Пәнінен Оқу әдістемелік кешен



бет37/41
Дата11.06.2016
өлшемі2.66 Mb.
#127531
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
ОБСӨЖ мазмұны:

Микроорганизмдер әлемі өте бай және әр қилы. Олар топырақта, суда, және ауада кең тараған. Микроорганизмдердің табиғатта өтіп жататын көптеген өзгерістерге тікелей қатысы бар. Олардың белсенді әрекетінің жануарлар мен өсімдіктердің күрделі органикалық заттарға бай өлекселері, қалдықтары минералды қосылыстарға айналады. Ол қайтадан табиғаттағы заттар айналымына енеді. Қазір ғылымда бүкіл микробтар дүниесінің он-ақ проценті белгілі. Ал қалғандарын тауып, олардың пайдалы жақтарын адам баласы игілігіне кеңінен қолдану, зиянды түрлерімен тиімді жолдармен күресу - микробиология ғылымының бүгінгі таңдағы төл ісі.

Бактериялардың негізгі формалары. Сыртқы пішіміне қарай бактериялар үш топқа бөлінеді. Олар шар тәріздер, таяқша тәріздер және ирек формалар.

Шар тәрізделерді коккалар деп аталады. Коккалардың өзі өзара орналасқанына қарай бірнеше топқа бөлінеді.

1. Екі – екіден арпаласса – диплококкалар деп аталады.

2.Стрептококкалар – клеткалар өзара тіркескен моншақ тәрізділер.

3.Сарциналар – жүзімнің орналауы сияқты шоқ-шоқ болып орналасады.

Таяқша тәрізді формалар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшынан пішіміне, спораларының түзілуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

Спора түзетіндерін- бациллалар , ал түзбейтіндерін бактериялар да. Таяқша тәрізді бактериялар да орналасу тәртібіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

1. Диплобациллалар және диблобактериялар – екі екіден орналасқан

2.Стрептобактериялар – клеткалары моншақ тәрізді орналасқан таяқша бактериялар

1 класс Firmibacteria



1-топ грамм оң бактериялар. Бұларға Mycrococcaceae, Stuptococaaceae, және Peptococeaceae тұқымдастары жатады.

Stuptococeaceae тұқымдасына Stuptcoceus, Zeuconastoe, Pediococeus, Aerococcus және Gemella жатады.

peptacoccaceae тұқымдасы төрт туыстан Peptococeus, Pepto-Stutococeus, Ruminococous, және тұрады.

Клеткалары бір-бірден, қос-қостан, шынжырша тәрізді немесе пакет сияқты төрт-төрттен орналасқан – қозғалмайды, спора түзбейді, хелоорганитрофтар. Кейбір өкілдері қантты ашытады, анаэробтар топырақта, өсімдікте, адам мен жануарлар ішек қарындарында кең таралған.



2-топ. Эндоспора түзетін таяқша тәрізділер және коккалар. Бұл топқа жататын организмдер төрт туыстан тұрады. Олар: Bacillus, Sporolactoacillus clostridium, Desulfotomaculum және Sporosarcina жатады.

3-топ Эндоспоралар түзбейтін, Грамм оң таяқша бактериялар. Бұл топқа жататын бактериялар Lactobaccilaceae деп аталатын бір – ақ тұқымдастан тұрады.
Тест тапсырмалары:

1. Спора түзетін бактерияларды қалай атайды?

А. Стрептококкалар

Б. Сарциналар

В. Стафилококкалар

Г. Бациллалар

Д. Бактериялар

2. Шар тәрізді бактериялар

А. Диплобациллалар

Б. Бациллалар

В. Стрептококкалар

Г. Микобактериялар

Д. Аталғандардың барлығы

3. Үтір тәрізді бактериялар

А. Спираллалар

Б. Спирохеталар

В. Микобактериялар

Г.Вибриондар

Д. Диплококкалар

4. Клетка қабығы неден тұрады?

А. Капсулалар

Б. Зооглеядан

В. Шырышты заттардан

Г. Цитоплазмадан

Д. Ядродан

5. Қанты мол ортада шырыш қабықшалар қалыңдап не түзіледі?

А. Цитоплазма

Б. Ядро


В. Муреин

Г. Капсула

Д. Клетка қабықшасы

6. Бактерия клеткасын бояуды ұсынған ғалым

А. Л. Пастер

Б. Грам


В. Р.Кох

Г. И.Мечников

Д.Н. Виноградский

33 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Судың микрофлорасы. Мұхит және теңіз микрофлорасы. Суларды тазалау.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Су микрофлорасының ерекшеліктері.

2. Микроорганизмдердің суда таралуы.

3. Ластанған судың биологиялық жолмен тазаруы.


ОБСӨЖ мақсаты:
Микроорганизмдердің суды тазалауда маңыздылығымен, олардың теңіздерді және мұхитттарды тазалау жолдарына толық мәлімет беру.

Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

1. Гусев М.В., Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

2. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

3. Кратки определитель бактерий Берги.-М.: Мир, 1980.

4. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

5. Дарқанбаев Т.Б.,Шоқанов Н.Қ. Микробио-гия және вирус-я негіздері. А, Қайнар, 1982.

6.Шоқанов Қ.Н. Микробиология. Алматы, “Санат”,1997.


  1. Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

  2. Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.

б )қосымша әдебиеттер

  1. Аристовская Т.В. Микробиология процессов почвообразования. –Л.: Наука,1980.

  2. Биотехнология.-М.: Наука,1984.

  3. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  4. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

  5. Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.
ОБСӨЖ мазмұны:

Табиғатта кездесетін су – бактериялармен саңырауқұлақтардың екінші тіршілік ортасы болып есептеледі. Суға әрқашан күн сәулесі әсер еткенмен Микроорганизмдердің өніп өсуі үшін аса қауыпты емес. Микроорганизмдер қалыпты тіршілік ету үшін, суда қажетті қоректік заттар жеткілікті мөлшерде болуы керек. Суда органикалық заттар көп болса бактерияларда соғұрлым көп болады. Бактериялар санының өзгеріп отыруы судағы органикалық заттың мөлшеріне, су риякциясының (рн) және басқа жағдайларға байланысты.

Өзен суына қарағанда оның түбіндегі балшықтар бактерияларға байырақ келеді. Өзеннің жай жеріндегі бір гарам құрғақ балшықты 2250 мл бактерия кездеседі, ал суы ағымды жердің балшығында олардың саны 470 мл жетеді. Жауыннан кейін бактериялар саны көбейіп кетеді. Егер, жауынға дейін судың 1 мл-де 8 бактерия кездессе, жауыннан кейін оны саны 1223 жетеді. Күн ашық кезде керісінше болады. Жағада 1000 метр қашықтықта ашық күндері 1 мм суда 28 бактерия кездессе, бұлынғыр бұлытты күндері олардың саны 1229 жетеді. Бактериялар саны судың беткі қабатынан түбіне дейінгі тереңдікте бірдей болмай өзгеріп отырады. Теңіз балшығы бактериялға өте бай келеді. Б.С.Буткивичтің зерттеуіне қарағанда 225 м тереңдікте жатқан балшықтың 1г 367,4 млн бактерия кездеседі. Әрбір грамм балшықтағы олардың салмағы 0,3 мг тең болады. Б.Л.Исоченканың солтүстік мұзды мұхиттағы Микроорганизмдерді зерттеу жұмыстарыбактерияларды жоғарыдан едәуір қашықтықта және әжептеуір тереңдіктеде де кездесетіні дәлелденді.

Жалпы теңіз суларында 2-3 % ас тұзы бар. Осындай ортада жақсы тіршілік ететін бактериялар тобы болады. Кейбір зерттеулерге қарағанда теңіз бактериялары 0,6 % ас тұзы бар ортада да тіршілік ете алатыны анықталады. Бұларды тұз телерантты бактериялар деп аталады. Мұнымен қатар голофилмді микоорганизмдерде де тұзды едәуір көп концентрациясында тіршілік ете алады. Теңіз суының бактерияларға жойқын, яғни бактерицидтік әсерінің зор маңызы бар. Мысалы, теңіз суы басқа судан бөлініп алынған бактерияларды жарты сағат ішінде қырып жібере алады. Ауасы шаң-тозаңсыз жерде жауған жауын суында және қарда бактериялар өте аз болады. Бұлардың 1 мм бар жоғы оншақты бактерия кездеседі. Ал, ауасы лас, шаң-тозаңды қалаларда жауған жауын суында немесе қарда бактериялар көп болады. Тұрмыста қолданылып жүрген құбыр суында да бактериялар кездеседі. Артезион суын сүзбеседе бактериялар өте аз болады. Мысалы, ауыз су түрлі өзендерден алынатын болса, ондай суды алдын-ала арнаулы сүзгіден өткізу керек. Сүзгіден өткен суда бактериялар саны азда болса кемиді.

Қабылдаған шама бойынша 1мл де 100 жуық бактериялар болса, ондай су жақсы, ішуге жарамды болып есептеледі. Ағын судағы бактериялар саны да өзгеріп отырады.

Ластанған судың биологиялық жолмен тазаруы.

Қандайда болмасын судың өзіндік биологиялық «қауымы» болады. Бұл организмдер қауымы тұрақты болады, қайта орта жағдайларына сәйкес өзгеріп отырады. Сондықтанда олар орта жағджайларына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Олар судағы органикалық заттардың өзгеруіне байланысты басқа организмдер мен алмасып отырады. Осыған сайкес әрбір судың ластану дәрежесі, анықталады, яғни олар жеке спорттың сапробтық аймақтарға ажыратылады. Осы спорттық аймақтарға қарай отырып, ондағы тіршілік жағдайларын анықтауға болады. Мұнда сапробтық деп белгілі бір дәрежеде минералданған және қажетті концентрациялы органикалық заттары бар, белгіілі бір организмдер ғана тіршілік ететін судың жинақталған физиологиялық ерекшеліктерін айтады. Осы ерекшеліктерге кез келген суда сапробтық аймақтардың белгілі бір ретпен алмасып отыратынын байқау қиын емес.



1. Полисапробтық немесе өте ластанған аймақ. Мұндай су өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарына бай келеді. Суда белок, еріген қанттар, пектин заттары, клечатка және басқада қосылыстар көп болады. Осы аймақта анаэроттық шіру процесі өте күшті жүреді. Әрине, тіршілік ететін организмдер де органикалық заттардың көп мөлшеріне, олардан бөлінетін көмір қышқыл газына, метанға, күкіртсутекке аса төзімді болады. Айтылған белок, клечатка заттары бұл аймақта шіру процесіне ұшырайды. Оттек болмайды. Сондықтан да мұнда анаэробты бактериялар көп. Мәселен, 1мл суда 1 млн-ға жуық бактериялар кездеседі.

2. Мезасапробтық аймақ. Бұл аймақта органикалық заттардың менералдануы тоқтамай жүре береді. Бірақ мұндағы белок заттарымен углевоттар құрам бөліктеріне ажыраған күйінде болады. Сондықтанда да тотығу процесі жүріп жатады. Әсіресе, аммиактың азот қышқылына дейін тотығуы өте қуатты жүреді. Органикалық заттардың қалғаны көмір қышқылына айналады. Судың бұл аймағының 1мл – нен 100 мыңдай бактерияны кездестіруге болады.

3. Олигосапробтық аймақ. Ол органикалық заттарға кедей, тірі организмдері өте аз, таза су. Бұл аймақтағы судың 1 мм – де 10- 1000 дейінгі бактериялар болады. Аммиак азот қышқылына, күкірт сутектің күкірт қышқылына тотығуы аяқталады. Аймақтың ерекшелігі – онда темі (II) огсидінің темір (III) гдрооксидіне айналу процесі жүреді. Тотықтыру процесін жүргізетін – темір бактериялар. Сондықтанда бұл аймақтың негізгі көрсеткіші болып есептеледі.
Бақылау сұрақтары:

1. Полисапробтық немесе өте ластанған аймақ?

2. Мезасапробтық аймақ?

3. Олигосапробтық аймақ?

4. Ластанған судың биологиялық жолмен тазаруы?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет