Пәнін меңгеру жөніндегі оқыту бағдарламасы (Syllabus)


Пәннің тақырыптық жоспары



бет4/25
Дата28.09.2023
өлшемі436 Kb.
#478923
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Күндізгі бөлім

Сыртқы бөлім

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

1

Кіріспе. Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы.

1

1

4







5

2

Лексика. Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі.

1

1

4

1

1

5

3

Өлі түбірлердің пайда болуы, лексика тарихының этимологиямен байланысы.

1

1

4

1




5

4

Басқа тілден енген сөздерлің сипаты. Кірме сөздердің лексика,
грамматика, фонетиканы дамытуға әсері және қазақ тілінде грам-матикалық, семантикалық, дыбыс-тық жағынан игерілу сипаты.

1

1

4

1

1

5

5

Сөз мағынасындағы өзгеріс. Тұрақты сөз тіркестерінің қалып-тасу тарихы. Лексиканың толығу жолдары.

1

1

4

1




5

6

Фонетика.Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі. Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.

1

1

4

1

1

5

7

Дауыссыз дыбыстар.Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.

1

1

4

1




5

8

Жеке дауыссыздардың қалыптасуындағы ерекшеліктер.
(анлаут позициясында қолданыла-тын, интервокал позициясындағы дауыссыздар, сингармонизм, асси-миляция дамуы)

1

1

4

1

1

5

9

Морфология. Морфологиялық құрылыстың дамуында ұшыраса-тын тілдік процестер, олардың сөздің морфологиялық құрамына әсері.

1

1

4

1

1

5

10

Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалар.
Сөз жасаудың қалыптасқан тәсіл-дері.

1

1

4

1




5

11

Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы. Септеу категориясының дамуы.

1

1

4

1

1

4

12

Синтаксис.Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері. Сөз тіркесінің дамуы.

1

1

4

1




4

13

Сөйлем құрамының дамуы. Жай сөйлемдердің түрлері.

1

1

4

1




4

14

Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.

1

1

4

1




4

15

Құрмалас сөйлемдердің жеке топтарының дамуында жазба тілдің рөлі.

1

1

4

1




4




Барлығы:

15

15

60

14

6

70



6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Тілдің тарихын зерттеудің көздері. Қазақ тілінің қалыптасу кезендері жайлы мәселе.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

  1. Тілдің тарихын зерттеудің көздері.

  2. Қазақ тілінің қалыптасу кезендері жайлы мәселе.

Тарихи грамматика деп аталатын ғылыми зерттеулер саласы және солардың негізінде қалыптасқан оқу пәні тілдің барлық салаларының (дыбыс, фонемалар жүйесі мен морфологиялық құрылымын, синтаксисі мен лексикасын) қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдары мен бағыттарын зерттеп түсіндіреді. Сөйтіп "тарихи грамматика" дейтін атпен тек грамматика емес, тарихи лексика мен тарихи фонетика да еске алынады. Тарихи грамматика пөнінің негізгі мақсаты — тілдің барлық салаларының да даму зандылықтары мен өзгеру бағдарларын айқындау болып табылады.
Тарихи грамматика тіл тарихы туралы жалпы білімнің бір саласы ретінде ұғынылады. Тарихи грамматиканың зерттейтін, түсіндіретін объектісі – күнделікті тұрмыстық қатынаста жасалатын сөйлеу тілінде ғана емес, бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Тарихи грамматика өз тұжырымын, өз қорытындысын нормаланған, жүйеленген әдеби тіл ескерткіштері негізінде де, халықтың сөйлеу тілі жүйелерінің өзгерістері мен даму заңдылықтары негізінде де айтады. Дегенмен, тіл тарихының бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты, бірінің қорытындылары екіншісінде өзінің орнымен қайталанып отырады. Сондықтан жазба ескерткіштер әдеби тіл тарихының объектісі болуымен қатар, тарихи грамматика қорытындысын дәлелдейтін дәйектеме де бола алады.
Тіл тарихы тарихи грамматика мен әдеби тіл тарихына ажырайтыны белгілі. Әдеби тіл тарихынан тарихи грамматиканың негізгі айырмасы — оның зерттеу, түсіндіру объектісінде. Тарихи грамматиканың зерттейтін, түсіндіретін объектісі - күнделікті тұрмыстық қатынаста жасалатын сейлеу тіліндегі ғана емес, бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Екінші сөзбен, тарихи грамматика өз тұжырымын, өз қорытындысын нормаланған, жүйеленген әдеби тіл (жазба түрінде де, ауызша түріңде де) ескерткіштері негізінде де, халықтың сейлеу тілі жүйелерінің өзгерістері мен даму зандылықтары негізінде де айтады. Дегенмен, тіл тарихының бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты, бірінің қорытындылары екіншісінде өзінің орнымен қайталанып отырады. Мәселе мынада: әдеби тіл тарихы жазбаша қалыптасқан әдеби тілдің даму жолдарын, оның нормалар жүйесін, әр кезең, дәуірдегі өзгерістерін қарастырады. Ондай өзгерістердің түрлерін, сөз иіндерін (стильдерін) қалыптастыру, дамытудағы ролін де назардан тыс қаддырмайды. Қысқасы, әдеби тіл тарихы зерттейтін жазба әдеби тіл де сөйлеу тілі тәрізді қоғамның қатынас құралы қызметін атқарады. Әдеби тіл халықтың ауызекі сөйлеу тілі негізінде қалыптасады, кейінгі дамуында бұлар бір-бірімен тығыз байланыста, тығыз қатынаста болып отырады. Соның салдарынан олар бір-біріне өзара ықпал жасайды. Сондықтан да жазба ескерткіштер (жазба әдеби тіл ескерткіштері) әдеби тіл тарихының объектісі болумен бірге, тарихи грамматика қорытындысын дәлелдейтін дәйектеме де бола алады. Оған себеп, әдеби тіл тарихы жазбалар тіліңдегі өзгерістерді айқындап, жазба тіл салаларының даму бағытын белгілейді. Ал тарихи грамматика болса, жазылып қалған (жазу қолдана бастаған дәуірлердегі) ескерткіштер тілін ғана зерттеп қоймайды, жазу қолданғанға дейінгі көне дәуірлерде қолданыс тапқан тілдің сипатын баяндауға, жобалауға ұмтылады. Сондықтан тарихи грамматика өз зерттеулерін бүгінгі тілдің фактілеріне талдау жасаудан бастайды да, сол талдаудан алынған қорытындылар негізінде өткен дәуірлерге үңіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет