Пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып



бет16/25
Дата22.08.2023
өлшемі170.83 Kb.
#476170
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
ТЖБ 10 сынып жаратылыс тану казак тили

мәтін


Еуропа елдерінде халықтың 98 пайызға жуығы сақтандыру компанияларына өмірін сақтандырып қойған. Ал статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін сақтандырған адамдар саны 2 пайызды ғана құрайды. Бір қызығы, адамның өте сирек кездесетін, әсіресе, иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалы, спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді.
Ал еліміздің қарапайым халқы өз өмірін сақтандырудың тиімділігі туралы біле ме? Өмірді сақтандыру компаниясының негізгі мақсаты – денсаулыққа зақым келген жағдайда оны емдетуге қаржылай көмек беру және сол адам кенет о дүниелік болып кетсе, табысына тәуелді адамдардың өмірін қаржылай қамтамасыз ету. Алайда заң бойынша өмірін сақтандыра алмайтын тұлғалар да бар. «Халық лайф» өмірді сақтандыру компаниясының
операторларының сөзіне сенсек, зейнеткерлер, мүгедектер және нашақорлар мен алкагольді ішімдік тұтынатын тұлғалар, психологиялық аурумен ауыратын және бұрын қамауда болған қылмыскерлер өмірлерін сақтандыра алмайтын болып шықты. Олардың үлесі 0,29 пайызды құрайды.
Егер өміріңізді он миллион тенгеге сақтандырсаңыз, жылына жоғарыда айтқан пайызды, нақтырақ, 29 мың теңге төлейсіз. Алайда өміріңізді 10 миллионға сақтандырғаныңызбен, алдағы уақытта оқыс жағдай орын алғанда, ол соманың барлығы төленеді деген сөз емес. Өйткені, компания ең алдымен қандай жағдай болғанын анықтап, өздерінің белгіленген пайызымен бағалай келе, нотариус арқылы түзілген құжатпен отбасыңызға немесе туыстарыңызға сақтандыру сыйақысын төлейтін болады. Еліміздегі сақтандыру компанияларында 18-ден 63 жасқа дейінгі кез келген азамат өмірін 300 миллион теңгеге дейін сақтандыра алады.


Оқылым


Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]


А мәтіні


Жаһандандық байланыстар біздің елге де өз ықпалын тигізуде. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – «жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба?» деген сауал. Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз батыстан нені алуымыз, нені алмауымыз керек? Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі – ғылыми–техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алумызға болады. Тіпті, ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге керек емес, себебі батыс дүниетанымы өмірдің қызығын бұрмалап, қоғамымызға түнгі клубтар, нашақорлық т.б. көріністерді енгізуде. Бұл, әсіресе, жас буынның санасын улап жатыр. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Егер жастарымыз осындай жеңіл түсінікке ұрынса, онда мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Ұлтымыздың болмысына біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл – мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениеттің болу шарты әрі ең жоғары құндылығы. Қазір ғаламдық тіл санатына романдық тілдер тобы, нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі сақадай сай дайын тұр. Ендеше, жөргегінде тұңшыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы. Біз қатарлы жастардың негізгі мақсаты – ана тілімізде сөйлеу арқылы оның өміршеңдігіне қол жеткізу. Сол арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік халық ретінде жол тарту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет