Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


Дәріс сабақтарының мақмұны



бет2/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#133658
1   2   3   4   5

6. Дәріс сабақтарының мақмұны


Тақырып1 Балалардың және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының заңдылықтары

Адам организміне сыртқы ортаның көптеген жағдайлары эсер етеді. Олардың қалыпты шамада өзгеруі денсаулықты бұзбайды, себебі әрбір организм сол өзгерістерге нервтік және гуморальдік тетіктер арқылы бейімделіп отырады. Сыртқы ортаның әсерлерін дұрыс пай-далана отырып, адамның денсаулығын жақсартып, оның корғаныс және еңбек қабілеттерін күшейтуге болады. Мы-салы, суықтың әсерін дүрыс пайдаланып, организмді шы-нықтырып, оның салқынға төзімділігін арттыруға болады. Шынықпаған жағдайда сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері адамның сыркаттануына себеп болуы мүмкін.

Сыртқы ортаның әсерлерін химиялық, физикалық, биологиялық, психогендік, әлеуметтік әсерлер деп бірнеше топтарға бөледі.

Химиялық әсерге ауаның, судың, топырақтың, азық-тың қүрамындағы заттар жатады. Олардың көпшілігі адам организмінің қалыпты тіршілігіне, денсаулығына қажет. Бірақ ол заттар қажетті мөлшерден асса не азайса, сырқат-тың пайда болуына себеп болады. Мысалы, тамақгың қүра-мындағы йод жеткіліксіз болғанда эндемиялық зоб ауруы-ның пайда болуы, немесе таулы жердегі ауаның қүрамында оттегі аз болғандықтан биіктік ауруының, немесе ауада көмірқышқыл газы, хлор т.б. заттар көбейгенде адамньщ ула-нуы мүмкін.

Физикалық әсерлерге температуралық, ылғал, ауа қозғалысы, атмосфералық кысым, күн радиациясы, айкай-шу, электромагниттік өріс т.б. жатады. Бұлардың да көпшілігі организмнің өмір сүруіне қажет. Ал кажетті мөлшерден артық болған жағдайда, мысалы, ыстық ауада күннің өтуі, айкай-шудан керең болу, не күлактың мүкістенуі т.е.с жағымсыз эсер етеді.

Биологиялық әсерлер - ауру тудыратын микро-организмдер, вирустар, қүрттар т.б. Олар денеге эсер етсе, түрлі инфекциялық, паразиттік ауруларды тудырады.

Психогендік әсерлерге сөз, үжымдық қарым-қатынас тәрізді адам қоғамындағы түрлі әлеуметтік жағдай-лар жатады. Олар адамға жағымды не жағымсыз көңіл-күйін тудырып, организмін өзгерістерге үшыратуы мүмкін.

Әлеуметтік әсерлер - еңбек, үй түрмысы және саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайлар. Бүлар физикалық, хи-миялық, биологиялық және психогендік әсерлермен байла-ныса отырып, олардың адам организміне әсерін күшейтеді. Ғылыми зерттеулер арқылы кейбір аурулардың халықкд көп тарауы қоғамдық әсердің ықпалынан екені танылып отыр. Мысалы, қүрт ауруының, нервтік психикалық аурулардын ауқатты адамдарға қарағанда жағдайы төмен кісілердің ара-сында көп кездесетіні мәлім.

Дегенмен организмге тек сыртқы орта ғана эсер етіп қоймайды, адамның өзіне де байланысты. Денсаулықты сақ-тау, оны күшейту және үй түрмысын, тамақтану, еңбек жағ-дайларын жақсарту үшін адам өзіне пайдалы жағымды өзгерістерді тудырады. Басқа организмдерге қарағанда адам саналы түрде физиологиялық, әлеуметтік қажеттерді өзгерту аркылы сыртқы ортаның өзгерістеріне белсенді бейімделеді.

Адам организмі бір-бірімен байланысқан көптеген мүшелерден түратын біртүтас күрылым. Мүшелер -организмнің дамуында қалыптасқан белгілі бір атқаратын қызметі бар, арнайы қүрылысы бар бөлшектері. Олар с ы р т к ы (бас, көз, қүлақ, мүрын, ауыз, қол, аяқ, т.т.) және і ш к і (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарын, көкбауыр, қуық, түрлі бездер, т.б.) мүшелер болып бөлінеді. Адам денесінде көптеген мүшелер болғанымен, олардың әрқай-сысы біртүтас организмнің бөлшектері ғана. Мүшелер үлпалардан (тканьдерден) түрады. Оларды 4 топқа бөледі: эпителий, дәнекер, ет, нерв.

Белгілі бір қызметті атқаруға бейімделген мүшелер тобын мүшелер жүйесі деп атайды. Олар: нерв, ас қорыту, тыныс, зәр шығару, сезім, ішкі секрециялық (эндокриндік) бездер, жыныс, жүрек-қан тамырлар жүйелері. Кей жағдай-ларда екі немесе бірнеше мүшелер жүйесін аппарат деген түсінікте қолданады. Айталық, адамның қаңқасы (скелеті) мен бүлшық еттер жүйелерін "тірек-қимыл аппа­раты" дейді.

Мүшелер жүйелері - қүрылысы мен қызметтері бойынша бірлескен, белгілі бір күрделі қызметті атқаратын қүрылым. Олар бір-бірімен және сыртқы ортамен байланысты түрде организмнің біртүтастығын қамтамасыз етеді. Мүндай бай-ланыстылықты қамтамасыз етуде ішкі секрециялық бездер мен жүйке (нерв) жүйесінің маңыздары зор. Әсіресе жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортадағы мінез-қүлықтарын анықтауда ерекше орын алады. Нерв жүйесінің түрақтылығы арқылы бүкіл организм сыртқы ортаның әсерлеріне қарсы түра алады және қүрылысының, қызметінің, химиялық қүра-мының түрақтылығын сақтайды.

Организмнің сыртқы ортамен зат алмасуы және оның ішкі ортасында заттың алмасуы бір сәтте өтіп жата-тын ассимиляция (заттардың синтезделуі) мен диссимиляция (заттардың ыдырауы) деп аталып кеткен екі үрдістен түрады. Ассимиляция мен диссимиля­ция тірі организмнің қүрамында жинақталған энергияны жүмсайды. Ол энергия тамақтану, асты сіңіру, оттегін сіміру және басқа да с.с. жұмыстарға жүмсалады. Сыртқы ортамен зат алмасуының нәтижесінде организмге келген қуаттың мөлшері, оның жүмсағанынан анағүрлым артық болады. Артық энергия қоры организмді жаңартуга жүмсалады, ал пайдаланылмаған сырттан келген заттар қайтадан сыртқы ортаға шығарылады. Сонымен, тек қана сыртцы ортамен турақты зат алмасуының нәтижесінде ғана организмнің тіршілігі сацталады.

Қандай да болмасын организм белгілі бір тіршілік жағдайларын қажет етеді және даму барысында сол жағдайларға бейімделу орын алады. Организмнің клеткаларынын тіршілік ортасын оның ішкі ортасы деп атайды.

Бұған қан, лимфа мен клетка аралык сүиықтықтар жатадьх Ішкі ортаның қасиеті мен құрамы күллі дененің тіршілігіне қажетті белгілі бір қалыптағы түрақтылық мөлшерінде сак-талады. Оның химиялык және физикалық-химиялық қасиеттерінің түрақтылығы гомеостаз деп аталады. Гомеостаз шектеулі қабілет, сыртқы ортаның әсерлері қалып-тан тыс күрт және үзақ мерзім бойы өзгергенде организмнің жағымсыз әсерге бейімделу қабілеті нашарлайды да ауру пайда болады, тіпті ол мүлде жойылып, өлімге үшырауы да ықтимал.



Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері

Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының үлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын ө с у деп атайды. Организмнің үш негізгі дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің үзындығы), с а л м a f ы, кеуде шеңбері. Дененің бүл көрсеткіштерін зерттеп өлшеуді антропометрия (грекше, антропос - адам, метрия - өлшеу) деп атайды. Антропометрлік зерттеулердің нәтижелері адамның киімдерін, оқу және спорт қүралдарын дүрыс таңдап алуға мүмкіндік береді.

Өсумен катар организмде даму жүріп жатады. Даму-сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көр-сеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, үлпалардың жекешеленіп белгілі бір кызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Бала организмінің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функ-циялық дамуы.

Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің үзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны т.с.с.

Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты эр түрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін, оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.

Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің қызметі өмірдегі қажеттіліктен анағүрлым артық мөлшерде болады. Бүған қоса, көпшілік қызметтердің бірнеше мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады (мысалы, зәр шығару өкпе, бүйрек, тері, ас қорыту жолы арқылы қосарланады; баланың өсуіне қажетті жыныс гормондары жыныс безі мен бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатында түзіледі, т.с.с). Мүндай үйымдасу организмге қауырт жағ-дайларда тірлігін сақтап қалу үшін қажет. Дегенмен балалар мен жас өспірімдердің оқуын, дене еңбегін, спортпен шүғыл-дануын жасы мен жынысына лайықты шектеп отырған жөн. Өйтпесе бала организмі жан-жақты дамымайды. Осыған бай­ланысты ғалым гигиенистер оқу-тәрбие жүмыстарының өсіп келе жатқан бала организміне лайықтандырылуы туралы кағида үсынды. Бүл қағидаға сәйкес оқу, еңбек, спорт жүмыстарын баланың жынысына және жасына лайықтау мол-шерл ері көрсетілген.

Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорция-с ы деп адамнын басынын үзындығының оның түла бойы мен аяқтарының ұзындығына катынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяктары қысқа, түла бойы мен бастары үлкен болады да олардың дене пропорциясы: басының ұзындығы 1:4, тұла бойының ұзын-дығы 2:4, аяқтарының ұзындығы 1:4 болады. Мұндай пропорция бір жасқа дейін сақталады, ал бір жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны жіліктерінің өсу қарқы-нынан жылдамырақ болып, дене пропорциясы өзгере бас-тайды. Екі жастағы баланың дене пропорциясы мынадай болады: 1:5, 2:5, 2:5. Екі жастан әрі қарай жілік суйектері жылдамырақ өседі де алты жаста дене пропорциясы 1:6, 2:6, 3:6, яғни баланың аяқтарының ұзындығы тұла бойынан ар-тық бола бастайды. 5-6 жастағы баланыц қол-аяқтары ұза-рып жалпы ұсқыны өзгереді. 6 жастан әрі қарай тағы да омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны күшейеді, сондықтан 7 жастағы баланың басы 1:7, түла бойы 3:7, аяқтары 3:7 қаты-насында болады, яғни 7-8 жасар баланың аяқтары мен түла бойының үзындығы теңеседі. Одан әрі қайтадан жілік сүйектерінің өсу қарқыны үдеп, 12 жаста баланың дене пропорциясы 1:8, 3:8, 4:8 қатынасындай болады (1-сурет). Бүл пропорция дүрыс өсіп жетілген ересек адамның дене пропорциясы болып қала береді. Яғни ересек адамда аяқтарының үзындығы жалпы бойының жартысына тең болғанда, оны сымбатты адам деуге болады. Дегенмен мүндай жақсы пропорция барлық адамда кездесе бермейді, себебі оған сырт-қы ортаның түрлі жағдайлары эсер етеді. Айталық, баланың бас сүйегі жылдам өсіп келе жатқанда бала ауырып қалса немесе жілік сүйектері тез өсетін кезде баланың тамағының қүрамында сүйектің өсуіне қажетті кальций мен фосфор аз болса, оның дене пропорциясы жасына сай дүрыс болмайды.

Баланың өсуі мен дамуы оның организміндегі түқым қуалау қасиеттеріне және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныс-тық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі т.е.с түқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы да мүмкін. Бірақ егіздерді зерттеу әдісімен табыл-ған мәліметтер бойынша (Никитюк, Мүсағалиева, Савченко, 1990), сыртқы ортаның жағдайлары негізгі түқым қуалай-тын заңдылықтардан онша асып кете алмайды, яғни балалар мен жастардың өсуі мен дамуы белгілі биологиялық заңды-лықта сыртқы ортаның әсеріне байланысты болады. Сондықтан балалардың денсаулығын сақтау, жан-жақты жетілдіруге қажетті жүмыстарды үйымдастырғанда осы заң-дылықтарды міндетті түрде ескеру керек.

1960-1990 жылдары байқалған еліміздегі балалар мен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата-аналары-мен салыстырғанда, жылдамдануын өсу мен дамудың акселерациясы деп атайды, яғни қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-ана-ларының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясын анық-тау үшін баланың немесе жас өспірімнің нақтылы бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата-анасының сол жастағы көрсеткіштерімен немесе сол жерде бүрын өмір сүрген балалардың орташа көрсеткіштерімен салыстырады. Мысалы, 1979 жылғы Ресейдегі мәскеулік 12 жасар ер бала­лар дың бойы 1930 жылдағыдан 11 см, салмағы 10 кг артык болған. XX ғасырда өмір сүрген Алманиядағы балалар мен жас өспірімдердің белгілі бір жас кезіндегі көрсеткіштері XIX ғасырдағылардан анағұрлым артық болған.

Мұндай мәліметтер казак балаларының өсушде де кез-деседі. Айталық, 1976 жылғы Алматы қаласының 13 жас-тағы оқушыларының бойы орта шамамен 152 см, салмағы 44,17 кг, кеуде шеңбері 78,13 см болса (Алиакбарова, 1993, 1995), 1950 жылдары ол көрсеткіштер 146,6 см; 37,03 кг; 70,67 см (Шәкенов, 1960) болған, яғни 1980 жылдары айтар-лықтай айырмашылықтың бар екенін көруге болады.

Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:


  • жаңа туған нәрестелердің ірі болуы (1970-80 жылда­ры Алматыда туған нәрестелер 1950-1955 жылдары туған сәбилерден 3-4 см ұзын, 0,4-0,5 кг ауыр);

  • белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы (жоғарыда жазылған 1976 жылғы мәліметті қараңыз);

  • ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның белгілері: мысалы, қыздардың етек кірінің 10-12 жас­та басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің өсуі);

  • баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі: баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып, түрақты тістері ерте пайда болады, маңдай еңбегі ерте жабылады -қазіргі кезде нәрестенің маңдай еңбегінің 9-10 айда жабы-луы қалыпты жағдай деп есептеледі);

  • жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-24 жаста, қыздарда 20-22 жаста бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу 2 жылдай бүрын аякталады (өсуі мен дамуының акселерациясы байкалатын жастарды акселерат деп атайды), яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста, кыздардьщ бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады.

Өсу мен дамудың акселерациясының себептері туралы бірнеше болжамдар бар (генетикалық, гетерозистік, гелиогендік, урбанизациялық, әлеуметтік-экономикалық, т.б.), бірақ олардың әрқайсысы жеке алғанда өсу мен даму-дың акселерациясын толық дәлелдей алмайды. Сондықтан ХХ-сыншы ғасырдың 80-90-шы жылдары ұсынылған өсу мен дамудың акселерациясы комплексті (бірнеше) себептерге байланысты пайда болады деген түжырымдар шындыққа көбірек үйлеседі.

Адам жасының кезеңдері

Оқу-тәрбие жұмыстарын үйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топка белуге тура келеді, яғни әртүрлі жас-тағы балаларды бір топқа қосады. Ол топтардағы балалар-дың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу кажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөлу қажеттілігі пайда болады.

Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінін шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Осыны ескере отырып, 1965 ж. адам организмін зерттейтін түрлі ғылымдар өкілдерінің (физио-логтар, гигиенистер, дәрігерлер, педагогтер, психологтар пәлсапашылар, генетиктер т.б.) қатысуымен Мәскеу қала-сында болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жина-лысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:


  1. Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн өмірі);

  2. Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін);

  3. Алғашқы балалық шак (1-3 жас);

  4. Бірінші балалық шақ (4-7 жас);

  5. Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, үлдар 8-12 жас);

  6. Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар 12-15, үлдар 13-16 жас);

  7. Кәмелеттік немесе жігіттік/бойжеткендік (қыздар 16-20, жігіттер 17-21 жас);

  8. Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жарты-сы (әйелдер 21-35, ерлер 22-35 жас);

9. Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы (әйелдер 36-55, ерлер 36-60 жас);

  1. Егде жас (әйелдер 55-74, ерлер 60-74 жас);

  2. Қариялар немесе кәрілік (әйелдер мен ерлерде бірдей 74-90 жас);

  3. ¥зақ өмір сүрушілер (90 жастан әрі қарай).

Бүған қоса, балаларды тәрбиелеу, үйрету және оқыту жағдайларын ескеріп педагогтер келесі жас кезеңдерінің топтарын үсынды:

  1. Жаңа туған сәби (1 ай);

  2. Емшектегі сәби (1 айдан 1 жасқа дейін);

  3. Ясли жасы немесе балбөбектер тобы (1-4 жас);

  4. Мектепке дейінгілер тобы (5-7жас);

5. Мектеп жасындағылар:

а. Бастауыш сыныптағы оқушылар (7-11 жас);

ә. Ортаңғы сыныптағы оқушылар (11-14 жас);

б. Жоғарғы сыныптағы оқушылар (14-18 жас).

Жаппы алғанда адамның жасын кезеңдерге бөлу ұсыныс-

тары өте көп. Ғалымдар алға қойған мақсаттарына байла-нысты белгілі бір көрсеткіштерді негіз етіп, адамның көптеген жас кезеңдерін ұсынуда. Олардың кейбіреуі ескіріп, қазіргі жағдайларға сай келмейді, кейбіреулері бір жақты болып, жан-жақты түсінік бермейді. Соңғы кездерде валеологияға бетбұруға байланысты адамның жасының кезеңдерін денсаулығының қалыптасуына лайықты топтастыру жүйелері көптеп пайда болуда. Физиологиялық түрғыдан алғанда үсынылып отырған мәскеулік 1965 жыл-ғы топтастыру ғылыми негізделген және организмнің ерекшеліктеріне сәйкес деуге болады. Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын өзгеру мезгілі немесе а у ы с у м е р з і м і деп атайды (кейбір зерттеушілер ауысу мерзімін мүшелі жас деп атап жүр, бірақ оның жас кезеңдері қазақ-тың мүшелі жасымен сәйкес келмейді, дегенмен белгілері үқсайды). Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жүмсайтын кез, ол - денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бүл кезде жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін сал-мақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы үлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыт-тары әртүрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көр-сеткіштеріне негізделген. Дегенмен үсынылған жас кезең-дерінің әлі де жетіспейтін жерлері бар. Оларды анықтау адам организмі жайындағы зерттеулерді әлі де жалғастырып кеңейтуді талап етеді. Жас кезеңдерінің уақыт шектері (хро-нологиясы) болсын, оның жеке функциялық көрсеткіштері болсын әлеуметтік жағдайларға байланысты екенін үмыт-паған жөн.

Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, әрбір адам-ның өзінің жеке басының ерекшеліктері болады. Олар адам-ның денсаулығына, түрмыс жағдайына және жүйке жүйесінің даму дәрежесіне, т.б. қарай әртүрлі болады.


Тақырып 2 Жүйке жүйесінің физиологиясы

Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологияльщ белсенділік.

Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатьш, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бүл кезде организмнің өзінің тіршілігіне кажетті қүрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, үлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары эсер етсе, организм физиологиялық тыныштық-тан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді.

Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, жүйелер қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас корыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мүндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.

Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ-т а р ы деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы коршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.

Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек кана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.

Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мүндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланыс­ты 3 топка бөледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бүл талшықтар арқылы қозудың өту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: Імк-ға дейін. Олардың миелин кабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жыл-дамдығы артады.

Нерв талшықтары организмде топтасып дәнекер үлпадан түратын қабықпен қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің күрамында қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізетін және орталықтан жүмысшы мүшеге әкелетін талшықтар болады. Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Жүйкенің көпшілігі аралас нервтерден түрады. Оның қүрамында афференттік және эфференттік нервтер болады.



Жүйке жүйесінің құрылысы. Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі немесе перифериялық (лат.периферикус - шеттік) жүйке жүйесі болып бөлінеді.

Орталық жүйке жүйесі ми мен жүлыннан түрады. Ж ү л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, үзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г.

Жүлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төменгі үшы шашақтанып I және II бел омыртка түсында бітеді. Жүлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден түрады.

Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жүлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жүлын омыртқа жотасынан қыс-қалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жүлын нервтері жүлын өзегінен шығып (І-жүптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене түлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.

Жүлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жүлын арқылы іске асады. Себебі жүлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Бүларға қоса, жүлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.е.с рефлекстер жүлынның қатысуымен орындалады.

Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жүлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жүлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.

Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жүлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).


Тақырып 3 Жоғары жүйке әрекеті

Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, үйқы, түс көру, гипноз т.с.с. ми сы-ңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.

Адамның мінез-қүлқы мен мидың арасындағы байланыс-ты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы грек ғалымдары болжап айтқан болатын. Ал ғылыми не-гізде жазылған еңбек, ол орыстың үлы ғалымы физиолог И. М. Сеченовтың "Ми рефлекстері" ( 1863 ) атты кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы та-биғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мүның барлығы да бүлшық еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, - деп түсіндірді. Ғалымның одан кейінгі шықкан еңбектері де ("Психикалық этюдтер", "Психологияны кім қалай дамытады?") жоғары жүйке әрекетін осы түрғыдан түсіндіруге бағытталған. И. М. Сеченовтың бүл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер түрғысынан дәлелдеген және дамытқан. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының заңдылыктарын алғаш рет түсіндірген. Шартты рефлекстердің пайда болуы ми қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасьш, нығаиып, күшеюіне негізделгендігі туралы ғалымның ілімі жоғары жүйке әрекеті туралы көзқарастың қалыптасуында маңызды орын алды. Уакытпен шыңдалған бүл ілімнің маңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардьщ зерттеуі арқылы кеңейді.

Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар. Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның косымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек: - эсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердін болуы;


  • шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркен-діргіштін әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт бірге эсер етуі тиіс;

  • тітіркендіргіштердің түракты ретпен эсер етуі;

  • аталған жағдайлардың үзак уақыт көп қайталануы;

  • шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен әлсіздеу болуы;

  • жүйке жүйесінің маңызды бөлімі - ми қыртысының қызмет қабілетінің дүрыс қалыпта болуы.

Шартты рефлексті тудыру тәжірибесінде сыртқы орта-ның белгілі бір жағдайын шартты тітіркендіргіш ретінде пай-далана береді. Ал шартсыз тітіркендіргіш организм үшін ма-ңызды эсер болуы керек. Ол шартты тітіркендіргіштің әсерін бекітетін болғандықтан көбінесе тамақты немесе ауру сезімін тудыратын әсерді пайдаланады.

Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты эсер ретінде баланың үнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады. Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бүрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп ша-қырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті/ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға үмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады (кәмпит үстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара кашықтығын үзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді.

Бала осе келе, оның екінші сигнал жүйесі дамыған са­йын шартты тітіркендіргіш ретінде сөздің әсері пайдаланы-лады. Сөз әсеріне шартты рефлексті тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақ-тау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:


  1. Үйретіліп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы және алғаш кезде оның түракты болуы. Мысалы, "әке" деген сөзді үйрету үшін "әке" деп айтып отырып, әкесін көрсету керек;

  2. Сөзді айтушының болуы керек және алғаш кезде ол Да түрақты бір кісі, айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді айту-шы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді. Мысалы, сақау адам-Дардьщ баласы сөйлеу кабілеті бола түра, сөйлеп үйренбеуі мҮмкін;

  3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дүрыс көріп тұруы керек, яғни баланың денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет.

Мұндай үш жағдайдың маңызы алғашқы 3 жасқа дейін ғана. Кейіннен баланың сөз қоры көбейе келе, олардың ма-ңызы төмендеп, біртіндеп жойылады. 3 жастан кейін сөзді айтушы бейненің тұрақты болуы шарт емес; мысалы, кішкентай баланы бөтен адам сөйлетсе, ол түрып қалады, болмаса жылап жібереді. Өсе келе ол тәрбиешінің, теледидардың, магнитофонный,, мұғалімдердің айтуымен, оқып үйрене келе, кітаптардағы түсіндірме сөздер арқылы да жаңа сөздерді үйрене алады.

Шартты рефлекстердің түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, козу мен тежелуге және олардың кезеңдеріне, пайда болу механизміне байланысты көптеген түрлерге бөлінеді.

Тітіркенетін рецепторларына сәйкес экстерорецепті, проприорецепті және интерорецепті шартты рефлекстер болады.

Экстерорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне эсер еткенде пай­да болады: көзге, қүлаққа, иіс мүшесіне, дәм сезу мүшесіне, тері рецепторларына.

Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқаның бүлшық еттерін тітіркендіргенде, яғни оның проприоре-цепторларына эсер еткенде пайда болады. Бүл топтағы рефлекстерге адамның басы қозғалғанда тепе-теңдік (вестибулярлық) аппаратты тітіркендіру арқылы пайда болған теңдік сақтау рефлекстері де кіреді.

Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде олардың рецепторларына эсер ету арқылы пайда болады. Бүл топқа қанға түрлі химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты шартты рефлекстер де жата-ды. Ондай жағдайда химиялық заттар интерорецепторларды (ішкі рецепторларды) тітіркендіріп жүйке жүйесіне тікелей эсер етеді.

Туатын қызметтің түріне байланысты шартты реф-лекстерді екіге бөледі: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер. Вегетативтік шартты рефлекстердің өзін секреторлық, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу, ас қорыту рефлекстері, ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертетін, зат алмасуын және иммунитетті өзгертетін рефлекстер деп бөледі.

Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай шартты рефлекстерді оң және теріс немесе жағымды және жағымсыз рефлекстер деп атайды.

Шартты тітіркендіргіштің әсерін күшейту үшін шартсыз тітікендіргішті пайдаланғанда миды қоздыратын рефлекстерді шартты оң немесе ж а ғ ы м д ы рефлекс дейді. Ал нығайтушы тітіркендіргіш, керісінше, мидың қозуын тежесе шартты т е р і с немесе ж а ғ ы м с ы з рефлекс деп атайды. Шартты оң рефлекстер кезінде мүшелердің қызметі пайда болады немесе бүрынғы қызметі одан әрі күшейеді. Шартты теріс рефлекстерде мүшелердің қызметі нашарлай-ды, тіпті тоқтап та қалады.

Шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіш болмаған жағ-дайда да пайда бола береді. Ондайда шартсыз тітіркендіргіш белгілі бір мерзім сайын эсер етеді. Мүны у а қ ы т қ а деген шартты рефлекс деп атайды. Бүл жағдайда уақыт шартты тітіркендіргіштің рөлін атқарады. Мысалы, мезгіл-мезгіл жүректің соғуының өзгеруі немесе тыныстың тарылуы, немесе тамақ қабылдау т.с.с, кей кезде таңның атуы мен күннің батуы шартты тітіркендіргіш есебінде эсер етеді.

Шартты рефлекс шартсыз тітіркендіргішсіз, бүрын шарт­ты тітіркендіргіш ретінде пайдаланып, үзақ мерзім шарт­сыз тітіркендіргішпен нығайтылған шартты әсерді пайдала-ну арқылы да пайда болады. Оны екінші дәрежелі шартты рефлекс дейді. Бүрын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдаланылған әсерлерді шартсыз тітіркендіргіштің орнына жүмсау арқылы үшінші, төртінші т.с.с. шартты рефлекстерді тудыруға болады.

Шартты рефлекс топты тітіркендіргіштерге де туады. Мүндайда бейтарапты тітіркендіргіштер бірінен соң бірі әсер етш, оның ең соңғысы шартсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Ондай рефлекстерді комплексті шартты рефлекстер Деиді. Бүлардың пайда болуы жеке тітіркендіргіштерге ту-ран рефлекстер тәрізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет