Пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері», «Адам өмірін сақтау», «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері» бөлімдері Тыңдалым және айтылым Тапсырма Мәтінді басшылыққа ала отырып, көпшілік алдында сөз сөйлеңіз. Ол үшін мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды, тақырыпқа қатысты қажетті сөздер мен тіркестерін мазмұндауда қолданыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10] мәтінҚазіргі кезде жаһандану мәселесіне ерекше назар аударылуда. Әлеуметтік- гуманитарлық білім жаһандану үрдісінің жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеп, методологиялық және танымдық, аксиологиялық тұрғыдан ой қорытуда. Жаһандану үрдісінің экономикалық, саяси, әлеуметтік, ақпараттық, мәдени астарлары терең зерделенуде. Бұндай қарқынды және жүйелі зерттеулер, әсіресе, ХХІ ғасырда кеңінен етек алып отырғанын атап өткен жөн. Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, әлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар әкелуде. Жаһанданудың басты типтік және сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы экономикалық-шаруашылық, сауда-қаражаттық, мәдени, ақпараттық байланыстармен өзара әрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен тауар, капитал, жұмыс күшінің интернационалдық сипат алуын, трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жатқызуда. Сонымен қатар қазіргі қоғамдық даму тенденциясына сай келетін белгілі бір сипаттағы идеологиялық ұстаным, нарықтық экономика, демократиялық сипаттағы әлеуметтік-саяси жүйе, дүниетанымдық плюрализм, конституциялық тұрғыда бекітілген адам құқын қамтамасыз ететін институциялық тетіктер, мемлекетаралық және мемлекеттен жоғары тұратын саяси және құқықтық институттар құруды жаһандану үдірісінің басты көрсеткіштері ретінде қарастыруда. Жаһанданудың экономикалық, саяси көрсеткіштерімен қатар, мәдени көрсеткіштеріне де ерекше назар аударылуда. Кейбір ғалымдардың пікірінше, жаһанданудың мәдени бөлімі жоғарыда аталған көрсеткіштердің негізгісі және «локомотиві», басқа салаларды анықтаушы күш ретінде танылуда. Ю.М.Лотман бойынша «мәдениет — биосфера тәрізді құрылымның генераторы, осынысымен ол адамдар айналасында әлеуметтік саланы құрайды, өмір сүруге жағдай туғызады, бірақ ол органикалық емес, қоғамдық». Шындап қарасақ, жаһанданудың негізінде белгілі бір сипаттағы құндылықтар, мәдени ұстанымдардың жатқаны белгілі. жүктеу/скачать 170.83 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |