Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж



бет55/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

MRPL = MR . MPL.
Бұдан еңбектің шекті табыстылығы (MRPL) еңбектің шекті өнімділігі (MPL) мен еңбектің шекті табысының (MR) көбейтіндісіне тең екенін көреміз. Олай болса TC (Q (L)) = w (L) L. Сонымен еңбекті пайдалану шамасы көбейген сайын оның бағасы жоғарылайды, яғни еңбектің шекті шығындары оның бағасынан жоғары болады. Егер қосымша еңбек күшін жалдау оның бағасының төмендеуімен ілесіп жүрсе, онда еңбектің шекті шығындары оның бағасынан төмен болады. Еңбектің бағасы тұрақты болғанда, оның шекті шығындары осы бағаға тең болады. MRPL мен MCL шамаларының мәндері фирманың еңбек және игіліктер нарығындағы статусына байланысты болады. Оны келесі кестеден көруге болады:
Кесте 10.2

Фирманың нарықтағы статусы

Пайданы мейлінше арттыру шарты

Игіліктер нарығында

Еңбек нарығында

Жетілген бәсекелес

Жетілген бәсекелес

P . MPL = w

Монополист

Жетілген бәсекелес

MR . MPL = w

Жетілген бәсекелес

Монопсонист

P . MPL = MCL

Монополист

Монопсонист

MR . MPL = MCL

Енді осы байланыстарды түсіну үшін әртүрлі нарық құрылымындағы еңбек нарығын қарастырамыз.
Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі.
Ол үшін тауарлар мен ресурстар нарығын да жетілген бәсеке жағдайында деп есептейік. Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

  1. Белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде тауарлар нарығында бір-бірімен бәсекелестікке түсетін фирмалар саны өте көп.

  2. Бірдей еңбек түрін ұсынатын біліктілігі бірдей жұмысшылар саны өте көп және олардың әрқайсысы еңбек нарығында өз қызметін ұсынады. Бұл уақытта олар бір-біріне тәуелді болмайды.

  3. Жеке фирма да, жеке жұмысшы да нарықтағы еңбекақы мөлшеріне бақылау жасай алмайды, оған әсер етпейді және олар еңбекақыны өздері белгілей алмайды.

Енді еңбекке деген сұраныс пен оның ұсынысына тоқталып кету керек. Фирма өндірісте тек қана еңбек ресурсын қолданатын болса, онда шекті өнімділіктің азаю заңына байланысты MPL белгілі бір нүктеден кейін төмендей бастайды. Тауардың бағасы тұрақты, себебі тауар нарығы – жетілген бәсекелес нарығы. Сондықтан еңбектің шекті өнімділігінің (MPL) азаюына байланысты шекті түсімділік (табыстылық), яғни шекті өнімділіктің ақшалай мөлшері (MRPL) төмендейді. Қосымша бір жұмысшыны жалдағаннан түсетін қосыша түсім еңбектің шекті түсімділігі (табыстылығы) деп аталады (MRPL) және ол төмендегідей формуламен анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет