Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж


 Жалпы тепе-теңдікті талдау



бет58/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

1. Жалпы тепе-теңдікті талдау

2. Өндірістің тиімділігі. Ресурстарды тиімді бөлу.

3. Паретто бойынша тиімділік.

4. Экономикалық әл-ауқаттың негізгі теоремасы.
Тауар және ресурстардың жеке нарықтарында тепе-теңдік баға мен сату көлемі жекелеме тепе-теңдік талдауы негізінде анықталады. Барлық жее нарықтар өзара тығыз байланысқан. Бір нарықтағы нарықтық жағдайларының өзгерісінің басқа нарықтарға ықпалы жалпы тепе-теңдік талдауы көмегімен карастырылады. Бұл кезде барлық нарықтарда кері байланыс әсерін ескерумен бір уақытта баға және сату көлемі анықталады. Экономикалық болжау және жоспарлауда шығындар мен нәтижелер кестесі негізінде жүзеге асырылатын жалпы тепе-теңдік талдауының практикалық мәні бар.
Жалпы тепе-теңдікті талдаудың карапайым түрі кем дегенде төрт кезеңнен тұруы қажет.
1) алғашқы өзгеріс;
2) өзара алмастырылатын тауарлар нарығы;
3) өзара толықтырылатын тауарлар нарығы;
4) кері байланыс әсері.
Автомобильге бағаның жоғарлауымен байланысты мысалды қарастырайық. Айталық, автомобиль бағасы 5000 доллардан 7000 долл. көтерілді. Бұл сату көлемінің жылына 15 млн. автомобильден 10 млн. кемуіне әкеледі (сурет 6-а). Автомобильге сұраныстың төмендеуі бензин сұранысына ықпал етеді. Ол күніне 10 млн. литрден 8 млн. түседі. Осы жағдай бензин бағасының 50 тенгеден 45 тенгеге түсуіне әкеп соқтырады (сур.6-б). Автомобильге бағаның өсуі көптеген адамдарды жаңа автомобиль сатып алудан бас тартуға мәжбүр етіп, назарларын
тауаралмастырғышқа немесе ескі келіктерін жөндеуге аудартады (сурет 6-в, 6-г).
Сонымен, жалпы тепе-теңдік талдауы ұсыныстың төмендеуі және кейбір нарықтағы бағаның жоғарлауы толықтырғыш тауарға сұраныстың төмендеуіне және оның тауар-субститутқа өсетінін көрсетеді.
Нарықтық қызметтің әрекет етуі экономикада тек жалпы тепе-теңдік жағдайына жетуді ғана емес, сонымен қатар экономикалық жүиенің оңтайлы қызметін қамтамасыз ету, қоғамдық әл-ауқатты барынша жоғарлатуға жетуге мүмкіндік береді. Ол экономиканың Парето-оңтайлыжағдайымен сипатталады. Парето-оңтайлы жағдай - бұл біреудің әл-ауқатын төмендетпей, басқа біреудің әл-ауқатын жақсарту мүмкін еместігін көрсететін игіліктерді өндіру және тарату.
Экономиканың Парето-оңтайлы жағдайының үш шарты бар.
Бірінші шарт- айырбастағы тиімділік. Ол жеке түлғалар арасындағы игіліктерді еркін айырбастаудың өзара тиімділігін көрсетеді және барлық тұтынушылар үшін кез келген тауар жұптары арасындағы алмасудың шекті нормаларының теңдігімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет