Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#133658
1   2   3   4   5

Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы. Балалардың 1-ші сигнал жүйесі тусымен дами бастайды, ал 2-ші сигнал жүйесі кейінірек қалыптасады. Ба-ланың мінез-қүлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке өрекетінің типтері ықпал етеді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде жоғары жүйке әрекетінін типтері балалардың темпераменті мен мінез-күлықтарының физиологиялық негізі екені дәлелденді. Баланың темпераменті мен мінез-қүлықтарының калып­тасуы екі түрлі әсерге байланысты:

1)ата-анасынан түқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми кыртысындағы генотиптік қасиеттері;

2) сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік қоғам орындарының әсері - балалар бақшасындағы, мектептегі, көшедегі тәрбие, т.б.) болатын фенотиптік қасиеттер. Бүл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.

Жоғары жүйке әрекетінің және ми қыртысындагы қозу мен тежелудің қасиеттерінің қалыптасуы жалпы жүйке жүйесінің дамуына сәйкес, ягни жалпы организмнің даму зандылықтары жоғары жүйке әрекетінің типтерінің қалып-тасуына да эсер етеді. Баланың жоғары жүйке әрекетінің типтері ересек адамның типтеріне үқсастау болғанымен, жа-сына лайық ерекшеліктері болады. Мектепке дейінгі жас-тағы балалардың жүйке жүйесіндегі қозуы мен тежелуі әлсіз келеді. Оған қоса қозуы басымырақ болады. Осыған байла­нысты жоғары жүйке әрекетінің күшті типтерінде олар әлсіз болады, бірақ әлсіз типпен салыстырғанда - жоғарырақ. Нерв қүбылыстарының негізгі қасиеттері тек 20-22 жаста ғана толық жетіледі. Сондықтан баланың жоғары жүйке әрекетінің типтері түрақсыз, сыртқы ортаның жағдайлары-на өте тәуелді болады. Баланың өсіп, дамуы барысында ми Қыртыстары мен қыртысасты қүрылымдарының бір-біріне ара қатынасы өзгереді де, жоғары жүйке жүйесі оның мінезщің типтерінің қалыптасуына эсер етеді.

Н- Н. Красногорский балалардын ми қыртысындағы қозуын және тежелуін зерттей келе, олардың жоғары жүйке әрекетінің 4 типтерін үсынды:

1 Күшті тең жылдам типтің шартты рефлекстері тез пай-

оолып, оңай тежеледі, бірақ пайда болған рефлекстері берік, әрі жақсы сақталады. Бүл типтегі балалардың тілі жа-тық, сөз қоры мол, мінезі үстамды.


  1. Күшті тең баяу типтегі балалардың шартты рефлекстері бірнеше рет қайталағанда ғана баяу туады. Оның тежелуі де акырын, үзақ уақытты қажет етеді. Бүл типтегі балалар ерте, бірақ баяу сөйлейді. Мінезі - өте шыдамды, үстамды.

  2. Күшті қозғыш үстамсыз типтегі балалардың шартты рефлекстері өте жылдам пайда болғанымен, тез жойылады, түрақсыз болады. Мінезі үстамсыз, шыдамсыз, көңіл -күйінің жетегіндегі бала. Сөйлегенде біресе жылдам-қатты, біресе баяу-ақырын дауыспен сылбыр сөйлейді.

  3. Әлсіз типтегі балалардың шартты рефлекстері үзақ көп қайталағаннан кейін өте баяу туады. Нервтік байланысы әлсіз, нашар, шартты рефлекстері тез тежеледі, тілі нашар дамыған, баяу сөйлейді, сөз қоры аз, сөйлегенде дауысы ақырын шығады. Ондай балалар жаңа жағдайға үзақ бейім-деледі. Мінезі жасқаншақтау. Жүмыс істегенде көпшілігі тез шаршайды.

Балалардың жоғары жүйке әрекетінің типтік ерекшеліктері олардың оқуға бейімділігінің бір көрсеткіші болып есептеледі. Сондықтан мүғалімдер оқу-тәрбие жүмы-старын, әр баланың типтік ерекшелігін ескере отырып, үйым-дастыруы қажет.

4. Бала тілінін дамуы

Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бүлшық еттерінін күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалып-тасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. 12-16 жасқа дейін адам­дармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды. Олар тек жануарлар іспетті жеке сөздерді айтып, біраз сөздердің мағынасын түсінгенімен, яғни аздап сөйлеп үйренгенімен, ол 2-ші сигналдық дәрежеде қалып-таспайды. Бүған дәлел - маймылдар тәрбиелеген адамнын балалары. Сәби кезінен бастап жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым-қатынасы кеш басталған балалар-дың нағыз адамдардай сөйлеу қабілеті болмайды, оларды адам кейпіне келтіріп тәрбиелеу де, сөйлеп үйретуі де қиын болады, кейде мүлде мүмкін болмайды. Ал ертерек, кішкентай кезінде табылған балаларды адам кейпінде нашар болса да сөйлетуге болады.

Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды.

5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде, әсіресе жарты жасқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан, сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.

Тілдің шығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор. Есту қабілеті ерте жойылған балалардың тілі шықпайды.

Жақсы еститін баланың 9 айында былдырактап сөйлегені түсінікті жеке сөздерге айналады. 2 жасқа дейінгі баланың сөйлеуі оның ана тіліне байланысты емес. 2 жастан соң ғана ана тіліне байланысты артикуляция байқалады.

1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді қүрастыру, 2-3 сөздің басын қүрау қабілеттері пай­да болады. Дені cay, жақсы дамып келе жаткан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жа­ста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің типтеріне, Қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз Қорының мөлшері әртүрлі. Сөз қоры баланың басқа адамдармен қатынасына, табиғатына, яғни генетикалық тұқым қуалаған қасиетіне, болмысты білуге арналған ынта-сына, тәрбиесіне, өмір сүріп жатқан ортасынын мәдениетіне байланысты. Баланың алғашқы сөздері оның көңіл-күйіне негізделген, өмір кажеттілігінен шыққан сөздер болса, Кеиіннен сырткы ортаны тануына, өзінің өмір тәжірибесіне байланысты.

Тақырып 4 Талдағыштардың физиологиясы (сенсорлық жүйлер)

Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім ту-дыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді.

Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральді (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.

Барлық талдағыштар 3 бөлімнен түрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.

Рецепторлық бөлім сезім мүшелерінде және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан түрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз ).

Ө т к і з г і ш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден түрады.

Талдағыштардың қ ы р т ы с бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары қүрады. Мысалы, көру талдағышының сезгіш рецепторларына көз алма-сында орналасқан таяқша және сауытша пішінді жарык қабылдағыш рецепторлар - фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервтерінен түрады да, қыртыс бөліміне ми қыртыстарының желке түсында орналасқан ми сыңарларының көру орталығы, яғни Бродманның 17, 18, 19 аймактары жатады. Көру орталығында жоғары дәрежедегі талдау мен талқылау жасалады жөне заттың бейнесі туралы сезім пайда болады.

Талдағыштардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау - алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.

Тітіркендіргіштің әсерінен рецепторларда козу толқындары (қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді.

Талдағыштардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:



  1. Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус - теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды.

  2. Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді.

  3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және, керісінше, біреуінің қызметі на-шарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді.

  4. Бір талдағыштың қызметі бүзылғанда қалғандары оның Қызметін жартылай болса да өзіне алады.

5.Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттыктыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, ғарышкерлер зымыранда ұзақ болған кезде өте күшті жылдамдыққа төзу үшін, тепе-теңдік сақтау мүшесін үзақ жаттықтырады. Сол сияқты, әткеншекті көп тепкен бала транспортта үзак жол жүре алады, яғни оның вестибулярлық аппараты жаттығып, өзінің сезімталдығын төмендет-кендіктен шайқалысты қозғалуды сезу қабілеті төмендейді.

Талдағыштар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттар-дың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистантиа - қашықтық), яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтыкта орналасқан заттардың әсерін сезу және контактты (лат. контактус - түйіскен, жа-насқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін талда-ғыштар.

Дистантты талдағыштарға көру, есту, иіс талдағыштары жатады, ал дәм, тері, висцеральдік, қозғалыс контактты тал-дағыштарға жатады. Дистантты талдағыштар кыскд мерзімнің ішінде әжептәуір қашықта орналасқан заттар ту-ралы көп мәлімет бере алады. Бүл жағынан көру және есту талдағыштарының маңызы зор.

Нерв импульстері орталық жүйке жүйесінде белгілі бір тәртіппен бір бөлімнен екінші бөлімге өтеді. Олардың ай-ырмашылығы техникадағы код жүйесі іспетті белгіленетін болғандықтан импульстер сол тәртіппен беріледі деп айтуға болады. Код - белгілі ережелер бойынша акпаратты шарт-ты түріне түрлендіріп аудару.

Қосақталған код арқылы, яғни әрбір нейронда серпініс дүркінінің болуы немесе жойылуы түрінде беріледі.

Тітіркенудің алғашқы коды өуелі қабылдағыш деңгейінде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық және химиялык энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Түрлендірілген хабарлар талдағыштар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі өзгереді. Бүл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік - ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік - ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге бедерсіз серпіністердің қосылуы.

Әр талдағышқа тән үксас сезімділіктің жиынтығын б і р р а й л ы (модальді) жиынтық дейміз. Біррайлыктың өзінін ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бүл қасиетті сапал ар мыналар: арнайылық, ықпалдылық, мерзімділік және ұзақтылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-жақын т.б. болады.

Тітіркендіргіштің бір түрінің өзінде көптеген физикалық, биологиялық сипаттары болады. Сол қасиеттерді қабылдай-тын арнайы қабылдағыштар бар. Оларды 2 топқа бөлуге болады:

а) кезеңді қабылдағыш мембрананың алғашқы және соңғы туған қимыл-кұбылысында өз ісін орындайды, қозады, бірақ біресе өшіп, біресе қозып тұрады;

б) ұдайылы қабылдағыш бүкіл тітіркену кезеңі кезінде қозып түрады, мүнда үздіксіз қозу орын алады.


Тақырып 5 Эндокриналық жүйесі

Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме. Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялы қ (лат. секреция - сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге қүйылады (мы-салы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі - сілекей ) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік (грек, экзо - сыртқы, сыртқа + ген - тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, ба-уыр т.б. жатады. Ал і ш к і секрециялық немесе э н д о -к р и н д і к (грек, эндон - ішкі + крино - бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей канға қүйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне эсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасуына қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.

Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон (грек. гормо - іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, оның физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат алмасуы мен энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге каты-сады. 1980-2000 жылдары гормондардың молекулалық тетіктерде түқым қуалау мәліметтерін тасуға және организмнің биологиялық ырғағын анықтауға катысатыны дәлелденді. Сонымен, гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Олардың көбі жақсы зерттелген және адамдарды емдеуге қолданылады. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, үйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Қарын асты және жыныс бездері кос секрециялық бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады. Соңғы кездерде жартылай ішкі секре-циялық безге бүйректерді де жатқызып жүр, өйткені оларда қанның қысымын арттыратын ренин және эритропоэтин деген заттар түзіледі. Бүлар бүйректің нефрондарының та-мырлы полюстерінде орналасқан юкстагломерулалық аппа-ратында өндіріледі. Баланың үрықтық дамуы кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да жатыр-дағы баланың дамып, жетілуіне эсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әртүрлі.

Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйелерінің қызмет қабілетіне байланысты болады.

Бала организміндегі гормондық тепе-теңдік оның жоғары жүйке әрекетіне әсер етеді. Себебі денеде эндокриндік жүйенің ықпалынан тыс қалатын ешқандай қызмет жоқ. Дегенмен, ішкі секрециялық бездердің өзінің қызметін жүйке жүйесі реттейді. Олай болса, организмдегі барлық қызметтерді реттейтін біртүтас жүйкелік-гормондық реттелу бар деп айтуға болады.

Соңғы зерттеулер бойынша гормондардың көбі жүйке жүйесіндегі күллі жүйке клеткаларының қызмет жағдайын өзгертетіні мәлім болды. Мысалы, бүйрек үсті бездерінін гормондары қозу мен тежелудің күшін өзгертеді, егер жану-арлардың бүйрек үсті бездерін тәжірибе жасау үшін сылып алып тастаса, ішкі тежелу мен қозу нашарлайды да жоғары жүйке әрекетінің терең өзгерістері пайда болады.

Гипофиз безінің гормондары аз мөлшердің өзінде жоғары жүйке әрекеттерін күшейтіп, көп мөлшерде оны тежейді. Ал қалқанша безінің гормондары аз мөлшерде жүйке жүйесінің қозуы мен тежелуін күшейтіп, көп мөлшерде оны нашарлатады. Сонымен бірге, қалқанша безінің гипо- және гиперсекрециялары адамның жоғары жүйке әрекетін бүзады. Жыныс бездерініц гормондары қозу мен тежелуге және жүйке клеткаларының қызмет қабілетіне айтарлықтай эсер етеді. Ересек адамның жыныс бездерін сылып алып тастағанда немесе ауруға байланысты олар дамымаған жағдайда оның мінез-құлығын өзгертеді. Бала кезден әтек болған жағдайда ақыл кемдігі байқалады. Қыздардың етеккірі келген кезде ішкі тежелуі төмендейді, шартты рефлекстерінің иай-да болуы нашарлайды, жалпы жүмыс кабілеті мен сабақ үлгерімі төмендейді.

Осылардың бәрі ішкі секрециялық бездердің гормондарының адам емірінде маңызы күшті екенін білдіреді.

Ішкі секрециялық бездердің дамуында гетерохрондылық заңы айқын сезіледі. Ең ерте дифференциацияланып, қызмет атақара бастайтын бездер - эпифиз, Лангерганс аралшалары және бүйрек үсті бездерінің кейбір жері. Ал балалық шақта және жыныстық жетілу кезенінде қалқанша безінің қызметі күшейеді. Паратиреоидин біріыші және екінші балалық так­та көп түзіледі, ал кальцитониннің ендірілуі жаңа туған сәби мен жыныстық жетілу кезіндегі жас өспірімдерде күшейсді. Бүйрек үсті бездерінің қызметі екі peт күшейеді - біреуі ұрықтық шақта, екіншісі жыныстық жетілу мерзімінде. Гипофиздің соматотропин гормонының белсенділігі жыныстық жетілгенге дейін күшті. Ішкі секрециялық бездердің ішінде ең кеш дамитыны - жыныс бездері. Олардың дамуы алдында гипофиздің гонадотроптық гормондарының қызметі артады.

Сонымен, нейрогормональдық реттеу алдымен өсуді, бала денесінің дамуын және сыртқы ортаға бейімделуін кам-тамасыз етеді де кейінірек үрпак жалғастыру кызметін да-мытады. Өсіп келе жатқан организмде эндокриндік бездердің қызметі өзгермелі келеді, ал гормондарының қызмет қоры онша көп емес. Сондықтан түрлі аурулар, сол сияқты, та-мақтың құрамыиың дұрыс болмауы, шектен тыс дсне еңбегі бала организмінің эндокриндік қызметі мен жыныстык жетілуіне айтарлықтай эсер етеді.

Ішкі секрециялық бездердің өнімі гор м о н - oтe белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйелеріне, тіпті күллі оріанизмге эсер етеді. Осығаи бай-ланысты ішкі секрециялық бездер қаи тамырларына бай келеді.

Гормондардың қасиеттері: а) олар oтe белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде еқінші бездің гормоны немесе баска бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дис-таитты, ягни қашық тұрып, алыстан эсер етеді.

Химиялық кұрамына қарай олар белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық бездерде, ас қорыту жолыньвд мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлық гормондар денедегі зат алмасуына эсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен, тек кана клетканың мембранасымен кабысқанда ғана белсенді болады.

Гормондардың биосинтезі адамның түқым қуалайтын аппараттарында жобаланған, сондықтан әрбір ішкі секрециялық бездер тек кана нақтылы гормондарды ондіреді.

Адам организміндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар өздері жеке жүйе ретінде карастырылады. Бұл жүйе организмнің біртүтас тығьш сактауға қатысатын физиологиялык қызметтердің негізгі, әрі маңызды реттеушісі. Бүл жағдайда мидың гипоталамус болігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияныц реттеушісі болып есептеледі. Оның бүл қызметі гипофиз безінің жүмысына дем беруші химиялық онімдер - н е й р о с е к р ет т е р д і өндіру және шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болган нейросекрет гипофизге қүйылып, оның басқа бездерге әсерін тудырады. Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық белімдерімен және гипофиз безінің артқы болімімен тікелей байланыеып жатыр.

Мида көнтеген гормондар бар екені табылды. Олар жүйкс импульстерін синапстар арқылы откізуді озгсртеді.

Гормондар үлпаларға немесе мүшелерге тікелей эсер етіп, олардың қызметін күшейтеді немесе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы жанама эсер етгді. Кейбір гормондар (бүйрек үсті бездерінің стероидты гормондары, қалқанша безініц гормондары) клеткалық мембранадан отеді де клетка 'шіндегі ферменттер жүйелерімеп арекеттесіп, ондағы зат алмасуына ықпалын тигізеді. Ірі молекулалы пептидтік гормондар клеткалық мембранадан эте алмайды да, клеткадағы зат алмасуына клеткалық мембрананың сыртьін-да орналасатын арнайы рецепторлар арқылы эсер етеді. Мұндай гормондық-рецепторлык тізбектер клеткадағы аденозинмонофосфорлық қышқылды белсендіреді, ал ол, ез кезегінде, клеткалық ферменттерге эсер етіп, ондағы зат пен энергияның алмасуын өзгертеді. Бір сәтте клеткаларға көптеген гормондар эсер етеді, бірақ клеткадағы заттар мен энергияның алмасуына ен нәтижелісінің әсері ғана қабыл-данады. Олардың қайсысы нәтижелірек екені арнайы заттар - простогландиндердің қатысуымен анықталады. Былайпіа айтқанда, простогландиндер нақтылы сәтте гормондардьщ қажетсіздерін тежейтін реттеуші қызметін атқарады.

Гормондардың жанама әсерін тұжырымдай келгенде, ол да клеткадағы зат пен энергияның алмасуына эсер ететіні белгілі болды. Бірак бұл эсер жүйке жуйесінің қатысуымен орындалады. Соңғы жылдары гормоидардыи клетканың ішіндегі РНК мен белоктың синтезделуіне қатысатыны анық-талып отыр.

Ішкі секрециялық бездердің қызметі өзара тыкыз байла-нысты. Олар бір-бірінің қызметіне белсенді түрде тікелей де, жүйке жүйесі арқылы жанама да эсер етеді. Мундай өзара байланыстың нәтижесінде олардың қызметі жуйке жүйесі арқылы к е р і байланыс жолымен реттеліп отырады да дснедегі гормондардың молшері түрақты мөлшср қалпында сақталады. Егер бүл байланыс бүзылса, организмде түрлі зат алмасуға байланысты аурулар пайда болады. Жүйке жүйесінің ішкі секрециялық қызметті реттеуі өткен ғасыр-дың 50-і жылдары анықталды. Қазіргі түсініктеме бойынша. нейрондар өздерінің негізгі кызметіне қоса, физиологмялык белсенді заттар- нейросекреттерді түзеді. Нейросекреттердін түзілуінде гипоталамустың нейрондары маңызды орын ала-ды, ол қүрылысы бойынша гипофиз безімен тікелей бай­ланысты. Оның нейросекреттері гипофиз безінің, ал ол аркьшы басқа да ішкі секрециялық бездердін қызметін өзгертеді. Гипоталамустың нейросекреттерін р и л и з и н r-гормондар деп атайды. Оларға либериндер мен статиндер жатады. Либериндер гипофиздің троптық гормондарынын өндірілуін, ал статиндер - тежелуін реттейді. Осылай гипо­таламус бүрын айтылып кеткен кызметтерінен басқа, ішкі секрециялық бездердіц де қызметін реттейді.

Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың қалпына және қызметіне түрлі ауру-лар эсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек, гипо-гз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек, гиперартық, жоғары, шегінен тыс) байқалады. Демек, ішкі секрециялық бездердің қыз-метінің бүзылуы организмнің тіршілігіне эсер етіп, қауіп төндіреді.


Тақырып 6 Тірек-қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері

Дәріс жоспары:


  1. Бұлшықеттердің жалпы сипаттамасы.

  2. Бұлшықеттердің дамуы. Бұлшықеттердің дамуына сыртқы орта факторларының әсері.

  3. Бұлшықет биомеханикасының элементтері

  4. Бұлшық еттердің таралу заңдылықтары

  5. Бұлшықеттердің жіктелуі.

  6. Бұлшықеттердің даму ауытқулары

Бұлшықет ұлпасының негізгі қасиеті, оның жұмысының негізіне жататын, жиырылғыштық болып табылады. Жиырылғыштық қасиет тек жануарлар дүниемінде ғана емес, сондай-ақ бірқатар өсімдіктерде (мимозада, жәндіктерді ұстап алады), микроорганизмдерде және біржасушалыларда байқалады (амебаның қозғалысы, жіпшелердің тербелісі). Жоғарғы сатыдағы жануарлардың организмінде жиырылғыштық маманданған бұлшықет ұлпасымен ғана жүзеге асырылмайды, сондай-ақ жекелеген жасушалар мен олардың бөліктерімен де орындалады, мысалы, митохондриялармен, ядролармен, цитоплазмамен және басқа да субмикроскопиялық құрылыстармен. Бұлшықет жиырылудың мәні тек қана қозғалуда тұрған жоқ, сонымен қатар жиырылған элементтердегі АТФ химиялық энергиясының мехханикалық жұмысқа өте тиімді айналуында.



Бұлшықеттердің таралу заңдылықтары.

  1. Дененің екі жақты симмметрия принципі бойынша құралуына сәйкес бұлшықеттер жұп болады немесе 2 симметриялық жартылардан тұрады

  2. Сегменттік құрылысты тұлғадаа көпшілік бұлшықеттер сегментті түрде орналасқан (қабырғааралық, омыртқалардың қысқа ббұлшықеттері), немесе сегменттік іздері сақталған Құрсақтың жалпақ бұлшықеттеі қабырғаларының жойылып кетуініің нәтижесіінде қабырғааралық еттердің бірігуінен пайда болған.

  3. Бұлшықет тудыратын қозғалыс екі нүктенің арасындағы ең қысқа қашықтық болып саналатын түзудің бойымен іскее асатындықтан, бұлшықеттердің өздері де осы екі нүктенің арасында ең қысқа қашықтықтың бойында орналасады. Сондықтан, бұлшықеттің бекитін нүктелерін, сондай-ақ бұлшықет жиырылғанда қозғалмалы нүкте қозғалыссыз нүктеге қарай тартылатынын біле отырып,, қай жаққа қарай қлзғалыс болатынын және бұлшықеттің қызметін күні бұрын айтып анықтауға болады.

  4. Бұлшықеттер бунды аттап өтіп, олардың айналу біліктеріне белгілі бір қатыста болады да, олардың қызметі қамтамасыз етілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет