер. Бұларға фитоценоздың төменгі ярусында өсетін саумалдық (Охаііз асеіозеііа), құсықшөп (Азагит еигораеит), жасыл мүктер, плаундар жатады.

Факультативті гелиофиттер - жарықтың көп мөлшерінде де және аз мөлшерінде де өсе беретін өсімдіктердің үлкен тобы. Оларға жөке (Тіііа согбаіа), мойыл (Робиз гасетоза), бүлдірген (Ғгадагіа уезса) және т.б. жатады.

Топырақ - тіршілік ортасы

Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады.

Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мұның құрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы, қарашірік). Бұл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды В қабаты жатыр. Оның астында аналық (топырақ түзуші) жыныс қабаты - С қабаты орналасқан.

Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардың ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған.

Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық жануарлар түрін, нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-аса, аяқ құйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мың-нан аса түрлерін табуға болады.

Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар.

Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:


  • геобионттар - үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер. Олардың бүкіл даму циклы топырақта жүреді (жауын құрттары);

  • геофилдер - тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде топырақта өтетін организмдер (шегірткелер Асгісіісіеа, кейбір қоңыздар - Зіарһуііпісіае, СагаЬісіае, ЕІаіегісІае). Олардың личинкалары топырақ ішінде дамып, өскен соң жер бетінде тіршілік етеді;

  • геоксендер - топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретінде пайдаланатын организмдер (тарақандар, кеміргіштер және басқа да інде тіршілік ететін сүт қоректі организмдер).

Сондай-ақ топырақ организмдерін дене мөлшері мен қимылына байланысты да экологиялық топтарға бөледі:

  • микробиотип - детриттік қоректік тізбектің негізін құрайтын топырақ микроорганизмдері. Бұларға жасыл (Сһіогорһуіа), көк-жасыл балдырлар (Суапорһута), бактериялар (Васгегіа), саңырауқұлақтар (Ғипді) және қарапайымдар (Ргоіогоа) жатады;

  • мезобиотип - қозғалғыш, майда жануарлар тобы. Бұларға топырақ нематодтары (ІЧетаіосІа), насекомдардың майда личинкалары, кенелер (ОгіЬаіеі) және басқалар жатады. Бұлар негізінен детриттермен және бактериялармен қоректенеді;

  • макробиотип - топырақтағы ірі насекомдар (жауын құрттары және т.б.);

  • мегабиотип - топырақта тіршілік ететін сүт қоректілер, мысалы, көртышқандар, жертесерлер жөне т.б.



5-апта

ОБСӨЖ№20

(3 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Организмдердің негізгі экологиялық факторларға бейімделуі
ОБСӨЖ жоспары

  1. Негізгі абиотикалық факторлар және организмдердің соған бейімделуі.

  2. Негізгі биотикалық факторлар және организмдердің соған бейімделуі.

  3. Негізгі антропогендік факторлар және организмдердің соған бейімделуі.



Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Коллоквиум сұрақтары


  1. Экологиялык факторлардың саны?

  2. Экологиялық факторлар организмдерге әсері?

  3. Факторлардың түріне байланысты организмдерді атау?

  4. Эврибионтты организмдер?

  5. Шыдамдылық немесе төзімділік шектері?

  6. В. Шелфорд заңының практикалық маңызы?

  7. Экологиялық валенттілік?

  8. Стенобионтты түрлер?

  9. Антропогендік іс-әрекеттің қоршаған ортаға тигізетін әсері?


Тест тапсырмасы

1. Антропогендік факторлардың табиғатқа әсері неше топқа бөлінеді?

А) Оң және теріс әсер

В) Геологиялық әсер

С) Шөгу циклі

Д) Химиялык әсер

Е) Биологиялық әсер

2. Адам әрекеті нәтижесіндегі ластану былай деп аталады:
А) Антропогендік.

В) Табиғи.

С) Екіншілік.

D) Физикалық.

Е) Техникалық.

3. Біріншілік периодты түрде ықпал ететін экологиялық факторларға

келесілер жатады:

А) Жердің айналуы, жыл мезгілдерінің ауысуы.

В) Адамзат баласының қоршаған ортаға әсері.

С) Суда еріген газ құрамы, температура.

D Стикиялық қуұылыстар.



Е) Ылғалдылық, жарықтық

4. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін факторлар арасында 1-орында тұр:

  1. әртүрлі ластаушы заттар

  2. қоршаған орта

  3. тұкым куалайтын аурулар
    Д) психологиялық және элеуметтік жағдай
    E) өмip сүру салты

5. Саналы адамның кызметтер дамуның басты факторы ретінде анықталатын

табиғат пен коғамның өзара қарым-қатынасының саласы:



  1. Ноосфера

  2. Биогеоценоз

  3. Экосфера

  4. Урбаносфера

E) Геосфера
6. Абиотикалық факторды атаңыз?

А) су


В)жануар

С)өсімдік

D)микробтар

Е)вирустар



7. Өсімдік өсуіне әр түрлі факторлардың әсерін зерттеуде минимум заңын кім ашты?
А. В.Радкевич

В. Ю.Либих

С. В.Шельфорд

Д. Ю.Одум

Е. В.Вернадский



8. Ортаның фитогендік биотикалық факторына мыналар жатады

А. Адамзат

В. Вирустар мен бактериялар

С. Жасыл өсімдіктер

Д. Жан-жануарлар

Е. Қоршаған орта



9. Ортаның микробиогендік биотикалық факторларына мыналар жатады.

А. Жасыл өсімдіктер

В. Жан-жануарлар

С. Адамзат

Д. Миробтар мен вирустар

Е. Қоршаған орта




6-апта

ОБСӨЖ№21

ОБСӨЖ тақырыбы: Табиғатты қоғау салты.
ОБСӨЖ жоспары

1)Тіршілік ортасын қорғау және дін.

2) Экология және жалпы адамзат бағасы.

ОБСӨЖ мазмұны: Табиғи ортаны ластаушы заггар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шогырлануына және адам организміне әсер ету уақытына карай әр түрлі жагымсыз нәтижеііер туғызады. Осыңдай затгардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері — адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы затгар көп молшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тілтен еліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарга ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік косіпорындардыц қаддықтары мысал бола алады. Элекгр стаңциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық жөае мүнайды қайта евдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түгін шығаратын мүржалар арқылы көптеген адам орғанизміне зиящш улы заттарды ауаға шығарады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімеи реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаунш улы заттың бірі күкірттің қос тотыгы (802) коксохимия зауыттарымен, таукен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы пвти-1 жесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылгалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадагы күкіртті сутек адам орга-низмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын тугызады.

Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық түліктің құрамыңдағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жоддарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады. Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдеріңде физиологиялық өзгерістер болады.

Цемент зауыттарьшан шыққан цемент шаңцары топырақта калий, калъций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді.

Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, оңда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратьшы, сезімі, ұйқы басуы немесе үйқысыңың қашуы, бейжайлық, ұмытшақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Дәрігерлер адамдардың әр түрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр.

Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталган бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы — радиоактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шыгарылган сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Радиациялық ластанудың негізгі кездері - альфа, гамма және бэта сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам - жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.

Сәуле ауруы сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радиациялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.

Сәуле ауруының дәрежесі алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар сәуле ауруын көтере алмайды. Адамдарда 50 рентген мөлшеріндегі сәуледен сәуле ауруы байқалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды.

Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерден ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.

Сәуленің әсер ету мөлшеріне қарай төрт дәрежедегі сәуле ауруы болады: 1-дәрежесі жеңіл түрлі 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа — 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр — 300-500 рентген мөлшерінде; 4-ші дәрежесі өте ауыр — 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.

Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанулардан басқа адамда әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын мйкроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің және адамның организмінде кездеседі.

Жер бетіндегі 1500000 жануарлардың 50000 жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам паразиті болып есептелінеді. Адам паразиттерінің көбісі ауру тудыратын жәндіктер. Иесінің денесінде тіршілік етуіне қарай паразиттер: уақытша және тұрақты больш бөлінеді. Уақытша паразиттер иесінің денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттердің иесі тек азық үшін ғана емес, тіршілік ететін ортасы. Оларға безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.

Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт -адам организмінің өлсіреуі, оның қорғансыз қалуы. Дені сау организмге түскен микробтар өсіп-өнуге айрыкша жағдай керек. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі клеткаларда өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитіңде өсе алады. Сол сияқты тек ішек қарынның шырышты сілекей қабығында өсіп-өнуге бейімделген, тек сол кдбыққа жеткенде ғана ауру шақыра алатын тырысқақ, қантышкдқ, іш сүзегі миқробтары басқа жерлерде ол ауруларды тудыра алмайды.

Тіршілік етуге бейімделген клеткаларға микроорганизмдердің жетуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді. Бірінші — ауадағы тамшылар көмегімен тарау, яғни жұқпалы аурулардың тыныс жолдары арқылы жұғуы, ал сырқат түкіргенде, жөтелгеңде, сөйлегеңде ауру қоздырғыш микробтар шашырап, ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының шырышты сілекей қабығына жетеді. Осылай тарайтын ауруларды ауалы-тамшылы аурулар тобы деп атайды. Оларға тымау, қызылша, шешек аурулары жатады.

Екінші — ауыз арқылы тарау, ягаи микробтардың ішек-қарын жоддарына түсуі. Ал қоздырғыш миқробтар болса қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолмен ішек- I қарында болатын жұқпалы аурулар тарайды. Оларға: қантышкдк, I тырыскдқ, сальмонеллез, полиемелит жатады. Бұл аурулардьш I қоздырғыштары жейтін тағам, ішетін су арқылы ішек-қарынньш I шырышты сілекей қабығына жетеді. Бұл аурулар жуылмаған лас қол және шыбын арқылы да тарайды.

Үшінші қан арқылы тарау, яғни микробтардың маса, бүрге, кандала, бит сияқты жәндіктер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына: безгек, бөртпе, сүзек, оба, туляремия, энцефалиттер, т.б. жатады.

Төртінші — жұқпалы аурулар қоздырғышы мен зақымдалған және зақымдалмаған адамдардың терісі мен шырышты сілехей қабығының бір-біріне жанасып тиюі немесе сүйкесуі арқылы тарауы. Бұған жыныстың жұқпалы аурулары (мерез, гонорея, СПИД), қүтыру, сіреспе, газды гангрена, т.б. жатады. Жұқпалы аурулардың осындай таралуы эпидемиялық түрғыдан шапшаң және жай таралатындар деп аталады. Ол ауру жұғу үшін теріде, шырышты сілекей қабықта жарақат болуы қажет.

Биологиялық ластаушыларды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Жеке басының тазалығын сақтамаудың нәтижесінде жуылмаған жеміс-жидек, көкөніс арқылы дененің терісін жарақаттап алған кезде олар адам организміне келіп түседі.

Көптеген ауру тудырғыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың тарауына себеп болады. Сондықтан артезиан суларын, құдық пен Бұлақ суларын пайдаланар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сияқты ашық су көздері көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздерінің тырысқақ, іш сүзегі, қантышқақ ауруларының таралуына себеп болған кездері жиі кездеседі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі:


1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым.1997ж.

2.Е.Мамбетказиев. Қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы Қайнар.1990ж.

3. Жамалбеков Е. Ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. Қазақ университеті 2001 ж.

Қосымша:


4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. Қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.

5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.

6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.

7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.

8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.

9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.

10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.

Екінші аралық бақылау




Тақырыбы

Апта реті

Ұпай саны

Бақылау түрі

1

Қоршаған ортаның ластануы – ғаламдық мәселелер.

  1. Қоршаған ортаны қорғау

  2. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері

3. Азаматтардың кейбір экологиялық негізгі қүқықтары

8 апта



2 б

Глоссарий

Тест


2

Ғылыми – техникалық прогресс және қоршаған ортаның ластануы.

  1. Экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық келісім шарттар.

  2. Севилья стратегиясы










3

Климат – Жердегі негізгі экожүйелерді қалыптастырудағы басты фактор.

  1. Экожүйе түсінігі дәрежелері

  2. Экожүйелердің тұрақты даму

  3. Экожүйенің гомеостазының ерекшеліктері

8 апта

2 б

Бақылау сұрақтары

Тест


4

Атмосфералық ауаның ластану себептері және салдары.

  1. Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары.

  2. Атмосфераның газдық құрамы.

  3. Қазіргі атмосфераны қалыптастыруда тірі организмдердің ролі.










5

Дара организмдер мен популяциялардың экологиясы.

  1. Популяция және оның құрылымы

  2. Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттер

  3. Популяциялар санының ауытқулары.

9 апта

3 б

Реферат тақырыбы

Тест


6

Биосфераның біртұтастығы және орнықтылығы.

  1. Биосфера туралы концепцияның қалыптасуы.

  • Биосфера және ноосфера туралы В.И.Вернадскийдің ілімі, тірі зат концепциясы.










7

Табиғи ресурс тар және табиғатты ұтымды пайдалану.

  1. Табиғат және табиғи ресурстар

  2. Сарқылмайтын ресурстар

  3. Сарқылатын ресурстар

10 апта



2 б

Тест


8

Қазақстанның экологиялық проблемалары.

  1. ҚР табиғи ортасының бүзылу процесі оның себеп-салдары.

  2. Арал өңірінің әлеуметтік-экологиялық проблемалары.

  3. Семей ядролық полигоны және ҚР территориясындағы полигондар.










9

БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы.

1. Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ –ң рамалық конвенциясы

2.БҰҰ конферециясының декларациясындағы ережелер


10 апта

2 б

Бақылау сұрақтары

Тест


10

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.

1. Табиғи ортаның жағдайы және оның қорларын ақпараттық бақылауының кадастрлық жүйелері.

2. Кадастр түрлері және олардың сипаттамасы. Табиғи ортаның жағдайын есептеудің автоматикалық жүйесі.











11

Микроорганизмдерді аутэкологиялық және синэкологиялық зерттеулер.

  1. Бактерияларды классификациялауда қолданылатын негізгі белгілердің топтары: морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық

2Қарапайымдар және балдырлардың экологиясы.

3Микроскоптық саңырауқұлақтардың экологиясы.



11 апта

2 б

Тест

12

Микрорганизмдердің биосферадағы ролі.

1. Микроорганизмдерді аутэкологиялық және синэкологиялық зерттеу.

2. Микроорганизмдердің өзара және басқа тірі организмдермен қарым-қатынасы.











13

Генетикалық материалдардың өзгергіштігі.

1. Экологтар мен генетиктер жаңа түрлердің түзілуі

2.Өзгергіштік формалары.

12 апта




2 б

Глоссарий

Тест




14

Мутациялық процесс.

  1. Мутациялардың жүйесі.

  2. Мутациялардың пайда болу жиілігі.










15

Геномның мобильді элементтері.

1.Геном туралы жалпы түсінік. Геномика - геном туралы ғылым.

2.Хромосомалық карталар. Эукариоттар геномдарының көлемі.


12 апта

2 б

Бақылау сұрақтары

Тест


16

Экологиялық биологияның қолданбалы аспектілері.

1. Генетикалық қауіпсіздік мәселелері.

2. Генетикалық токсикология.











17

Популяция эволюциялық процестің өлшем бірлігі.

1.Популяция ұғымы және критерилері

2.Популяцияның түрлері (клональды және панмиксиялық.)


13 апта

2 б

Реферат

Тест


18

Табиғи сұрыптаудың әсері.

1. Генрік миграциялар ерекшеліктері.

2. Популяциялардағы генетикалық эволюцияның факторлары.











19

Өзгергіштік органикалық табиғаттың қасиеттерінің бірі.

              1. Мутациялық өзгергіштік

              2. Мутагенез және канцерогенез

              3. Тура және кері мутациялар

14 апта



1 б

Тест


20

Мутациялардың пайда болу жиілігі.

  1. Мутациялардың жүйесі.

  2. Табиғи популяциялардағы мутациялардың кездесу жиілігі.










21

Ортаның мутагендік факторлары.

        1. Мутагендік факторлардың қысымына популяцияның қайтаратын жауабы

        2. Мутагендік факторлар

        3. Тура және кері мутациялар

        4. Репарация типтері

14 апта

2 б

Бақылау сұрақтары

Тест


22

Мутацияның қысымы және адам популяциясының генетикасы.

  1. Ластану дәрежесін анықтау.

  2. ДНҚ репарациясының типтері. Фотореактивация

15 апта

-

-

23

Генетикалық қауіпсіздік мәселелері.

      1. Генетикалық кауіпсіздіктік азаюы.

      2. Геномның мобильді элементтері.

      3. Генетикалық материалдар

      4. Ген биохимиясы

15 апта

-

-

24

Биологиялық алуан түрлілікті сақтаудың биотехнологиялық әдістері

Биотехнология ғылымның жаңа бір саласы ретінде.

Биотехнологияның адам өміріндегі маңыздылығы.

Биотехнологиялық әдістер.



15 апта

-

-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет