ПӘні бойынша 050607 – биология мамандығының студенттері үшін обсөЖ ТАПСЫРМАЛАРының


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет4/11
Дата11.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
#127551
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Глоссарий


Қоғам

Техника


Ғылым

Прогресс


Экология

Экономика

Ресурс

Тест тапсырмасы



1. Экологаялық кауіпсіздікті, қоршаған ортаға тигізетін зиянды зардаптарын

болжау және бағалау мен қоршаған орта мониторингін қамтамасыз ету

міндетін сипаттайтын сала:

А) теориялық экология

В) географяя

С)химия


D) қолданбалы экология

Е) биология

2. Аталған ғалымдардың қайсысы толерантталық заңын тұжырымдаған?
А) В. Шелфорд

В) Г. Гаузе.

С) В. Вавилов

D) Б. Коммонер

Е) В. Сукачев

3.Біріншілік периодты түрде ықпал ететін экологиялық факторларға

келесілер жатады:

А) Жердің айналуы, жыл мезгілдерінің ауысуы.

В) Адамзат баласының қоршаған ортаға әсері.

С) Суда еріген газ құрамы, температура.

D Стикиялық қуұылыстар.

Е) Ылғалдылық, жарықтық

4. Таралымның немесе биомассаның аудан немесе көлем бірлігіңдегі

мөлшері қалай аталады?

А) Популяция тығыздығы

В) Биотикалық потенциал

С) Элиминация .

D) Папуляция саны

Е) Логистикалык өсу

5. Дербес ғылым ретінде экология шамамен қаншасыншы жылы

қалыптасты?

А)1854ж

В)1860ж.

С)1900 ж.

Д)1954 ж


Е)1904 ж.

6. "Экожүйе" терминін енгізген ғалым:


А)А.Тенели, 1935 ж.

В) В.И Вернадский, 1941 ж.

С)Н.Реймерс, 1994 ж.

Д)Э.Геккель, 1866 ж.

Е)В.НСукачев, 1940ж.

7. .«Экологиялық қуыс» терминін ұсынған;


А) Ч.Элтон

В) Дж.Гриннель

С) Э.Геккель

Д) К.Мебиус

Е) В.Н.Сукачвв

8. Жаратылыстану ғылымыңда экологиялық көзқарастын қалыптасу

кезеңдері:

А) XVIII - XIX ғ

В) Ұ-У1 г.

С) ІХ-Х ғ.

Д) VII-VIII ғ.

Е) Х-ХІІғ.
1-апта

ОБСӨЖ№3

ОБСӨЖ тақырып: Қоғам және табиғат қарым – қатнасының эвалюциясы.


ОБСӨЖ жоспары:

  1. Ғылыми – техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері

  2. Табиғат дамуының заңдылықтары

  3. Адамның табиғатты езгертуі


ОБСӨЖ мәтіні:

Жер шарындағы халық саньгаың жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасьш күрделендіріп жіберді.

Пайдалы қазба қорларының тиімсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер өлемі мен жануарлар дүниесінің көп түрлі-лігінің азаюы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудыруда. Кейбір өндіріс орьшдары-нан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қоршаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулыгының бүзылуьша апарып соғуда. Осыньщ бөрі коршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және қалпына келтіру жүмыстарымен айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерді суландыру, орманды калпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазарту-дан өткізу, топырақтың қүнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жүмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Табиғаттағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді. Ал ондағы өзін-өзі реттеу мен қалпына келтіру процестері үзақка созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе үзақ жылдар өткен соң ғана байқайды да, түзету жүмыстары күткендей нөтиже бере қоймайды.

Өткен кезеңдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа үқыптылықпен қарап, өр істің нәтижесін бакылап, болашақта апатқа айналмауын ескеріп отыру керек.

Табиғаттың заңдылығьша селқос қараудьщ зардапты мысалдары казіргі кезде баршаға белгілі.

XX ғасырдың ортасында Кдрабүғазкәл Каспий теңізімен бөгет арқылы жалғасқан болатьш. Бүл теңіз денгейшің бір қалыптылы-ғын сақтау үшін істелген еді. Көптеген ғалымдар бүғаз суын бөлу теңіз деңгейінщ уакытша төмендеуін тоқтатады деп есептеді.

Кейін Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі бүғазбен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялық даму заңына бағынышты екендігі анықталды. Мүндай күбылыс 1929, 1933, 1941 жылдары байқалған. Сөйтіп, бүғазды теңізден белуге байланысты ағат шетттім үлкен экологиялық-экономикалық зиян келтірді. Егістердің және мал шаруашылығының өнімділігі азайып, халық арасында өлім-жітім мен ауру көбейіп кетті.

Кезекті геологиялық ырғақтың қайталануына байланысты 1978 жылдан бастап Каспий теңізі деңгейі көтеріліп, жағаларды су баса бастады. Енді бөгетті тосқауылды алып тастап, теңіз суын қайтадан бұғазға жіберу туралы шешім қабылданды.

Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағдайының және табиғи ортаның нашарлауына алып келеді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына да тән. Мақта және басқа егістіктер көлемінің артуына байланысты, Арал теңізіне құятын өзендердің суын пайдалану мақсатымен, көптеген су қоймалары мен суару каналдары салынды.

Мұндай су жүйелері өзендер суының азаюына, түптеп келгенде, оның көлемінің шұғыл тартылуына алып келді.

Қазір теңіз деңгейшің күрт төмендеуі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануьш, т.б. экологиялық проблемаларды тудырьш отыр.

Еліміздегі Арал апаты ғаламдық сипат алып, оның зиянды әсері қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін беріп отыр.

Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал' туралы). Мүмкін, Аралды қүтқаратын күн де алыс емес шығар.

Келтірілген мысалдар адамзаттың табиғатқа жауапсыз қарауға болмайтындығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекетінің салдарына көңіл бөліп, өрдайым дұрыс жолды таңдау кажеттілігін корсетеді.

Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ.

Мысалы, жидек тергенде, аң аулағанда немесе егіс алаңын тазартқанда табиғатқа белгілі бір мөлшерде зиян келтіріледі. Адамның бұл әрекеті аз мәлшерде болғандықтан, табиғи орта ретке келтіріліп, орнын толтырып отырған. Яғни табиғаттың тепе-теңдігі сақталғандықтан, әзгеріс көп елене қоймайды.

Ал мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына пайдала-нылатын алқаптардың жыртылуы, ормандардың кесіліп, өртелуі, каналдар мен жолдардың ойластырылмай салынуы көп мөлшерде сол жерлердегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне зиян келтіреді.

XX ғасьфдьщ екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасьшьщ жаңа бір саласы — алып өндіріс орындары көптеп бой көтере бастады.

Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түрлерінің мол пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді.

Ғылыми-техникалык прогрестің табигатқа тигізетін кері әсері дауыл, су тасқыны, жанартаулар, жер сілкіністері сияқты апатты құбылыстардың зардаптарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи ортаның қалып-тасқан заңдылыгын бұзып, биосферадагы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.

Адамның табиғатты езгертуі өте қауіпті экологиялық жағ-дайлардың тууына алып келді. Атап айтқанда, біріншіден, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін өнеркөсібі дамымаған мемлекеттер соғыстан кейін индустриялды даму жолына түсті. Осы мақсатта адамдар табиғи ресурстарды игеріп, жаңадан зауыт, фабрикалар жөне жолдар сала бастады. Өнеркөсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін кері әсер ауқымын кеңейтіп, жаңа кен орындарының ашылуына және игерілуіне үлес қосты. Бұл қоршаған ортаның ластануын күшейтті.

Екінпгіден, дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халқының саны тез өсіп, 1700 жылы 620 млн адам болса, 1850 жылы оның саны 1200 млн-ға жетті, яғни екі есеге артты. 1950 жылы жер шарындағы халық саны 2500 млн-ға жетсе, 1986 жылғы санақ бойынша халық саны 5 млрд-қа өсті. Біріккен Үлттар Үйымының (БҮҮ) есебі бойынша, 2050 жылға қарай дүние жүзі халқы 11,9 млрд болады деген болжам бар.

Халық санының жылдам өсуі табиғат байлықтарына деген сұранысты тудырды. Қазірдің озінде табиғат ресурстары (су, топырақ, пайдалы қазбалар, отын қорлары) озін-өзі қайта қалпына келтіре алмайтындай деңгейде пайдаланылуда. Бұл табиғаттың тозып, бүлінуіне соқтырады.

Үшіншіден, қалалар мен олардың түрғындарының саны тез осуде. Егер 1900 жылы қалаларда 300 млн адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 млн-ға, 1980 жылы 1800 млн-ға, ал 2000 жылы шамамен 3300 млн-ға жетті. Соңғы 100 жылдың ішінде халықтың жалпы санының қалаларға тиесілі бөлігі 20%-дан 51,5%-ға өсті.

Осынша адамның шағын аумақта тіршілік етіп, қоршаған ортаға кері әсерді ұлғайтуы кала мен оған жақын жерлердің қатты ластануына себепші болады.

Өрине, адамзат қоғамының дамуы табиғат қорлары есебінен болуы өбден мүмкін. Алайда бұл процестер ғылыми тұрғыда реттеліп, зиянсыз болуы керек.

Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты болып, оның ресурстарын оз кажеттілігіне жүмсап келген. Сонымен бірге адамдарда үнемі табиғатқа "қожайындық ету" арманы болған.

Адамзаттың табиғатқа, табиғи ортаға деген козқарасы болашақ ұрпақ мүддесі үшін тиімділікті, саналылықты керек ететін көзқараспен қатар жүруі қажет.

Табиғат ресурстарына баю мен пайда табу көзі ретінде қарамау керек. Аз уақыттық табысқа бола оларды ретсіз жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдыктармен ластауға болмайды.

Ғылыми-техникалық прогресс адамдарды табиғи ортаға әсер етудің аукымды мүмкіндіктерімен және қүралдарымен жарақтан-дырып қана қоймай, сонымен бірге бүл ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп береді.

Ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеудің мынадай мүмкіндіктерін ұсынады:



  • ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін қалдықсыз техно-логияны енгізу;

  • ортаның ластануын барынша азайту;

  • су шығынын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін өндірістік суды тазартып, қайта пайдалану;

  • топырактың ылғал жинауына жөне ауадағы атмосфералық газдардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру;

  • жылу мен әнергияны табиғи көздерден өндіру;

  • жаңа технологияны пайдалану.

Адамзат баласы мұндай әдіс-төсілдерді қолданған жағдайда жер шарының тыныштығы мен байлығын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Ендігі қоғам алдында тұрған мақсат — адамдардың бұған дейін қалыптасқан табиғатқа немқұрайды қарау көзқарасын өзгерту. Шындығында, табиғат бізсіз тіршілік ете алады, ал біз одан тыс өмір сүре алмаймыз. Осы қарапайым ғана шындықты түсінетін уакыт жеткен сияқты.

Ендігі жерде ендіріс көлемін ұлғайтуда калдықты аз бөлетін жөне қалдықсыз технологияға көшу, кен орнын кешенді түрде ендіру, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алу, энергия мен шикізаттың дөстүрлі түрлерін қазіргі заманғы экологиялық таза түрге ауыстыру қажет.

Барлық уақытта қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау ата-жүртсалты. Алайда бүл дүрыс экологиялық көзқарас материалдық игілікті өндіру кезінде не оны қажетке жарату туралы сөз болғанда үмытылып кетеді. Осы қарама-қайшылықтардан шығатын дұрыс жол таппаған қоғам мен адам табиғат мүддесін аяққа басып, оны "құрбан" етеді, оны қорғай алмайды. Мұндай кезде "бәрі солай істейді" дейтін көзқарас көрініс табады. Өрине, басқалардың келеңсіз төжірибесі мен табиғи ортаны бүлдірудің жалпылама сипатына сілтеме жасау—сөзсіз қателіктерге әкеледі. Гүлдеп тұрған алаңқайдың қоқысқа, өдемі көлдің батпаққа, шұрайлы шалғын мен жайылымның көшпелі құмға айналуына табиғатты тиімсіз пайдаланатын коғам мен адам кінөлі. Табиғатты қалпына келтіретін адам басқалардан осыны күтпей, өзі бастауы керек.



1-апта

ОБСӨЖ№4

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырып: Экологияның қалыптасуы және дамуы.
ОБСӨЖ жоспары

  1. А.Гумбольт, Ч.Дарвин, К.Ф.Рулье, Н.Л.Северцов пікірлері

  2. Ч.Элтон, Г.Ф.Гаузе, В.Н.Сукачев жөне т.б. еңбектері.


Студенттердің орындайтын тапсырмалары:

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғам және табиғат қарым – қатынасының эвалюциясы?

2. Техника мен ғылымның экологизациясы?

3. Ноосфераға жол ашу және оның ерекшеліктері?


Глоссарий

1. Эдафика

2. Топография

3. Климат

4. Биотикалық анализ

5. Қауымдастық құрылымы

6. Фенотип

7. Генотип

8. Дихотомия
Тақырып бойынша тест тапсырмасы:

1. Төменде аталған ғалымдардың қайсысы ғылымға “экология” ұғымын енгiздi?

А) Э. Геккель.

В) Н. Вавилов.

С) Ю. Либих.

D) Ч. Дарвин.

E) В. Сукачев.

2. Аталған ғалымдардың қайсысы толерантталық заңын тұжырымдаған?


А) В. Шелфорд

В) Г. Гаузе.

С) В. Вавилов

D) Б. Коммонер

Е) В. Сукачев

3. Дербес ғылым ретінде экология шамамен қаншасыншы жылы

қалыптасты?

А)1854ж

В)1860ж.

С)1900 ж.

Д)1954 ж

Е)1904 ж.



4. Қай жылы «мониторинг» термині пайда болды?
А) 1972.

В) 1965.

С) 1984.

Д) 1991.

Е) 1994.

5. Табиғатты қорғау дегеніміз:

А) Биосфера мен атмосфераны ластанудан қорғау.

В) Тазалағыш аппараттарды қолдана отырып қоршаған ортаны корғау.

С) Қоршаған ортаны ластанудан қорғауға арналған жұмыстар жиынтығы.

О) Қоршаған ортаның тазалығын айтамыз.

Е) Экологиялык системада тепе-теңдікті сақтау.

6. Шағын аймақтық климат қалай аталады?

А) Микроклимат.

В) Рельеф.

С) Атмосфера,

Д) Жел

Е) Температура.

7. Табиғатта барлығы бір- бірімен байланысты- табиғат барлығын жақсы

біледі» - заңын кім ашты?

А) Коммонер

В) 3юсс

С) Либих

Д) Шварц


Е) Олли

8.Тірі организмдердің экстремалъді түрлерінің температураға шыдамдылығы

не деп аталады?

А) стеногамды

В) эврифагды

С) эвригамды

Д) стенотермді

Е) эвритермді

9. "Экожүйе" терминін енгізген ғалым:
А) А.Тенели, 1935 ж.

В) В.И Вернадский, 1941 ж.

С) Н.Реймерс, 1994 ж.

Д) Э.Геккель, 1866 ж.

Е) В.НСукачев, 1940ж.

10. "Экологиялық жүйе" терминін енгізген кім?


А) А.Тенсли.

В) Зюсс.

С) Геккель.

Д) Дарвин.

Е) Вернадский.

11. Экология ғылымының зерттеу нысаны:

А) организмдердің 6ip-6ipiмен және қоршаған ортамен қарым-қатынасы



  1. биологиялық және географиялық микро макрожүйелер мен оның
    уакыт пен кеңістікке қатысты тіршілігі.

  2. адамның қоршаған ортамен байланысы

  3. биоценоздағы езгерістер

E)табиғи ресурстарды пайдалану

12. Экология дегеніміз:

А) Тірі организмдердің өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасы

В) Организмдердеи биосфераға дейінгі биологиялык жүйелердің пайда

болу заңдылығы

С) Белгілі бір территорияда өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ету

маңыздылығы

Д) Биологиялық жүйелердің құрылуы мен тіршілік ету зандылығы

Е) Қоректік орта

2-апта

ОБСӨЖ№5

ОБСӨЖ тақырыбы: Табиғи орта және адамның денсаулығы.
ОБСӨЖ жоспар:


  1. Антролпогендік факторларға сипаттама.

  2. Қоршаған ортаның химиялық, радиациялық ластануы

  3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы


ОБСӨЖ мазмұны:

Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жагдайын аз уакыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестсрдід озгеруін бакылауды дүниежүзіндегі барлық эколо-гиялық түрғыдан кызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейс-микалык, ионосферлык және баскалар) жүйелер жүргізеді.

Биосфераның абиоталық күрамының антропогендік озгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің арқасында ксзектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауга, болжауға экологиялык монито-рингтің информациялык жүйесі жасалды.

Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:



  • антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау;

  • антропогендік әсер факторларын бақылау;

  • антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының озгеруін бақылау;

  • табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;

  • антропогендік факторлар осерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосферан ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиги ортага күн қйын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатп қалдықтары түсіп отырады.

Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға жәй топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жер жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ. Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, гылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.

Табиғи ортаны ластаушы заггар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шогырлануына және адам организміне әсер ету уақытына карай әр түрлі жагымсыз нәтижеііер туғызады. Осыңдай затгардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері — адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы затгар көп молшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тілтен еліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарга ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік косіпорындардыц қаддықтары мысал бола алады. Элекгр стаңциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық жөае мүнайды қайта евдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түгін шығаратын мүржалар арқылы көптеген адам орғанизміне зиящш улы заттарды ауаға шығарады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімеи реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаунш улы заттың бірі күкірттің қос тотыгы (802) коксохимия зауыттарымен, таукен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы пвти-1 жесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылгалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадагы күкіртті сутек адам орга-низмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын тугызады.

Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық түліктің құрамыңдағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жоддарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады. Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдеріңде физиологиялық өзгерістер болады.

Цемент зауыттарьшан шыққан цемент шаңцары топырақта калий, калъций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді.

Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, оңда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратьшы, сезімі, ұйқы басуы немесе үйқысыңың қашуы, бейжайлық, ұмытшақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Дәрігерлер адамдардың әр түрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр.

Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталган бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы — радиоактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шыгарылган сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Радиациялық ластанудың негізгі кездері - альфа, гамма және бэта сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам - жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.

Сәуле ауруы сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радиациялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.

Сәуле ауруының дәрежесі алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар сәуле ауруын көтере алмайды. Адамдарда 50 рентген мөлшеріндегі сәуледен сәуле ауруы байқалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды.

Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерден ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.

Сәуленің әсер ету мөлшеріне қарай төрт дәрежедегі сәуле ауруы болады: 1-дәрежесі жеңіл түрлі 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа — 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр — 300-500 рентген мөлшерінде; 4-ші дәрежесі өте ауыр — 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.

Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанулардан басқа адамда әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын мйкроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің және адамның организмінде кездеседі.

Жер бетіндегі 1500000 жануарлардың 50000 жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам паразиті болып есептелінеді. Адам паразиттерінің көбісі ауру тудыратын жәндіктер. Иесінің денесінде тіршілік етуіне қарай паразиттер: уақытша және тұрақты больш бөлінеді. Уақытша паразиттер иесінің денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттердің иесі тек азық үшін ғана емес, тіршілік ететін ортасы. Оларға безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.

Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт -адам организмінің өлсіреуі, оның қорғансыз қалуы. Дені сау организмге түскен микробтар өсіп-өнуге айрыкша жағдай керек. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі клеткаларда өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитіңде өсе алады. Сол сияқты тек ішек қарынның шырышты сілекей қабығында өсіп-өнуге бейімделген, тек сол кдбыққа жеткенде ғана ауру шақыра алатын тырысқақ, қантышкдқ, іш сүзегі миқробтары басқа жерлерде ол ауруларды тудыра алмайды.

Тіршілік етуге бейімделген клеткаларға микроорганизмдердің жетуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді. Бірінші — ауадағы тамшылар көмегімен тарау, яғни жұқпалы аурулардың тыныс жолдары арқылы жұғуы, ал сырқат түкіргенде, жөтелгеңде, сөйлегеңде ауру қоздырғыш микробтар шашырап, ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының шырышты сілекей қабығына жетеді. Осылай тарайтын ауруларды ауалы-тамшылы аурулар тобы деп атайды. Оларға тымау, қызылша, шешек аурулары жатады.

Екінші — ауыз арқылы тарау, ягаи микробтардың ішек-қарын жоддарына түсуі. Ал қоздырғыш миқробтар болса қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолмен ішек- I қарында болатын жұқпалы аурулар тарайды. Оларға: қантышкдк, I тырыскдқ, сальмонеллез, полиемелит жатады. Бұл аурулардьш I қоздырғыштары жейтін тағам, ішетін су арқылы ішек-қарынньш I шырышты сілекей қабығына жетеді. Бұл аурулар жуылмаған лас қол және шыбын арқылы да тарайды.

Үшінші қан арқылы тарау, яғни микробтардың маса, бүрге, кандала, бит сияқты жәндіктер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына: безгек, бөртпе, сүзек, оба, туляремия, энцефалиттер, т.б. жатады.

Төртінші — жұқпалы аурулар қоздырғышы мен зақымдалған және зақымдалмаған адамдардың терісі мен шырышты сілехей қабығының бір-біріне жанасып тиюі немесе сүйкесуі арқылы тарауы. Бұған жыныстың жұқпалы аурулары (мерез, гонорея, СПИД), қүтыру, сіреспе, газды гангрена, т.б. жатады. Жұқпалы аурулардың осындай таралуы эпидемиялық түрғыдан шапшаң және жай таралатындар деп аталады. Ол ауру жұғу үшін теріде, шырышты сілекей қабықта жарақат болуы қажет.

Биологиялық ластаушыларды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Жеке басының тазалығын сақтамаудың нәтижесінде жуылмаған жеміс-жидек, көкөніс арқылы дененің терісін жарақаттап алған кезде олар адам организміне келіп түседі.

Көптеген ауру тудырғыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың тарауына себеп болады. Сондықтан артезиан суларын, құдық пен Бұлақ суларын пайдаланар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сияқты ашық су көздері көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздерінің тырысқақ, іш сүзегі, қантышқақ ауруларының таралуына себеп болған кездері жиі кездеседі.

2 –апта

ОБСӨЖ №6

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырып: Өндірістік қаладағы атмосфералық ауаның жағдайы.
ОБСӨЖ жоспары:


  1. Өндіріс экологиясы

  2. Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан экологиялык жағдай





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет