Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж



бет56/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

MRPL = MR . MPL,
мұндағы MR – шекті түсім, MPL – еңбектің шекті өнімділігі.
Жетілген бәсеке нарығының шарты бойынша шекті түсім бағаға тең: MR = P, олай болса
MRPL = Р . MPL.
Еңбектің шекті түсімділігің қисығы (MRPL) – жеке фирманың еңбекке деген сұраныс қисығы болып табылады (Сурет 10.3).

W


W* SL = MRC

DL = MRPL




L

Сурет 10.3 Еңбек нарығындағы жетілген


бәсекелес фирманың тепе-теңдігі
Сурет көріп отырғанымыздай, кез келген жетілген бәсекелес фирма үшін еңбек ұсынысы өте икемді, ұсыныс қисығы айнымалы фактор (L) орналасқан координата осіне параллельді түзу сызық болып келеді. Еңбектің әр бірлігіне бірдей мөлшермен ақы төленіп, ал осы еңбекақы жалданған жұмысшылар санына тәуелсіз блғандықтан, бұл түзу фирманың айнымалы факторының шекті шығын қисығы да бола алады.
Әрбір фирманың басты мақсаты – пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізу. Олай болса, пайдасын мейлінше арттыратын фирма жұмысшыларды еңбектің шекті түсімділігі еңбекақыға тең болғанға дейін жалдайды, яғни түсім шығынға тең болады:
MRPL = w;
w = P . MPL;
MPL = w / P,
мұндағы w – атаулы еңбекақы, P – тауардың бағасы, w / P – нақты еңбекақы.
Сонымен пайданы мейлінше арттыру шарты – еңбектің шекті өнімділігі мен нақты еңбекақының теңдігі болып табылады. Яғни, еңбек нарығындағы жетілген бәсекелес фирманың тепе-теңдігі жоғарыдағы 10.3 – суреттегіге сәйкес сипатталады.
Еңбек нарығындағы монопсония. Еңбек нарығының көпшілігіне жетілмеген бәсекенің қасиеттері тән болады. Жетілмеген бәсекенің бір түрі – монопсония. Монопсония кішігірім қалаларда, ауылдарда кездеседі. Мысалы, кішігірім қалада жұмысшыларды жалдайтын бір ғана кәсіпорын бар және бұл қаланың тұрғындары осы кәсіпорында жұмыс істейді деп есептейік. Олай болса, кәсіпорын – еңбек нарығындағы басты жалғыз ғана сатып алушы және оның еңбекақы деңгейіне әсер етуге мүмкіндігі бар. Кәсіпорын жұмысшыларының санын қысқартып, сол арқылы жалақы мөлшерлемесін төмендетеді.

WL MCMHC


LS = ACMHC


WL*
WLMHC LD = MRPLMHC
LMHC L* L

Сурет 10.4 Еңбек нарығындағы монопсония моделі


10.4 – суретін қарастырамыз. Мұндай нарықта монопсонияның нарықтық сұраныс қисығына оның шекті түсімділігінің қисығы (MRPLMHC) сәйке келеді. Монопсонияның нарықтық ұсыныс қисығы тауарды сатып алуға кететін орташа шығындармен беріледі, себебі оның әрбір нүктесі еңбектің әртүрлі мөлшерін қандай бағамен сатып алуға болатынын анықтайды. Өзінің тепе-теңдік нүктесін табу үшін монопсония шекті шығындар қисығын тұрғызуы керек, ал оның MRPLMHC қиылысқан нүктесі, монопсонияның өз пайдасын мейлінше арттыру үшін қанша еңбек жалдауы керек екенін анықтайды.
Монополистің ұсыныс функциясы болмайтын тәрізді, монопсонияның сұраныс функциясы болмайды. Монопсонияның тепе-теңдік нүктесінде оның әртүрлі ұсыныс қисықтарына сәйкес келетін, сатып алынатын еңбектің бірнеше шекті шығындар қисықтары бір уақытта қиылысуы мүмкін. Нәтижесінде, тепе-теңдік нүктесінен түсірілген перпендикуляр пайданы мейлінше арттыратын еңбек күшінің бірдей шамасын сатып алуға болатын әртүрлі бағаларының бірнешенуін (WLMHC, WL*MHC) көрсетеді. Осылайша монопсония жағдайында сұраныс көлемі мен бағаның арасында бір мағыналық байланыс жоқ екенін көреміз (Сурет 10.5).
MCMHC MC*MHC
WL

LS


L


WL*MHC
WLMHC MRPMHC
LMHC L
Сурет 10.5 Монопсонияның сұраныс қисығының болмауы
Еңбек нарығындағы кәсіподақтардың рөлі. Еңбекті ұсынудың жағында жұмысқа жалданушылар атынан кәсіподақ тұратын жағдайда, еңбек нарығында монополия туындайды. Бұл жағдайда кез келген монополияланған нарықтағы сияқты баға тек қана сұраныс пен ұсыныстың функциясына ғана емес, сонымен қатар кәсіподақтың шығыдары мен сұранысына байланысты болады. Егер кәсіподақ еңбек нарығында монополиялық билікке ие болса, онда ол еңбекақы деңгейін жоғарылату мақсатында еңбек ұсынысын шектеуге тырысады. Кәсіподақтың монополиялық билігі жұмысшылар санын азайтып, еңбекақы мөлшерлемесін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Кәсіподақтың «пайдасын» мейлінше арттыратын жалақы мөлшерлемесін анықтайтын үрдісті төмендегі 10.6 – суретінен көруге болады. Кәсіподақтың шекті түсімінің қисығы еңбектің сұраныс қисығынан гөрі тікше болғандықтан, қарастырып отырған жағдайды еңбек нарығындағы жетілген бәсекемен салыстырғанда мұнда еңбекақы мөлшерлемесі жоғары, ал жұмыспен қамтамасыз ету төмен болып, нәтижесінде жұмыссыздық пайда болады (Lпр L).

Мұндай еңбекақымен жұмыс істеуге ынталанатындардың бәрі бірдей жұмыс таба алмайды.


WL

LS = MCПР



WLпр


W*L

LD = ARПР




MRПР
LПР L* L1 L

Сурет 10.6 Еңбек нарығындағы монополия


Еңбек нарығындағы екі жақты монополия. Екі жақты монополияның (билатеральды монополияның) жорамалы бойынша сатып алушы-монополистке қарсы сатушы-монополист тұрады, яғни фирма-монопсония мен кәсіподақ-монополия еңбек нарығында өз мүдделерін жүзеге асырғысы келеді. Мұндай дағдайды талдау үшін екі графикті: монопсония үлгісін және кәсіподақтың монополиялық билігін біріктіру қажет.



W MCL


W2
SL


DL
E1
MR
W1


L1 L2 L3 L

Сурет 10.7 Еңбек нарығындағы екі жақты монополия моделі
Жетілген бәсеке жағдайында тепе-теңдік Е1 нүктесінде орналасады, жұмыспен қамтылғандар саны L3, еңбекақы мөлшерлемесі W3 болады. Монопсонист-фирма еңбекақыны W1 деңгейіне дейін төмендетуге тырысады және осы мақсатын жұмыспен қамтылғандар санын L3-тен L1-ге дейін азайту жолымен жүзеге асырғысы келеді. Кәсіподақ еңбекақыны W2 деңгейіне дейін көтеруге ұмтылады, бірақ бұл кезде жұмыспен қамтылғандар саны жетілген бәсеке нарығындағыдан төмен болады.
Екі жақты монополия нарығының моделі тәжірибе жүзінде сирек кездеседі. Соған қарамастан екі жақты монополия жағдайы кәсіподақтар мен кәсіпкерлер ассоциациясының арасында немесе кәсіпқой спорт саласында кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет