Пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі Тыңдалым және айтылым Тапсырма Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі ақпараттарға мұқият мән беру арқылы түртіп алып, мазмұндауда қолданыңыз, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеңіз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10] мәтінТамыры тереңде жатқан сәулет өнерінің орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерінде де пайда болуы мәдениетіміздің озық үлгісі болып танылды. Орта ғасырда сәулет өнері дамыды. Төрт қабырғалы, өзіне тән ою-өрнектерімен безендірілді. Мысалы, Бабаджа хатун кесенесі («Айша Бибі» кесенесі Тараз қаласы маңында). Көшпенді халық өзіндік сәулет ағымын өмірге әкелген. ІХ–XІV ғ. ғажайып қала құрылысын жаппай өркендетті. Кезінде шартарапқа әйгілі болған Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолының бойында бой көтеріп, талай ел саяхатшыларының таңдайын қақтырған. Ірі мәдени орталықтары болған қазақ жері сәулет өнерімен де әлемге белгілі болып отыр. 1994 жылы 6 шілдеде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды. 1997 жылдың 10 желтоқсанынан Ақмола Қазақстанның астанасы. 1998 жылы 6 мамырда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылдың 10 маусымында ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы өтті. 2002 жылы Еуразияның кіндігі - Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған “Астана-Бәйтерек” монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес. Монументтің биіктігі – 105 метр. Мұнда көркем галерея, үлкен аквариум, мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория алаңы бар. “Хан Шатыры” сауда ойын-сауық орталығы 2010 жылы шілденің 5-жұлдызында ашылды. Президент сарайынан бастау алған Бас қаланың ғажайып ғимараты Астана қаласының жаңа орталығының кіндігінде орналасқан. “Хан Шатыры” бірегей кешені жобасының авторы - танымал, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Жобаның ерекшелігі оның ішкі климаты ғимараттағы қазіргі заманғы автоматикалық құралдар арқылы қадағаланатынында болып отыр. жүктеу/скачать 170.83 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |