Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет17/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Философия лекции 2023

Ф.Ницше философиясындағы "Асқан адам"
Мәңгілік қайталаным мағыналы шаттық иесінің мәңгі қайталануы болса, онда түкке тұрмайтын тобырлардың Мәңгілік қайталануы қалай болады? Әрине, олар ырықсыз, терістегіш, керітартпа күш болғандықтан өз өзіне қайшылығы себепті олар бір реттік қана, ешқашан қайталанбайды, соңғы рет қана болады. Бұл түрдегі сұрыптаудан белсенді, жігерлі, қолдағыш, растағыш күштер іріктеліп, барлық бейшара, кертартпа, кері кеткен, ырықсыз күштер ығыстырылады, аласталады. Осынау тазарту бейнелеп айтқанда Асқан адамды (супермен) туғызады. Бұл Ницшенің эволюция идеясымен де байланысты екенін көрсетеді —— Асқан адам Мәңгілік қайталанымның іріктеуі мен сұрыптауының нәтижесі. Ницшенің саясаттану идеясы бойынша қоғам дәрежелі болуға тиіс. Егер ұсақ тобырлар Мәңгілік қайталанымда тозып жоғалатын болса, біртіндеп әлеуметтік дәреже де жойылады. Мәңгілік қайталанымда тіршілікті шірітетін, кері кетіретін, әлсірететін терістеуші күштер мен керітартпа күштерге шығар жол жоқ. Тек тіршілікті жақтайтын күштер, жетілдіретін күштер, шабыттандыратын, жігерлендіретін күштер ғана Мәңгі қайталануға тиіс. Демек, Асқан адамның туылуына алып баратын Мәңгілік қайталанымда талғампаздық және сұрыптау жүреді: кәртею мен шіру ығыстырылады, әлсіздік шектеледі, тіршілікке қарсылық сыналады. Тек мықтылар ғана Мәңгілік қайталанады, әлсіздерге шығар жол жоқ, тек балалар ғана қайталанады, кәрілерде қайталану мүмкіндігі болмайды, тек дені сау кемел адамдар ғана қайталанады, ауырулар мен жабылар жойылып отырады, тек тіршілік күшін растаушы, жақтаушылар ғана қайталаанады, тіршілікті терістеуші күштер қайталанбайды. "Асық үйіру" мағынасында: "Мәңгілік қайталаным кездейсоқтықты да растайды, асық үйірудің рет саны мен асық үйірудің өзін растайды, қолдайды, содан сөзсіздік келіп шығады." Асық үйірудің нәтижесінің қайталану мүмкіндігі шексіздіктегі кездейсоқ бір рет, ол шекті күйдегі Мәңгілік қайталанымға алып барады". Шексіз көп кездейсоқтық болмаса, шекті сөзсіздік болмайды, көптік болмаса бірлік болмайды. Дегенмен, Ницше айтқан: "Сенің тұрмысыңдағы азабың, шаттығың, идеяң, тіпті айтып жеткізуге болмайтын барлық нәрселер, үлкенді-кішілі істер түгелдей сенің бойыңда қайталанады, ұқсас тәртіппен қайта көрінеді." Демек, қайталанбайтындарға қарағанда қайталанатындары көбірек болмақ.
Дегенмен, егер бұл түрдегі растау мен терістеу мәмілесі егер Мәңгілік қайталану сенімінен туатын болса, ал қайталанудың өзі объективті түрдегі рас нәрсе емес болса, онда ол бейне И.Канттың Ақыл туралы үш жорамалы секілді тек субъективті нәрсеге айналады. Ондайда, растау мен терістеу мәмілесі өмірдің шолақтығына бола және барша жаратылғанның күйреуіне орай үмітсіздікке беріледі. Сондықтан Ф.Ницше мұнда Мәңгілік қайталанудың объективтігін баса дәріптеді.
Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы
Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық - тарихи, әлеуметтік-саяси жағдайларға байланысты болып жатқан үрдіс - өзгерістер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, оз жол идеяларымызды нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі, халықтың рухани бастауларға көңіл аударуы және үзіліп қалған идеялық сабақтастықты іздеу, толықтыру, жаңа коғамымыздағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын дұрыс саралау кезеңінде дүние бақытты және үйлесімді болуға тиіс және болады деп сенген, бірақ ол заман әрбір адам өзіндегі "нәпсі кеселін жойып", бүкіл адамзат тағдырына немқұрайлы пен қарауды қойғанда ғана орнайды деп болжаған Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ілімі, оның ішінде өзін-өзі іздеу және тануға, іштей түлеу, ширығу және дамуға құрылған бірегей адам тұжырымдамасы маңызды да ерекше жаңалық, терең де соны толықтыру болмақ. Өйткені, қандай да болмасын жаңа қоғамның сапалық жаңалығы, оны қалыптастырудағы жетістіктер, сайып келгенде сол қоғамдағы әрбір тұлғаның имандылық жағынан жетілуімен өлшенеді. "Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады?" - деп толғанады ойшыл 2. Бұл сұраққа жауап ретінде ол түрлі әлеуметтік-қоғамдық теорияларға тоқталып, адам мінез - құлқы әсер ететін қоғамдық құбылыстар ішіндегі ерекше рөл атқаратын ұғымдар мен идеяларды талдап, адам мен қоғамның байланысы жөніндегі түсінікті, Шопенгауэрдің философиясын, "табиғи құқық", "қоғамдағы келісім", "ақылды өзімшілдік" теорияларын сынай келіп, "бұларды жекелей алғанда ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды" деп тұжырымдайды. Оптимистік дүниетаным жасауға тырысып, Шәкәрім ақыл-ой тұрғысынан алғанда, өмір азабы адам тіршілігінің атрибуты бола алмайтындығын дәлелдейді. Шәкәрім танымы өз дамуының идеялық - теориялық күрделі жолын басып өтті. Сөйтсе де Шәкәрімнің идеялық, философиялық мұрасын ғылыми бағалау оның дербес, сом тұлғалық, бірегей еместігі туралы пікірді толық жоққа шығарады. Ойлау жүйесіндегі қайшылықтарына қарамастан, философия мен әлеуметтік өмірде қоғам мен ғылым талап еткен мәселелерді өзі сезініп, өзі қойып, өздігінше шешті..Жаратылыс Шәкәрім, даму баспалдақтары мен жетілу формаларына жіктеледі. Дүниелік тұтастықтың түрлі құрылымдық формаларын көлденең түрде Шәкәрім төрт топқа бөледі: бірінші: өсімдік, екінші: жан-жануар, үшінші: адам, төртінші: "Алғашқы себеп". Шәкәрім адамды мұнда жер бетіндегі тіршілік түрлерінің бірі ретінде жіктелу сатысының жоғары баспалдағына қояды. Әйтсе де Шәкәрім адамның әлемдік дамуға әсерін мойындағанмен, жата-жастана қолдамайды. Болмыс, Шәкәрім - рухтың көрінісі. Шәкәрімнің болмыс туралы түсінігін шартты түрде үшке бөлуге болады.: І. Материалды болмыс немесе табиғи болмыс. 2.Әлеуметтік болмыс. 3.Рухани болмыс. Болмыстың үшінші түрі алдыңғылардың бастамасы болып табылады. Рухани болмыс – белгілі дәрежедегі белсенді күш. Дәл осы рухани болмысты ойшыл дүние бірлігінің негізі деп біледі. Рухани болмыс "таза ақылдың" қабілет - күші толық ашылатын табиғи болмысқа әсер еткенмен, Шәкәрім түсінігінде олар тек әлеуметтік болмыста ғана бірігеді: ақыл-ой және адам бір-біріне жат емес. Өйткені, тірі тіршілік түрлері ішінде адам ғана ойлау қабілетіне ие. Тіршіліктің пайда болуы туралы мәселені материалистік атомистика және эволюционизм рухында бастағанымен, оның философиясының консервативті жақтары белең алып, өз теориясын тіршіліктің ғажайып жолмен пайда болуы туралы ойлармен тұжырымдайды. Табиғат болмысының негіздерін түсіндіре отырып, Шәкәрім өз заманының ғылыми жетістіктерін және тіпті, философиялық материализмнің жеке қорытындыларын пайдаланады. Галилейдің, Ньютонның, Коперниктің тәжірибелік мәні бар ғылыми ойларнн қабылдайды. Ал, Шәкәрімнің ұжданы Канттың ұғымымен ұқсас болғанымен, бүл екеуінің арасындағы айырмашылықтар байқалып тұрады. Біріншіден, ұждан ұғымы - діни, діни болғанда мұсылманшылдық сарын басым этикалық өлшем. Екіншіден, жан ешуақытта жоғалмайтын, қайта барған сайын жоғарылай беретін нәрсе болғандықтан белгілі бір түрткіге мұқтаж. Үшіншіден, ынсапты, әділетті, мейірімді бол деген уағыздардың жиынтық бейнесі іспетті ұждан о дүниеге де, бұл дүниеге де қажет нәрсе. Демек, Шәкәрімнің ұждан туралы ілімі - мұсылманшылдық сарыны басым этикалық тұжырымдама. Ол - адамды рухани тазалыққа, имандылыққа жетелейтін ілім.
Ал, енді осы ілімнің ғылыми жағынан негізделу дәрежесі қай деңгейде екендігіне көз жеткізейік. "Мен, - дейді Шәкәрім, - жан да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім: 1. Шақырмаған жан келіп кейде өзіне пәленшенің жаны екеніне нанарлық сөз айтарлығы: 2. Шақырмаған кісіге бақсылық - дуаналық, фахризм, жындылық кез болатыны; 3. Ұйқыда кезу (лунатизм), магнитизммен біреудің еркін билеу, түсі дәл келу - бұл үш бөлік қуаттан іздеу қате деймін". Шәкәрім өз ойларын қорытындылай келіп "өлген соң жан өміріне нана алмай ұждан, ар, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған иесінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң жолы тазарта алмайды. Егер адам жанының өлген соңғы өмір мен ұждан соның азығы екендігінен әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де, жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты" деп тұжырымдайды. Ұждан" теориясы арқылы Шәкәрім рухани патшалықты, өмір мәнін объективті дүниеден емес, адамның өзінен іздейді және табады. Қозғалыс сыртқа емес, субъектің өз ішіне бағытталады. Не табиғаттағы эволюция не тарихи немесе әлеуметтік прогресс адамшыл кепілі бола аламайды. Тек қана ұждан! Шәкәрім діндар емес. Дінді ортодоксальды мағынада емес, жалпыға бірдей тиісті этикалық нормалар мағынасында қарастырады. "Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты" дегенде де ең алдымен ислам дінін, дүниетанымын қалыптастыру, имандылық тәрбиесінің басты элементі болу, жалпыға ортақ мүддені қорғау қабілеті консолидация тұрғысынан жоғары бағалады. Шәкәрім тіршіліктің "төменгі құрылымынан" жоғарғы көлем түріне өсіп, күрделеніп, дамып отыратындығын және қалай болса солай ретсіз, жүйесіз жаратылып емес, қажеттілігіне қарай белгілі тәртіппен себеп-салдар қатынасы бойынша дамып отыратындығын, "адам құрамының" сол тіршіліктің дамуы барысындағы өзара тығыз бірлестіктегі бөлшегі және жаратушы рахымының арқасында жанның ең күрделі түріне ие болған бөлшегі екендігін жазады.
Табиғат неше түрлі жан жаратты,
Не үлкен, не кішкентай тән жаратты.
Керексіз, жансыз нәрсе жаратқан жоқ,
Есепсіз қанша мың мен сан жаратты.
Өсімді, ең күшті жан адамда тұр,
Алдында жақсы да түр, жаман да тұр.
Өзгенің бәрі жалғыз адам үшін,
Жаралып орны-орнымен ғалам да тұр.
Шәкәрім ұғымында адам болмысының тәндік бөлігі, "сауатты" табиғи жолмен "айуаннан өсіп жаратылса", танымдық, психологиялық қабілеті жан шарапаты арқасында қалыптасады. Өйткені, адам жаратылысы үстінде табиғат болып көрмеген дарындылық танытып, өз дамуы сатысына ілгері қарай үлкен қадам жасаған: оған жан-жануарлардың бойындағы айрықша ақылды жан немесе таза ақыл берген. Таза ақылдың аркасында адам абстрактылықты меңгереді, пайдалы зиянды ажыратады. Өзіндік тану идеясында Шәкәрім жеке адамның, тұлғаның өз қасиеттері мен таланттарын, интеллектуалдық көрсетуге талабын, мүддесін және құқық қажеттілігін нақтылады. Бұл идеялардың антропологиялық сипатын адам қасиеттерін басқа тіршілік иелерімен салыстыра талдауда ғана емес, адам сезімі мен ақыл-ойының рөлін ашудан адамның дүниені тануға ұмтылысынан қондырғысын, субъектінің табиғи және ақыл - ойлық қорын ашып көрсетуінен байқаймыз. Шәкәрім, танымды адам жоғарғы Тәңірге немесе құдіретке емес, өз қабілеті мен күшіне сенуге бағыттауға тиіс. Логикалық операциялар арқылы себептен салдарға қарай қозғала отырып, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ұқсастығын байқап, олардың өзгергіштігін көріп, өзіндік ой - тұжырым жасауға тиіс. Шәкәрімнің "арлы азаматы" - жақсы мен жаманның жігін ажыратып қана қоймай, сөз бен істе түзу, әділ жолдан ауытқымайтын, орынсызды айтпайтын, намысшыл азамат. Экономикалық тұрғыда заман талабын, әлеуметтік қажеттілікті сезінуші (ол тұстағы қажеттіліктің алғашқысы - отырықшылыққа), еңбекшіл кәсіпкер, табиғи әрі рухани дүниеде нық бекіген, ішкі дүниесі біртүтас әрі азат, өмір жолын өзі таңдап, тағдырын өзі жасаушы, жүрген жерінде әділет, ынсап, мейірім көрсетіп, жамандыққа жол бермес білімқұмар тұлға. Шәкәрімнің пікірінше, рух бостандығына жету жолы: 1) еңбек, 2) өнер, 3) жалпы білім, 4) ар білімі. Тек соңғысы ғана қарым - қатынастағы, іс-әрекеттен қажетті және мөлшерді көңіл көзімен көріп, берік ұстануға үйретпек. Осы жерде Шәкәрім "Құба төбел" ұғымын философиялық өлшем ретінде ұсынады. "Құба төбел" - ақылдың, арлылықтың көрінісі. Ұшқырлықтан, біржақтылықтан, ифрат пен тафриттен (ифрат тым артык, тафрит тым кем) сақтандырып отыратын алтын ортаның темірқазығы. Шәкәрім "Ер қоспақ пен сөз сөйлемек" атты өлеңінде диалектиканың маңызды категориялары мән мен құбылыс, түр мен мазмұн туралы толғанып болмыстың сыртқы жағы мен ішкі астарлы сыры бар екендігі, ол жағының біріне-бірі әрқашан сай келе бермейтіндігі, бір нәрсенің табиғатын толық түсіну үшін оның анықтаушы тағы басқа түрлі жақтарының қайшылығын, қарама - қарсылығын біріктіре қарастыру керек екендігі туралы тұжырым жасайды. Осылайша, Шәкәрім адамның ерекшелігі оның әлеуметтік орны - моральдық белсенділігі мен өзгертуші күшінде деп біледі. Ал оған тек білім арқылы, өзін-өзі тану арқылы жетуге болады деп қорытындылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет