Пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып



бет23/25
Дата22.08.2023
өлшемі170.83 Kb.
#476170
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
ТЖБ 10 сынып жаратылыс тану казак тили

мәтін


Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа Акрополь салынды. Римнің таңқаларлық құрылыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында
салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы – Париждегі Нотр-Дам соборы. Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – ХІІІ ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212–1311) соның дәлелі. Собордың бір де бір бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс стилі XV ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей, айнала кеңістікке етек жайды.


Оқылым


Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]

Әлемнің жеті кереметі. Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келді. Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің, өкінішке қарай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол – пирамидалар, яғни ежелгі Египет патшалары – перғауындардың (фараондардың) тастан қаланған сағаналары (табытханалары). Египеттің астанасы Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар, яғни пирамидалар. Ең үлкені Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147 м, бұдан 5000 жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан 2 метрдей аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны «Үрей атасы» деп кеткен. Әлемнің ендігі бір кереметі – Семирамиданың аспалы бағы, ол ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы – Вавилонда болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда бұл бақты патшайым Семирамида салдырса керек. Ал шындығында ол біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда II Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған. Ол өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерілген жасанды алаң үстіне салдырады. Сарай алаңына көтерілетін алты тепкішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен (аркада) көркемделіп, топырақ төселген әр тепкішекке жайқалған бақ орнатылған. Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шығырды күні-түні айналдырып, аспалы баққа Евфрат өзенінен су шығарған.





  1. Мәтіннің құрылымын қанша бөлікке бөлуге болады?

    1. 1

    2. 2

    3. 3

    4. 4

[1]



  1. Мәтінде Египеттің көшбасшылары қалай аталады? А. египеттіктер

В. патшайым С. перғауындар
D. ырымшыл жандар

[1]


  1. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін атаңыз.

[2]




  1. Мәтіндегі 1 стильдік ерекшелігі мен 2 тілдік ерекшелігін анықтаңыз.




Стильдік 1 ерекшелігі

Тілдік ерекшелігіне 2 мысал

1.

1.
2.

[3]



  1. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.

[3]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет