Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)



бет4/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#133658
1   2   3   4   5

Бұлшықеттердің жіктелуі

Толып жатқан бұлшықеттерді (олар 400-ге дейін) пішшіндері, құрылысы, қызметтері және дамулары әр түрлі:

1) Пішіні бойынша ұзын, қысқа және жалпақ бұлшықеттерді ажыратады. Ұзын бұлшықеттердің пішіні ұршық тәрізді болады да, ортаңы бөлігін құрсақ деп атайды. Бір ұшы бұлшықеттің бастауына сәйкес келеді де басы, деп, екінші ұшы құйрық деп аталады. Ұзын бұлшықеттердің сіңірі, енсіз лента тәрізді болады.

2) Талшықтардың бғыты бойынша тік талшықты, қиғаш талшықты көлденең талшықты айналма талшықты еттерді ажыратады. Егер қиғаш талшықтар сіңірге бір жағынан бекісе бірқауырсынды, ал екі жағынан бекісе – қос қауырсынды бұлшықеттер пайда болады.

3) Қызметі бойынша бұлшықеттер бүгушілер ал жазушыларға , жақындатушыларға ,алыстаушыларға айналдырушыларға , ішке қарай және сыртқа қарай болып бөлінеді.

4) Буындарға қатысы бойынша бір-, екі- және көпбуынды болып бөлінеді. Көп буынды бұлшықеттер ұзын болғандықтан бір буындылардан беткері орналасады.

5) Орналасуы бойынша беткей және терең, сыртқа және ішкі, латеральды бұлшықеттерді ажыратады.
Бұлшықеттердің көмекші аппараты
Бұлшықеттің негізгі бөліктері – денесі мен сіңірінен басқа, оның жұмысын жеңілдететін көмекші аппараттар бар. Бұлшықеттер тобы фасция деп аталатын талшықты дәнекер ұлпадан тұратын қабықтармен шандыр қабықпен қоршалған.

Құрылысы мен функциялардың ерекшеліктері ббойынша беткей, терең фасцияларды және мүшелердің фасцияларын ажыратады,

Аяқ – қолдардың кейбір буындарының тұсында фасциялар қалыңдап, сіңірлерді ұстап тұруды түзеді. Бұлардың астында сіңірлер өтетін фиброзды және сүйек фиброзды өзектер пайда болады. Сіңірлердің фиброзды өзекте сырғанануын жеңілдететін оны астарлап жатқан синовиальды қабықтан жасалған синовиальды қынап жеңілдетеді.
Тақырып 7 Қанның жас ерекшеліктері. Қан айнау оргадары

Қан, лимфа және тінаралық (интерстициялық) сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан қүрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері түракты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында орга­низм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс (үйек) суығында да, оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы түрақтылыққа байланысты. Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне түңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді. Ол (1878 ж.) организмнің ішкі сүйықтық ортасының салыстырмалы түрақтылығы тіршілікті сақтау-да өте қажет екендігін мәлімдеді. 1929 ж. америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты-басты биологиялық көрсет-кіштерінің (константалардың) түрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жана термин үсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен қүрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің түрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т. т.) айтады.

Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи қүбылыстарымен ойдағыдай қарым-қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сакталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай-ақ денедегі арнайы механизмдердің катысуымен гомеостаз әдетте бүзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік түрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мүны гемокинез дейді.

Қан - жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сүйыктық. Жа-рақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртка ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.

Қанның негізгі қызметтері:


  1. Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады {тасымалдау қызметі).

  2. Оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді (тыныс алу қызметі).

  3. Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен түздарды (минералдарды) тіндерге жеткізеді (трофикалық яғни нәрлендіру қызметі).

  4. Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен, адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тастайды, {экскрециялық қызмет). \

  5. Қан жасушалары (лейкоциттер), плазмадағы антитәндер денеге енген микробтарды, виру стар ды, табиғаты жат, улы заттарды бейтараптайды (қорганыс қызметі).

  6. Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді, үрдістерді реттеуге катысады (гуморалдық реттеу). Қандағы биологиялық әсері күшті заттар - гормондар, медиаторлар, метаболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп тікелей немесе қантамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморе-цепторларды тітіркендіру арқылы эсер етеді (рефлекстік реттеу).

  7. Қан жасушалары (пішінді элементтер) тін жасушаларымен креаторлық байланыста болады. Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және жасушалардың табиғи қүрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа жасушалар қүрылысы жағынан ескілеріне үқсас болу үшін олардағы ақпараттардың маңызы өте зор. Тіндерге қажет мағлүматтарды макромолекулалар тасиды. Мағлүматтар бір жасушадан екіншісіне аралық арналар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мүндай макромолекулаларды басқа тіндерге кан да жеткізіп отырады.

  8. Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып жасушалар мен тінаралық сүйықтықтың коллоидтық, осмостық түрақтылығын сақтайды. Осмостық түрақтылық бүзылса жасушалар ісіп не бүрісіп қалады. РН түрақтылығын сақтауда буферлік рөл аткарады.

  9. Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сактауға қатысады.


Тақырып 8 Тыныс алу органдарының жас ерекшеліктері

Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сүйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Дегенмен, адам организмінде қоректік заттардың қоры


болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегінсіз бірнеше минөттің ішінде өліп қалады. Олай болса, оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Біздің денеміздің үлпаларында қоректік заттар мен судың біршама қоры бар, ал оттегінің
қоры жоқтың қасы - не бары бірнеше минөттік қана. Сондықтан тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі тиіс. Оттегі үлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің қүрамындағы газдарымен алмасады. Бүл оттегінің үнемі денеге кіріп және
көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып түруын Қамтамасыз етеді. Бүл қызметті кеуде уысында орналасқан өкпе орындайды. Ал өкпеден үлпаларға оттегін, клеткалардан өкпеге көмір қышқылын тасымалдайтын қан деп алдыңгы тарауларда жазғанбыз. Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жүтатьт сырткы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамып-ларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ бүл өте әлсіз қозғалыс. Бүл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.

Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір кышқыл газын таситын негізгі міндеттерінен басқа да қызмет атқарады. Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Көк еттің (диафрагманың) дем алып, дем шығарғанда көтеріліп және төмен түсуі ас қорыту мүшелеріне қысымдық әсер етіп, ішек-қарындарға уқалау (массаж) іспетті эсер етеді. Егер адам терең дем алса, бүл эсер күштірек болады. Кеуде қуысын-дағы өкпе сығылып және босау арқылы жүрекке, қолқаға, өкпе артерияларына, жоғарғы және төменгі қуыс веналарына да ас қорыту мүшелеріндегідей эсер етеді де жүректің қан-ды сорып алуына көмектеседі.

Мүнымен қатар, дем алу ырғағы жүйке жүйесі арқылы да организмге әсер етеді. Нәрестелерде тыныс аритмиясы деген ерекшелік болады: дем алғанда пульс жиілеп, дем шығарғанда және пауза кезінде азаяды. Тыныс аритмиясы әсіресе жыныстық жетілу кезінде жақсы байқалады. Ересек адамдарда мүндай эсер болғанымен балалардағыдай айырмашылық онша көп емес.

Тыныс ырғагының аз да болса, қанның қысымына, капиллярлық қан айналысьша да ықпалы бар. Өз еркімен тәжірибеге қатысқан студештерде дем шыгарғанда қолдың бүлшык еттерінің күші аздап көбейгені байқалған. Тыныс ырғағы көздің жарық сезімталдығына да аздап эсер етеді.

Тыныс ырғағы адамның миының қызметіне де эсер ететінін білу педагогтер үшін аса маңызды. Кейбір күнделікті бақылауда орын алатын жағдайларды естеріңізге алыңыз: адам аса зор ықыласпен тыңдай қалғанда дем алу сәл уақыт тоқтайды. Дем шығарғанда ынта күшейеді, ал дем алған сәтте төмендейді. Тыныс алу жиілігі жоғары болғанда, айталык, ашуланғанда адам көділ қойып бар ынтасымен ойлана алмай қалады. Мүндай жағдайда ол өзін-өзі басып, тыныідтандыруы тиіс. Тыныш отырып, қалыпты ырғақпен демалғанда адамның ойлау кабілеті жоғары болады. Сондыктан сабақ оқып жатқанда, оның алдында баланың көңілін өзгертетін ештеңе болмауы тиіс. Осыған байланысты гигиеналық та-птар бойынша мектепте қиын пәндердің алдына дене шы-ыктыру сабағын қоюға болмайды. Кей кезде баланың сабағынын нашар болуы оның мұрын қуысында пайда болып өсіп кеткен аденоидтарға (мүрын қуысындағы бездер-дін өсуі) байланысты болады. Аденоидтарды сылып алып та-стаған соң баланың сабақ үлгерімі жөнделеді. Аденоидтарды алып тастағаннан кейін басының ауырғаны, кейбір балалардын түнде төсекке дәретке отыруы, т.б. басылады, үйқысы женделеді, сөздері анық болып, сөйлеу қабілеті дүрыс дамиды.

Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедеп реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тыныс орталығы со-пақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен түрады.

Тыныс орталығының нейроңдарының қозғыштығы көмір ьііякыл газынын концентрациясына байланысты, яғни гуморалық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы тканда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышкыл газының тыныс орталығына әсері екі түрлі ясолмен іске асады: а) нейрондарды коректендіретін канның кұрамының тікелей әсері; ә) рефлекторлы жолмен көмірқьішкыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.

Бұлардан басқа да рефлекторлы турде болатын тыныс алу мушелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталык, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем aлy тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тірлік те жойылады.

Дем алу мен дем шығаруды реттеуге м и жарты шарларының қы рты стары да қатысады. Адам жаттығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірақ бұл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, әдейі жаттыққан индиялық иогтар үзақ уақыт тынысын тоқтата алады. Спортпен шүғылданатын адамдардың тыныс алуының минөттік көлемі 200 литрге дейін болатыны мәлім, ал спортпен айналыспайтын адамда ол не бары 70-80 л ғана болады. Ми қыртыстарының тынысты реттеуге қатысуының дәлеліне спортшылардың жарыс алдында, студенттердің емтиханға кірерде тынысы жиіленетіні мысал бола алады.


Тақырып 9 Ас қорыту органдары, олардың жас ерекшеліктері, зат және энергия алмасуы

Ac корытудың маңызы. Адам өзінің тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Азық-түліктен жасалған ас сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәти-жесінде пайда болған заттардан организм өзіне тән бе-йімделген заттарды қүрады.

Астың қүрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде бөлшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Азықтардың қүра-мындағы көптеген ас (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жүмыртқа, алма, өрік т.т.б.) адам денесіндегі үлпа-лардың заттарына мүлде үқсамайтындыктан, олар Қорытылып, дененің үлпаларын жасауға кажетті қарапайым заттарға бөлінуі тиіс. Мүндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе қүратын - ас қорыту мүшелерінде болады. Асты қорыту конвейер негізінде" жүреді: ас қорыту жолдарының әр бөлігінде жеген тамақтың біразы ғана қорытылады. Мысалы, автомобиль зауытында үнемі жылжып тұратын конвейе лентасының әр жерінде отырған жұмысшылар өзіңр жүктелген бір ғана жұмысты істейді, айталық, жылясьщ келген рамаға автомобильдің кабинасын, кезектегі келесі жұмысшылар мәшиненің рулін қондырады т.с.с. Міндеттері әртүрлі қаз қатар отырған жүмысшылардың алдында баяу ғана жылжып отырып конвейерден бір кезде толық автомобиль шығады.

Осы сияқты жеген тамақ та ауыз куысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң ас қазанда содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытылып және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары тік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде түрып қалып, ас қорыту бүзылады. Ac қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.

Бүл химиялық "конвейерде" асты корыту ерекше заттар

- ферменттер арқылы іске асады. Ac қорыту мүшелерінің бәрі дүрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы бірнеше


сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды бөледі. Адамның іші "кеуіп" мазасы кетеді. Әрбір фермент тек өзіне тән жұмысты ғана орьшдайды, бір ферментті екіншісімен алмастыруға болмайды. Әрине, жоғарыда келтірілген зауыт конвейерінің мысалы тек сырт көрініске ғана үқсас, шын мәнінде ас қорыту өте күрделі қызмет. Дегенмен ас корыту жүйесін зауыттың конвейерімен бейнелеп сипаттау күллі ас қорыту мүшелерінін біртүтас, бірбіріне байланысты қызметін толық елестетуге мүмкіндік береді.

Тамақтың қүрамын (ет, нан, көкөніс, жеміс т.е.) химия-лық түрғыдан зерттесек онда қоректік заттар - белок, май және көмірсу, витаминдер, түздар және су бар екенін білеміз.

Белок таза күйінде жұмыртқаның ак уызында болады, май

- өсімдік және жануарлар майы мен сары май, ал көмірсу "


крахмал мен кант түрінде кездеседі. Егер бір кесек етті алып зерттесек, оның құрамында көп мөлшерде белок, аздаған май мен көмірсу болады. Ал карттөпті зерттесек, керісінше, онда көмірсу көп болып, белок пен май аз болады. Қазіргі кезде барлық тамақтың күрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу, витаминдері мен түздары толык зерттелген. Тіпті дайын тағамдардың да мұндай көрсеткіштері белгілі.

Тамақтың қүрамьшдағы белоктар, майлар мен көмірсу өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың қүрамындағы коректік заттар организмге аса кажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың қүрамындағы витаминдер, түздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады.

Су, минерал түздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың қүрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бүл қоректік заттар ас корыту мүшелерінің кабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан түрады. Ең бастысы - олар адам денесі үшін баска текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай түрып, қорытылады.

Тамактың қүрамындағы заттардың физикалық және хи-миялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің кабыргасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас корыту сөлдерінің қатысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар - глицерин мен май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулар жай қанттарға (глюкоза және басқалар) ыдырайды. Мүндай химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің қүрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер- адам организмінің өзінде түзілетін биологиялык катализаторлар. Олар өте белсенді белоктардан түратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық байланысқа ғана әсер етеді. Ферменттердің әсерінен сөбейтін, ерімейтін курделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.


Тақырып 10 Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері

Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Теңізде тіршілік ететін қарапайымдардың организмінен бөлініп шығатын өнімдер (несеп, тер, т.б.) сыртқы ортаға диффузия арқылы немесе жиырылғыш вакуолялар көмегімен шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз жануарларында (тікентерілілер) олар сыртқы ортамен байланысқан қуыстар арқылы шығып отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда, сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және полихеттердің дернәсілі мен моллюскілердің Зәр шығару жүйесі қызметін арнайы протонефридий түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше клеткалардан тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің Зәр шығару жүйесі – метанефридий (метамерлі орналасқан жұп түтікше). Моллюскілерде мезодермадан дамыған зәр шығару органдарын целомодукта деп атайды. Ал шаянтәрізділердің Зәр шығару жүйесі – мишық безі (бастағы өскін түбінде орналасқан без).

Құрлықта тіршілік ететін жануарлар организмінде (ылғалды үнемдеу үшін) тез еритін аммиак қиын еритін гуанинге (өрмекші тәрізділерде) немесе несеп қышқылына (көпаяқтыларда, жәндіктерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда) айналады. Хордалылар арасында қабықшалылар мен асцидияда зәр арнайы қапшықта жиналады. Омыртқалы жануарларда целомодуктадан бүйрек құралады. Бүйректе түзілген зәр несеп жолымен клоакаға немесе қуыққа келеді. Омыртқалылардың эволюция даму жолында және жоғары сатыдағы омыртқалылардың жеке дамуында бүйрек дамуының 3 сатысы байқалады:



  1. бастама бүйрек (пронефрос),

  2. дене бүйрегі (мезонефрос),

  3. соңғы не жамбас бүйрегі (метанефрос).

Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен азоттық зат алмасу өнімдерін – мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.

Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуықдөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады.[1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефрит, пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.

7 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

Тәжірибелік сабақ №1

Тақырып: Балалардың және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының заңдылықтары

Сабақтың мақсаты: организмнің өсу және даму заңдылықтарын білу

Қажетті материалдар: плакаттар, кодопленкалар


  1. Дене шынығуы – денсаулықтың әлеуметтік көрсеткіші.

  2. Антропометрлік зерттеулер нәтижелерінің адамның жасына қарай киімдерін, оқу мен спорт құралдарын дұрыс анықтап білуге тигізетін іс жүзіндегі көмегі.

Өткізу түрі: ауысша сұрау, талқылау

Литература [1-13]


Тәжірибелік сабақ №2

Тақырып: Жүйке жүйесінің физиологиясы

Сабақтың мақсаты: жүйке жүйесінің функцияларын және жасқа сай ерекшеліктерін қарастыру

Қажетті материалдар: плакаттар, суреттер, конспекттер


  1. Жүйке жүйесінің ақпаратты қабылдау, өндеу, өткізу, түрлеше организм реакцияларын ұйымдастыру және психикалық қызметтерін атқару кездеріндегі рөлі.

  2. Жүйке талшықтарының жас ерекшеліктері және олардың миелинденуіне байланыстылығы.

Бақылау түрі: ауысша сұрау, талқылау

Литература [1-13]


Тәжірибелік сабақ №3

Тақырып: Жоғары жүйке әрекеті

Сабақтың мақсаты: жоғары жүйке қызметін және жасқа ерекшеліктерін қарастыру

Қажетті материалдар: конспекттер, плакаттар


  1. Шартты рефлекторлық әрекеттің жасқа сай ерекшеліктері.

  2. Қалыптасу жылдамдығы, деңгейі және шартты рефлекстердің тұрақтылығы.

  3. Еліктеру рефлексі.

  4. Бірінші және екінші сигналдар жүйесі, олардың өзара әрекеттесуінің жас ерекшеліктері.

Бақылау түрі: ауысша сұрау, талқылау

Литература [1-13]


Тәжірибелік сабақ №4

Тақырып: Талдағыштардың физиологиясы (сенсорлық жүйлер)

Сабақтың мақсаты: көз бен тері талдағыштары мысалы ретінде талдағыштардың қасиеттерін және ерекшеліктерін қарастыру

Қажетті материалдар: көз моделі, плакат, суреттер


  1. Көз қарашығының рефлекстері. Көздің әр түрлі қашықтықтан анық көру қабілеттінің жас ерекшеліктері.

  2. Көру өткірлігінің жас ерекшеліктері. Көру өрісін анықтау және оның жас ерекшеліктері.

  3. Терідегі тактилдік, суық, ыстық, ауырсыну нүктелерін санау.

Бақылау түрі: ауызша сұрау, талқылау

Литература [1-13]


Тәжірибелік сабақ №5

Тақырып: Эндокриналық жүйесі

Сабақтың мақсаты: ішкі секреция бездерінің қызметтерін, жетілу стадияларын және жасқа сай ерекшеліктерін қарастыру

Қажетті материалдар: конспекттер, таблицалар, кодопленкалар


  1. Ішкі секреция бездері. Гормондар.

  2. Жыныстық жетілу стадиалары. Сонғы жыныстық белгілердің дамуы.

  3. Жыныстық жетілудің физиологиялық және әлеуметтік аспектері (қырлары).

Бақылау түрі: ауызша сұрау, талқылау

Литература [1-13]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет