Пәнді оқыту мақсаты: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» курсы бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымның осы күйге жету жолын, эволюциясын тарихи салыстырма әдіс негізінде түсіндіруді міндет етеді. Сондықтан тарихи грамматика курсы сөздердің грамматикалық кластарға жіктеу тарихын, жеке грамматикалық категориялардың қалыптасу эволюциясын, дыбыстар жүйесінде болған тарихи өзгерістерді, олардың тілдің лексикалық қорына, грамматикалық құрылымына әсері тәрізді мәселелерді тексеруі керек.
Халықтардың қалыптасу дәуірінде, сондай-ақ даму барысында болып отырған әр түрлі экстралингвистикалық факторлар тарихи грамматика курсында белгілі бір грамматикалық категория әлде грамматикалық тұлғаның қалыптасу тарихын түсіндіретін қосымша дәлел ретәнде қаралады.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Қазақ халқының құрылу процесіндегі басты кезеңдер және ол процеске тікелей қатысы бар тайпалар, тайпалық одақтар бұрын-соңды зерттеулер, пікірлер қорытылып, ұзын-ырғасы анықталған материалдар қарастырылады.
Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымның даму жолын тарихи тұрғыдан түсіндіруде материал беретін басты көздер - түркі
халықтарының ежелгі дәуірлерден бізге жеткен мұралар тілі, қазіргі түркі тілдері және бүгінгі қазақ тілі материалдарымен таныстыру.
4. Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар:
Студенттер тіл тарихының қай мәселесі де, оның ішінде фонетикалық жүйе мен грамматикалық құрылым тарихы бүгінгі тіліміздің өз құрылымындағы тіл дамуының жаңа фазасының көрінісі мен ескі дәуір іздерін айқын ажыратып тануға негізделетінін білуі керек. Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.
5. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу
Достарыңызбен бөлісу: |